190
зерттеу институты» ЖШС-нің және басқа ғылыми мекемелердің жасаған
жазықтілгішті, кешенді құрастырылған эрозияға қарсы, нөлдік,
минималды – нөлдік және минималды сүрі танабын дайындау
технологиялары қолданылуда.
Жазық тілгішті сүрі
танабы алғы дақыл жиналғаннан кейін жазық
тілгіш культиваторлардың бірімен 12-14 см тереңдікке өңделеді.
Соның нәтижесінде өсіп тұрған арамшөптер қырқылады, олардың
тұқымының бір бөлігі топыраққа сіңіріледі және қопсытылған топырақ
суды жақсы жұтады. Қара сұлымен қатты ластанған танаптарды күзде
жазық тілгіштермен өңдесімен БИГ-3 имек тісті тырмалармен немесе
олардың модификацияларының бірімен 4-6 см тереңдікке қосымша
қопсытылады. Ал бұл агротехникалық шара қара сұлы мен басқа
арамшөптер тұқымдарының ерте көктемде жаппай өсіп шығуына
мүмкіндік жасайды.
Көктемгі жұмыс сүрі жерді қара сұлы жаппай көктегеннен кейін
жазық тілгіш культиваторлардың бірімен өңдеуден басталады. Күшті
ластанған танаптарда бұл жұмысты дәнді дақылдарды сепкенге дейін
жүргізген дұрыс, соның нәтижесінде арамшөптер тым өсіп кетпейді,
топырақты өңдегенде олар жеңіл құртылады, әрі топырақ артық кеуіп
кетуден сақталады. Сүрі танабының бұдан әрі өңделуі атпа тамырлы
арамшөптер күйіне байланысты – олардың сабақтанып кетуіне жол
бермеген жөн. Осы мақсатпен пардысүрі жерді өңдегенге дейін
(тамыздың соңғы онкүндігі) әрбір 18-20 күнде 10-12 см тереңдікте
культивацияланады да жаз бойы кем дегенде 4 рет жүргізіледі. Жаз
қуаңшылықты болғанда культиваторлармен сүрі жерді екінші немесе
үшінші өңдеуден өткізгеннен кейін атпа тамырлы арамшөптер өсіп
шығуы ықтимал. Олардың ішінде ең қауіптісі
егістік шырмауық
.
Қуатты тамыр жүйесінің арқасында ол механикалық өңдеуге өте төзімді.
Оны құрту үшін топырақты жазық тілгіш құралдармен өңдеумен қатар
2,4-Д немесе диален гербицидімен бүрку жұмыстарын қабыстырып
жүргізу қажет. Бұл жағдайда сүрі жерді екінші өңдегеннен кейін 25-30
күн бойы егістік шырмауықтың өсуіне мүмкіндік беру керек, ал соңынан
(тамыздың бірінші онкүндігінде) танап 2,4-Д тобының эфирлерімен (1,2
кг/га ә.е.з. мөлшерінде) немесе диаленмен (1,6-2,0 кг/га ә.е.з.) бүркеледі.
Қоректік заттармен бірге төмен түсетін ағыстың нәтижесінде
гербицидтер тамыр жүйесіне енеді де келесі жылы шырмауықтың толық
жойылып кетуіне әкеліп соғады.
Достарыңызбен бөлісу: