Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет159/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   490
Байланысты:
index (15)

3.2  Жаздық астық дақылдары 

 

ЖҰМСАҚ БИДАЙ 

 

 

Бидайдың  жалпы  сипаттамасы.



 

Бидайдың  шыққан  жері  - 

алдыңғы  Азия  орталығы  -  қазіргі  Иран,  Аравия  аумақтары.    Бұдан 

бидайдың  18  түрі,  оның  ішінде  жұмсақ  бидай  тараған.  Жерорта  теңізі 

орталығынан (Греция, Италия) қатты бидай шыққан.  

 

И.С.  Сүлейменовтың  (1973)  қорытындылауынша  Қазақстанда 



Семей маңында бидай суармалы жерлерде 1834 ж. өсіріле бастады, XIX 

ғасырда  ол  қазіргі  Қостанай,  Ақмола  ж.б.  облыстар  аумақтарында 




 

173 


себілген,  ал  XX  ғасырдың  басынан  республикамыздың  барлық 

жерлерінде өсірілуде. 

 

Бидайдың дүние жүзіндегі егіс  көлемі 220 млн га шамасында, екпе 



дақылдарының ішінде ол бірінші орын алады. 

 

Қазақстанның  ауыл  шаруашылығын  дамытуда  бидай  өндірісі  ең 



тартымды сала болып табылады (Кесте 24). 

 

 



Кесте 24. Қазақстанда бидай өндіру көрсеткіштері 

 

Көрсеткіштер 



2005ж.  2006ж.  2007ж.  2008ж.  2009ж.  Орта 

есеппен 


5жылда 

Егістік аумағы, 

мың га 

12638 


12803 

12885,0  13488,5  14753,9  13313,7 

Астық 

өнімі,ц/га 



9,5 

12,7 


13,0 

9,7 


11,9 

11,2 


Жалпы 

түсімі,мың т 

12006,1  16200 

16466,9  13083,8  17057,0  14962,8 

 

 

 



Агроөнеркәсіп  кешенінде  және  еліміздің  экономикасында  бидай 

өндірісі алдыңғы орындардың бірін иеленеді. Мұнда дәнді дақылдардың 

егістік  аумағы  бүкіл  егістіктің  80%  астамын  алып  жатса,  оның  ішінде 

бидайдың  үлесі  65-70%  жетеді.  Сыртқы  саудада  бидай  астығы  бағасы 

мен сапасы бойынша бәсекеге қабілетті деп есептеледі. 

 

Жер  шары  халқының  жартысынан  көбі  негізінен  бидаймен-  нан 



макарон,  кондитер  өнімдері  т.б.  қоректенеді.  Аталған  өнімдердің 

қоректілігі жоғары болып, халық мұқтажын қанағаттандыру үшін оларда 

бағалы сапа көрсеткіштері мен қасиеттері болған абзал. 

 

Бидай  дәнінің  сапасын  сипаттайтын  маңызды  көрсеткішке  белок 



мөлшері  мен  дән  уызы  (клейковинасы)  жатады.  Бұл  көрсеткіштер 

бидайдың пайдалану сипатын анықтайды. 

 

Өңдеу  өнеркәсібімен  экспорт  үшін  күшті  және  қатты  бидай 



сорттары  жоғары  бағаланады.  Күшті  бидайға  белогі  мен  дән  уызы  мол  

жұмсақ бидай жатады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет