Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет158/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   490
Байланысты:
index (15)

Өнімдегі  астық  пен  сабанның  ара-қатынасы. 

Дәнді  дақылдардан 

бітік  өнім  алу  үшін  өсімдіктердің  вегетативтік  органдарының 

(мүшелерінің)  жақсы  дамуы  қажет.  Өсімдіктердің  қуатты  дамуына 

байланысты  астық  пен  сабанның  ара  қатнасы  пайдалы  қалыптасады  да 

бір  өлшем  сабанға  астық  шығымы  артады.  Н.Н.  Кулешовтың  (1947) 

Омбы  және  Түмен  облыстарында  жүргізген  зерттеу  деректеріне 

қарағанда  жаздық  бидай  астығының  өнімі  10  ц/га  дейін  болғанда 

астықтың сабанға қатнасы 1:2,1, ал өнім 25 ц/га-дан жоғары болғанда – 

1,0:1,3 болды. 

Дән  дамуының  қалыпсыз  ерте  тоқтаған  жылдары  (аңызақ, 

бозқырау,  тат  ауруларымен  залалданғанда  ж.б.),  сонымен  қатар 

босдәнділік байқалғанда астық пен сабанның ара қатнасы күрт өзгереді. 

Ол  қатнас  1:6,  тіпті  1:10  қатнасындай  шамаға  дейін  жетеді.  Көп 

жылдарғы  орташа  деректер  бойынша  қалыпты  астық  қалыптастырған 

жаздық  бидайдың  жалпы  өнімінде  оның  құрам  бөліктері  төмендегіше 

өзгерді:  астық  -  40-45%,  сабақтар  -  40-45%,  масақ  білігі  -  2,0-2,5%, 

мекені - 10-12% (Н.Н. Кулешов, 1947). 

Дәнді  дақылдардың  өнімділік  құрылымын  талдаудың  теориялық 

қана  емес,  іссаналық  та  маңызы  зор,  өйткені  бұл  өсіру 

технологиясындағы  агробиологиялық  бақылаудың  бір  түрі  болып 

табылады. 

Агробиологиялық  бақылау  –  егістікке  жасалған  жағдайлар,  өсіп-

даму  кезеңдерінде  өнімділіктің  жекелеген  элементтерінің  түзілу 

үрдістері,  өнімнің  қалыптасу  үрдісіне  әсер  ететін  қолайлы  және 

қолайсыз факторлар, алынған өнімнің құрылымын сандық және сапалық 

бағалау  жөнінде  ақпараттар  (деректер)  алу  жүйесі.  Егістіктің  дамуына 

теріс  әсер  ететін  себептерді  дұрыс  анықтау  дер  кезінде  оларға  қарсы 

тиімді  қорғаныс  шараларын  ұйымдастыруға  мүмкіндік  береді,  әрі  өнім 

шығынын азайтуға жағдай жасалады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет