Өнімділік құрылымы.
Астық өнімі дәнді дақылдардың бүкіл
биомассасының белгілі бір өнімділік бөлігін сипаттайды (айқындайды).
Әдебиеттерде келтірген деректер бойынша жаңа сорттардың
жоғары шаруашылық өнімі тиісті жер үсті биомассасының динамикасы
мен құрғақ заттардың үнемді бөлінуіне байланысты биологиялық
өніммен оң корреляция қалыптастырады.
Кез-келген өнім дақыл мен сорттың генетикалық табиғатына сәйкес
кешенді бір-бірімен байланыстағы қоршаған орта жағдайларына
өсімдіктердің реакциясымен анықталады.
Астық өнімі үш негізгі компоненттермен (көрсеткіштермен)
анықталады:
-бір өлшем алаңдағы өнімді сабақ санымен,
-гүл шоғырының дәнділігімен,
-1000 дәннің массасымен.
Астықтың биологиялық өнімі (Ө
б
, т/га) мына формула бойынша
анықталады: Ө
б
= Ө
с
• Д • А:10000,
мұнда: Ө
с
- өнімді сабақ саны, дана/м
2
;
Д – гүл шоғырындағы дән саны, дана;
А – 1000 дәннің массасы,г;
10000 – 1 гектерға аудару коэффициенті.
170
Өнімді сабақ (масақ, шашақ) санына төмендегідей факторлар әсер
етеді:
- бір өлшем алаңдағы өсімдік саңы, - түптену өнімділігі.
Бір өлшем алаңдағы (егістегі) өсімдік саны мыналарға тәуілді:
- тұқымдық материалдың биологиялық толыққұндылығына
- тұқымның себу мерзімі мен мөлшеріне, сіңіру тереңдігіне
- өсіп-жетілу кезеңіндегі метеорологиялық жағдайларға
Түптену өнімділігіне әсер ететін факторлар:
- сорттық ерекшелік,
- өсіп-жетілу кезеңіндегі метеожағдайлар,
- қоректену ерекшеліктері,
- өсіру технологиясы,
- өсімдіктердің жарақаттануы.
Гүл шоғырының дәнділігіне әсер етеді:
- масақтың (шашақтың) өнімділік потенциалы,
- гүл шоғыры мен оның құрам бөліктерінің қалыптасу және гүлдену
кезеңдеріндегі метеожағдайлар.
Дәндердің массасына
:
- сорттық ерекшеліктері,
- дәннің қалыптасу кезеңінің ұзақтығы мен осы кезеңдегі метео-
жағдайлар,
- аурулар мен зиянкестер.
Өнімділік құрылым элементтері рет-ретімен (динамикада)
төмендегіше қалыптасады:
- көктеу кезеңінде бір өлшем егістік алаңында белгілі-бір мөлшерде
өсімдік саны қалыптасады, ал ол ең алдымен себу мөлшері мен көктеу
кезеңіндегі метеожағдайларға байланысты өзгереді;
- түптену кезеңінде әрбір өсімдік бұта түзеді және белгілі бір
мөлшерде бүйір өркендерін (сабақтарын) қалыптастырады;
- түтікке шығу – масақтану кезеңдерінде гүл шоғыры қалыптасады,
ал гүлдену кезеңіндегі жағдайлар гүл шоғырының дәнділігіне әсер
етеді;.
- дәннің толысу кезеңінде өнімділік көрсеткішінің бірі – дәннің
массасы қалыптасады.
Алайда өсіп-дамудың әр кезеңінде қалыптасқан өнімділіктің
элементтері ылғи да сандық тұрғыда бір қалыпта қалмайды, өнімділік
элементтері сандық редукцияға (өзгеріске) ұшырайды.
Көрсетілген кезеңдердің рет-ретімен өтуі және өсімдіктер
арасындағы бәсеке (конкуренция) кейінгі кезеңдерде алдыңғы
кезеңдерде кеткен олқылықтарды толықтырады және нәтижесінде
өнімді тұрақтандырады..
Дәнді дақылдардың өнімін басқару - өнімділік құрылым
элементтерінің барлығының көрсеткіштерін мүмкіндігінше жоғарылату
мақсатында өсімдікке әсер ету. Есте ұстайтын жәйт, өнімділік құрылым
171
элементтерінің маңызы әртүрлі және оларға әсер ету мүмкіндігі де
бірдей емес.
Агротехникалық шаралармен сабақ бітіктігінің жиілігіне оңай әсер
етуге болады. Масақтың дәнділігі мен дәннің массасына қандай да бір
тәсілмен әсер ету қиынырақ. Мұны жаздық бидай мысалында
қарастырып көрейік.
Жаздық бидайдан жоғары өнім алудың басты шарты – айтарлықтай
толық өсімдік жиілігін қамтамасыз ету. Көптеген анықтаулар
көрсеткендей өндірістік жағдайда егін өнімі 4-тен 30 ц/га дейін
өзгергенде өнімділік құрылым элементінің бұл көрсеткіші кең алқымда
өзгеріп 70-100-данадан 400-450 дана/м
2
немесе 4-5 есе өзгереді.
Өнімділік құрылымның басқа элементтері айтарлықтай деңгейде аз
өзгереді. Масақтағы дән саны әдетте 2,0-3,5 еседен артық өзгермейді, ал
1000 дәннің массасы одан да төмен мөлшерде өзгереді, әдетте 1,5 еседен
аспайды. Осыдан-ақ түсінікті, неліктен өсімдіктердің бітіктілік жиілігі
мен өнімнің арасындағы тығыз байланыс байқалатыны. Ол байланыс
егістік тым жиі болғанда бұзылады, өйткені бір жағдайда өсімдіктердің
ылғал және қоректік заттармен жеткіліксіз қамтамасыз етілуінен, ал
басқа жағдайда - өсімдіктердің егістікте жапырылып қалуына
ұрындырады. Бірінші және екінші жағдайда да егістіктің шектен тыс
жиілігі өнімнің төмендеуіне әкелетін жағымсыз фактор.
Дәнді дақылдардан мол өнім алу жолында бірінші кезекте оңтайлы
егістік жиілігін жасауға күш салған жөн. Сабақ бітіктігінің жоғары
жиілігін Солтүстік Қазақстан жағдайында өнімді түптену есебінен алуға
болмайды. М.Қ. Сүлейменовтың деректері бойынша (1985) әртүрлі
жаздық бидай сорттарының өнімді түптену коэффициенті 1,1-1,5
деңгейінде өзгерді. Барынша жоғары ол көрсеткіш кеш пісетін сорттарда
болды.
Оңтайлы егістік жиілігін алу үшін агротехникалық шаралардың
барлығын пайдаланған абзал, ал олар тұқымның толық мөлшері мен
жоғары танаптық өнгіштікті қамтамасыз етуге тиіс.
Масақтағы дән саны ең алдымен дәнді дақылдардың түптенуі
қандай жағдайларда өткендігіне байланысты, өйткені бұл мезгілде
масақтың қалыптасуы аяқталады. Алайда масақтың дәнділігі, сөз жоқ,
өсімдіктердің кейінгі даму жағдайларына да тәуелді. Ылғал жеткіліксіз
болғанды немесе өсімдіктердің қоректенуі күрт бұзылғанда масақтағы
бірқатар масақшалар дамымай қалуы мүмкін және нәтижесінде дәнділік
төмендеп
кетеді.
Гүлдену
кезеңіндегі
қолайсыз
жағдайлар
(құрғақшылық, жоғары және төмен температуралар, жапырылу ж.б.)
толық ұрықтанбауға ұрындырады, масақтағы дән санын азайтады.
Дәннің массасы да өсімдіктің даму кезеңіндегі жағдайларға
байланысты өзгереді. Ірі толық дәндер толысу кезеңінде қоректік заттар,
ылғал, жылумен өсімдіктердің қажетсінуін толық қамтамасыз еткенде
және толысудың қалыпты жүруі аңызақпен, төменгі температуралар мен
бозқырау, ылғалдың көптігі, аурулар мен зиянкестер ж.б. бұзылмаса
172
қалыптасады. Аталған сыртқы қолайсыз жағдайлар толысуға теріс әсер
етпеу үшін немесе олардың әсерін біршама азайту жолында жоғары
агротехниканы қолданған дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |