Карабалыкская 90
– Қостанай ауыл шаруашылығы ҒЗИ-да
будандастыру тәсілімен Лютесценс 5714 х Целинная 21 популяциясынан
жеке сұрыптаумен шығарылған. Түршесі – Лютесценс. Сорт орташа
мерзімде піседі, өсіп-жетілу кезеңінің ұзақтығы – 84-90 тәулік. Сорт
салқынға, тозаңды қара күйе мен тамыр шіріндісіне төзімді, қоңыр тот
ауруына орташа төзімді. Орташа астық өнімі – 25-30 ц/га, ең жоғары
өнімі бәсекелі сорт сынауда – 56,3 ц/га, өндірістік жағдайларда – 25-40
ц/га. Сорт еліміздің солтүстік және орталық облыстарында пайдалануға
рұқсат етілген.
Достарыңызбен бөлісу: |