Казахстанская 15
– «Егіншілік және өсімдік шаруашылығы
ғылыми-өндірістік орталағы» РММ-де (Алматы) Прибой х Лютесценс –
497162 будандық популяциясының төртінші ұрпағынан (Ғ
4
) жеке
сұрыптау тәсілімен шығарылған. Лютесценс түршесіне жатады. Масағы
әлсіз ұршық пішінді, орташа тығыздықта. Дәні жұмыртқа пішіндес, 1000
санының массасы 36,8 г. Қуатты бидайға жатады. Сабағы қуыс, берік,
жапырақтары жасыл түсті, қатты. Сорт ортадан кеш піседі. өсіп-жетілу
(вегетация) кезеңінің ұзақтығы 85-90 тәулік. Тозаңды қара күйеге, тамыр
шіріндісіне төзімді. Қоңыр және сабақтық тот ауруларымен саратовская
29 бақылау вариантымен деңгейлес зақымданады. Орташа астық өнімі –
22,4 ц/га. Сорт Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар
облыстарында пайдалануға рұқсат етілген.
Достарыңызбен бөлісу: |