Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет154/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   490
Байланысты:
index (15)

Орта  есеппен,  бір  өсімдікке  келетін  өркендер  (сабақтар)  санын 

жалпы түптену деп атайды.

 

Астық  дақылдарының  түптену  дәрежесі  көп  жағдайларға  ең 



алдымен  дақыл  мен  сорттың  ерекшеліктеріне  байланысты  күшті 

өзгереді.  Күздік  дақылдар  әруақытта  жаздықтарға  қарағанда  күштірек 

түптенеді.  Жаздық  дақылдардың  ішінде  сұлы  мен  арпа  бидайға 

қарағанда  жоғары  түптенуімен  ерекшеленеді.  Жаздық  бидайдың  кеш 

пісетін сорттары барынша жоғары дәрежеде түптенуге бейімірек. 

Түптену  деңгейі  қоректену  және  ылғалдану  жағдайларына 

байланысты да өзгереді. Құнарлығы және ылғалдылығы жоғары (0-20 см 

топырақ қабатында – 25-30 мм сіңімді ылғал қоры) топырақтарда жақсы 

өңделген  жағдайда  түптену  барынша  қарқынды  жүреді,  әрі  орташа 

мөлшердегі температура (10-12°С) ол үшін қолайлы деп есептеледі. 

Түптенудің  биологиялық  мүмкіндігі  зор.  Қалыпты  өсіру 

жағдайларында  олар  толық  байқала  қоймайды.  Астық  дақылдарының 

бірінші тобы 3-5 өркен  (сабан), кейде 10-15 данаға жетеді, өте қолайлы 

жағдайлар  қалыптасқанда  жекелеген  өсімдіктер  30-40  өркенге  дейін 

түзеді.  Алайда  ондай  өркендердің  негізгі  бөлігі  ерте  кезеңдерде,  опат 

болады немесе гүл шоғырын өте кеш береді. 



Бір  өсімдікке  шаққандағы  қалыпты  дамып,  піскен  гүл  шоғыры 

(масағы) бар сабақтар санын өнімді түптену деп атайды.

 

Астық  дақылдарының  өнімді  түптенуі  әдетте  жоғары  емес. 



Мәселен,  Қазақстанда  өсірілетін  жаздық  бидайдың  өнімді  түптенуі  жиі 

түрде  1,1-1,5  деңгейінде,  кейде  бірден  төмен  және  сирек  жағдайда  2,0 

және одан жоғарырақ болады. 

Түптену  астық  дақылдары  тіршілігіндегі  жауапты  кезең.  Жақсы 

түптенудің  маңызы  зор:  бұл  жағдайда  үлкен  ассимиляциялық  жапырақ 

беті  қалыптасады,  көп  мөлшерде  түйін  тамырлары  түзіледі,  ал  олар  өз 

кезегінде  қуатты  тамыр  жүйесін  қалыптастырады;  оның  үстіне 

масақтану  (шашақтану)  кезеңіне  жететін  бүйір  өркендері  қосымша 

астық  өнімін  береді;  түптену  кезеңінде  сонымен  қатар  жаздық  астық 

дақылдарында гүл шоғырларының қалыптасуы жүреді (масақ, шашақ). 

Жақсы  түптенген  егістік  айтарлықтай  шамада  болашақ  өнімді 

анықтайды,  алайда  бүйір  өркендердің  көптігі  қосымша  ылғал  мен 

қоректік  заттарды  қажетсінеді.  Түптену  кезеңінде  қолайлы  жағдайлар 

қалыптасса,  кейіннен  көп,  масақшасы  мен  ірі  масақ  (шашақ)  түзіледі. 




 

165 


Әрине,  өнім  деңгейі  өсімдіктердің  түптену  кезеніңдегі  өсіп-даму 

ерекшеліктеріне  ғана  емес,  кейінгі  кезеңдеріне  де  тікелей  байланысты. 

Дегенмен  өнім  негізі  масақ  (шашақ)  –  түптену  кезеңінде  қаланады, 

сондықтан  осы    уақытта  астық  дақылдары  тіршілігіне  қажетті  барлық 

жағдайлармен барынша толық қамтамасыз етілуі керек. 

Әлсіз түптенгенде ұсақ масақ түзіледі де астық өнімі төмен болады. 

Жаздың  бірінші  жартысы  өте  қуаңшылықты  және  кеш  жауған  жауын-

шашынды  жылдары  өсімдіктер  кеш  түптенеді  де  сабан  өркен  дамиды 

(масақты  өркендер  кеш  пайда  болады).  Ал  сабақ  өркен  (подгон)  егін 

жинауды өте қиындатады. 



Астық  дақылдарының  генеративті  кезеңі  түтікке  шығудан 

басталады. 

Түтікке  шығу  кезеңі  түптенудің  соңынан  басталады.  Бұл 

кезеңде қысқа буын аралықты ұрықтық гүл шоғыры бар ұрықтық сабақ 

ұзара  түседі  де  жапырақ  түтікшесінің  ішімен  жоғары  қарай  көтеріледі. 

Ең алдымен, төменгі буын аралығы өсіп ұзара бастайды, оның соңынан 

төменнен  екінші,  үшінші  және  одан  кейінгілер  дами  бастайды.  Бір 

мезгілде  гүл  шоғыры  да  дамиды:  үшінші  дәрежедегі  өсу  конусы 

салынады,  сонынан  жатын  мен  аналықтар  қалыптасады.  Ересек 

өсімдіктерде ең қысқа буын аралығы төменгі, ал ең ұзын буын аралығы 

жоғарғы бөлігінде дамиды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет