Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет165/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   490
Байланысты:
index (15)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

10  -  сурет  –  Бидай. 

1,2,3  –  жұмсақ:  егін 

көгі  мен  гүлдену 

кезеңдеріндегі 

өсімдіктер,  масақша; 

4,5,6 - қатты, сондай; 

7  –  жапырақ  пен 

сабанның қосылуы; 8 

–  дәннің  көлденең 

қимасы:  а  –  ұрық,  б-

эндосперм,    в–жеміс 

және 

тұқымдық 



қабықтар,  г-айдары; 

9  –  өсу  кезеңдері;  10 

– ұннан дайындалған 

нан:  


а  -  әлсіз,  б  -  орташа 

қуатты және в - қуат-

ты бидайдан

 



 

 

Сурет  10.  Бидай. 



1,2,3  –  жұмсақ:  егін  көгі 

мен  гүлдену  кезеңдерін-

дегі  өсімдіктер,  масақша; 

4,5,6  -  қатты,  сондай;  7  – 

жапырақ  пен  сабанның 

қосылуы;  8  –  дәннің 

көлденең  қимасы:  а  – 

ұрық,  б-эндосперм,    в–

жеміс  және  тұқымдық 

қабықтар,  г-айдары;  9  – 

өсу  кезеңдері;  10  –  ұннан 

дайындалған нан:  

а - әлсіз, б - орташа қуатты 

және в - қуатты бидайдан




 

178 


 

 

 

Жаздық  бидайдың  қоршаған  орта  факторларына  талаптары 

(биологиялық  ерекшеліктері).

  Бидай,  басқа  дәнді  дақылдар  сияқты 

қоңыржай белдеудің өсімдігі. Дегенмен, климатқа (жылу, жауын-шашын 

ж.б.)  талаптары  бойынша  сорттар  арасында  белгілі  бір  жағдайларға 

бейімделуінде айырмашылықтар бар. 

Елімізде  өсірілетін  бидай  сорттары  өсіп-жетілу  кезеңдері  әртүрлі 

ұзақтығымен  ерекшеленеді.  Кеш  пісетін  сорттарында  бұл  кезең  100 

тәулік  және  одан  жоғары,  ылғалды  және  салқын  жылдары  ол  115-120 

тәулікке дейін созылады, ал ең ерте пісетін сорттары 70-80 тәулікте пісіп 

үлгереді. 

Жаздық  бидай  өсуі  мен  дамуының  алғашқы  кезеңінде 

жылу 

ережесіне

 (режиміне) қажетсінуі жоғары емес. 

Бидай тұқымының өне бастауына қажетті ең төменгі температура 1-

2

о



С,  алайда  бастапқы  өсуіне  4-5

о

С  қажет,  бірақ  мұндай  температурада 



өну  және  көктеу  үрдістері  өте  баяу  жүреді.  Егін  көгі  –  6

о

С  аязды 



(бозқырауды)  көтереді.  Алғашқы  өсуі  мен  түптенуі  топырақтың 

температурасы  10-12

о

С  болғанда  жақсы  өтеді,  мұның  өзі  өсімдіктердің 



жақсы  тамырлануы  мен  түйін  тамыр  жүйесінің  дамуына  оң  әсерін 

тигізеді.



  

Генеративті  мүшелерінің  (органдарының)  дамуы  мен  гүлдену 

кезеңінде  бидай  температураға  өте  сезімтал.  Бірқатар  зерттеушілердің 

көрсеткеніндей,  12

о

С-дан  төмен  болғанда  бидайдың  тозаңдықтары 



дамымайды,  5

о

С-дан  төмендегенде      өсімдіктер  ұрықтанбайды,  ал  5-



10

о

С-да  ұрықтанғанмен  эндосперм  мен  әсіресе  ұрықтың  өсуі  өте  баяу 



жүреді, дән қалыптасып үлгермей опат болады. 

Бидайда  жоғары  температураны  көтеруде  үлкен  айырмашылықтар 

бар.  38-40

о

С  температураның  үздіксіз  әсерінен  саңылаулардың 



(үстьицелердің) сал ауруы (каралич) әртүрлі сорттарында 10-17 сағаттан 

соң  байқалады.  Бидай  гүлдену  кезеңінде  жоғары  температураға 

топырақтағы  ылғал  қоры  жақсы  болғанда  ғана  шыдас  береді.  Жоғары 

температура 

ылғал 

жеткіліксіз 



болғанда 

бидай 


масағының 

босдәнділігіне ұрындырады. 

Толысу  кезеңіндегі  -  1-2

о

С  бозқырау  өсімдік  пен  дәнді 



жарақаттайды (аяз ұрған дән).  

Жұмсақ  бидай  сорттары  бозқырауға  қатты  бидайға  қарағанда 

төзімдірек.  Түптену  кезеңінде  жұмсақ  бидай  –  5-8

о

С  бозқырауды  жеңіл 



көтереді,  ал  қатты  бидай  –  1-2

о

С  температураның  өзінде-ақ 



жарақаттанады. 

Белсенді температура жиынтығы жаздық бидайда сорттарының пісу 

мерзіміне қарай 1500-1900

о

С аралығында өзгереді. 



Ылғалды  қажетсінуі.

  Жаздық  жұмсақ  бидай  тұқымы  құрғақ  дән 

массасына  есептегенде  50-60%  мөлшерінде  ылғал  сіңіргенде  өне 



 

179 


бастайды.  Ал  қатты  бидайға  5-7%  артық  ылғал  қажет,  өйткені  оның 

құрамында  ақуыз  (белок)  көбірек.  Бір  өлшем  құрғақ  зат  түзу  үшін  ол 

өзінің  ағзасынан  400-500  өлшем  су  буландырады  немесе  транспирация 

коэффиценті 400-500-ге тең. 

Жаздық бидай өсіп-даму кезеңдерінде ылғалға жоғары талап қояды, 

алайда оны пайдалануы біркелкі емес:  

барлық қажетті ылғалдың көктеу кезеңінде - 5-7%;  

түптенуде -15-20%; 

түптену–масақтануда – 50-60%; 

сүттене пісуде – 20-30%; 

балауызданып піскенде – 3-5% жұмсалады. 

Жаздық бидайдың ылғалға барынша көп қажетсінуі, немесе «қиын-

қыстау»  кезеңі  түптену-масақтану,  басқаша  айтқанда,  репродуктивтік 

мүшелерінің  (органдарының)  пайда  болу  кезеңдерінде  байқалады.  Бұл 

кезеңдегі топырақтағы ылғал тапшылығы бидай дәнінің қалыптасуы мен 

толысуына  теріс  әсерін  тигізеді  де  егін  өнімін  күрт  төмендетеді. 

Оңтайлы  мерзімде  себілгенде  жаздық  бидайдың  «қиын-қыстау»  кезеңі, 

ауа-райының  барынша  қолайлы  уақытында  өтеді.  Бидайдың  әртүрлі 

мерзімде  пісетін  сорттарының  ылғалға  талаптары  бірдей  емес:  ылғалға 

жоғары  талап  қоятын  және  құрғақшылыққа  төзімді  сорттары 

ажыратылады.  Құрғақшылыққа  барынша  төзімді  сорттарына  өсіп-

дамуының  алғашқы  кезеңдерінде  баяу  қарқынмен  өсіп,  масақты  баяу 

қалыптастыратындары  жатады.  Олар  әдетте  Солтүстік  Қазақстан 

аймағында  болатын  жаздың  бірінші  жартысындағы  құрғақшылықты 

жақсы  көтереді,  әрі  олар  қарқынды  өсіп-даму  кезеңінде  түсетін  жаздың 

екінші  жартысындағы  ылғалды  тиімді  пайдаланады.  Олар  негізінен 

ортадан кеш және кеш пісетін сорттар болып табылады. 

Ерте  пісетін  сорттар  көктемгі  құрғашылықтан  көп  зардап  шегеді. 

Олар  алғашқы  уақытта  тез  өседі,  масақты  шапшаң  қалыптастырады, 

алайда  көктемгі  және  жаздың  басындағы  ылғал  жетімсіздігінен  әдетте 

төмен астық өнімін береді.  

Тамыр  жүйесінің  сіңіру  қабілетінің  және  оның  басқа  дәнді 

дақылдарға  қарағанда  айтарлықтай  әлсіз  дамитындығынан  жаздық 

бидай топырақ құнарлылығына өте жоғары талап қояды.  

Жаздық  бидайдың  тамыр  жүйесінің  тек  қана  30  %  топырақтың 

жыртылатын  (құнарлы)  қабатында,  ал  қалған  бөлігі  одан  тыс 

орналасады.  Осыған  сәйкес  оның  топыраққа  қоятын  талабы  да  арта 

түседі.  Бидай  өсімдігі  тіршілігіндегі  қоректік  заттардың  рөлі  әрқилы. 

Азот  (N)  жақсы  түптенуге,  қуатты  сабақ  пен  жапырақ  түзуге  мүмкіндік 

жасайды,  фотосинтетикалық  қызметті  күшейтеді,  биологиялық 

массаның  қорлануын,  дәндегі  ақуыз  мөлшерін  арттырады.  Фосфор 

(P

2



O

5

)  тамыр  жүйесінің  дамуын  тездетеді,  жалпы  өнімдегі  астық  үлесін 



арттырады,  қуаңшылыққа  төзімділігін  күшейтеді,  су  пайдалану 

коэффицентін  төмендетеді,  жаздық  бидайдың  пісуін  5-6  тәулікке 

тездетеді.  Калий  (К

2

О)  фотосинтездің  қалыпты  жағдайда  өтуіне 




 

180 


мүмкіндік жасайды, өсімдіктің ылғал ұстау және тамырдың ылғал сіңіру 

қабілеттерін  арттырады,  қуаңшылыққа,  аурулар  мен  зиянкестерге 

төзімділігін  күшейтеді.  Қоректік  заттарды  пайдалану  тәртібі  бидай 

өсімдігінің  ылғалға  қажетсінуіне  ұқсас.  Жаздық  бидайдың  қоректену 

элементтерінің шығындануы  топыраққа  байланысты  және  орта  есеппен 

(әрбір  центнер  астық  пен  сабанға  шаққанда)  азот  (N)  –  3,7-4,0,  фосфор 

2

О



5

) – 0,9-1,1 және калий (К

2

О) – 1,7-1,8 кг тең. 



Көптеген зерттеулер көрсеткендей, жаздық бидай әуелі фосформен, 

содан  кейін  калиймен,  ең  соңында  азотпен  қорланады.  Ол  фосфорды 

масақтануға  дейін,  калийді  –  гүлденуге  дейін,  азотты  сүттене  пісуге 

дейін қажетсінеді. 

Жаздық  бидай  өсіруге  барынша  қолайлы  қара  және  қара-қоңыр 

топырақтар  деп  есептеледі.  Ол  тұзды  топырақты  нашар  көтеретін 

дақылдар тобына жатады. Сортаңдау топырақтарда, әсіресе қуаңшылық 

жылдары,  өнімді  күрт  төмендетеді.  Жақсы  өнімді  реакциясы  қалыпты 

немесе әлсіз қышқыл топырақтарда (рН – 6,0-7,5) алуға болады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет