Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет186/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   490
Байланысты:
index (15)

Ерте  көктемгі  топырақ  өңдеу 

күзгі  кесек  топырақты  сүдігерде, 

жазық  тілгішті  технологиямен  дайындалған  сүрі  жерлерде  жүргізіледі 

және  оның  физикалық  пісу  кезеңінде  басталады.  Негізгі  мақсаты  –екпе 

дақылдар тұқымдарын біркелкі сіңіру үшін топырақ бетін тегістеу және 

қара  сұлы  тұқымын  сіңіру.  Тәжірибеде  алғашқы  көктемгі  топырақ 

өңдеуі  «ылғал  жабумен»  теңдестіреді.  Бұл  жұмысты  жүргізуге 

творчестволықпен  қарау  керек:  барлық  сортаңдау  топырақтарда,  жаз 

аяғында  немесе  күзде  терең  қопсытудың  нәтижесінде  ірі  топырақ 

кесектері  пайда  болған  танаптарда  ерте  көктемгі  топырақ  өңдеу  – 

қажетті  агротехникалық  шара.  Ол  үшін  тісті  тырмалармен  топырақ  4-5 

см тереңдікке өңделеді. Ықтырмалы сүрі танабында тырмалау ықтырма 

бағытымен  жүргізіледі,  өйткені  тырмалардың  бітісіп  қалмауы  және 

көктемгі  қатты  желден  топырақ  бетінің  қорғалуы  көзделеді.  Тым  ірі 

кесекті  топырақ  бетін  тығыздағыштармен  (каток)  тығыздайды. 

Карбонатты оңтүстік қара топырағында бетін тегістеу қажеттігі болмаса 

және  10-12  см  өңделген  сүдігер  де,  сонымен  қатар  күзде  ине  тісті 

тырмалармен  өңделген  алқаптарда  ерте  көктемде  тырмалауды 

жүргізудің керегі жоқ. 

 

  Аралық  культивация  қара  сұлы  мен  қатты  залалданған  және 



триаллат,  немесе  авадекс  енгізілмеген  танаптарда  жүргізіледі. 

Культивация  қара  сұлының  жаппай  көгі  пайда  болғанда  (1м

2

  алаңда  50 



өсімдік болғанда ) жасалады. Аралық культивациядан  қорқудың қажеті 

жоқ, өйткені қара сұлының жиі көгі топырақты қопсытқаннан кем ылғал 

жұмсамайды.  Жалғыз-ақ  бұл  жағдайда    топырақты  қосымша  тығыздау 

қажет.  Аралық  культивация  табанды  КПС-4  культиваторымен 

жүргізіледі,  СЗС-2,1  сепкішін  және  дискілі  сыдыра  жыртқыштарды  да 

пайдалануға болады (соңынан тырмаланып тығыздалады). 

 

Қара  сұлымен  жоғары  дәрежеде  ластанған  танаптарға  триаллат 



немесе  авадекс  қолдануға  болады.  Оларды  себуге  дейінгі    кезеңнің 


 

196 


кезкелген  уақытында  топыраққа  3-5  см  тереңдікке  сіңіреді.  Ең  дұрысы 

мұны  бір агрегатпен іске асырған дұрыс: бүріккіш штангасы тісті тырма 

немесе сыдыра жыртқыш рамасына бекітіледі. Сонымен гербицид енгізу 

аралық  немесе  себу  алдындағы  культивациялаумен  қабыстырып 

жүргізіледі.  Бір  есте  ұстайтын  жайт,  қара  сұлыға  қарсы  гербицид 

енгізілетін  танаптарда  алғашқы  көктемгі  өңдеу  жұмысын  сыдыра 

жыртқыштармен  жүргізген  жақсы,  өйткені  аңыз  паясы  мен  сабан 

қалдықтары  топыраққа  сіңіріледі.  Бұл  енгізілетін  гербицидтің 

тиімділігін айтарлықтай арттырады. 

 

Себу  алдындағы  культивация  екі  мақсатты  көздейді:  жаздық бидай 



тұқымы  ылғалды  қабат  пен  тығыз  орынға  орналастырылады  және 

арамшөп  көгі  құртылады.  Ластану  дәрежесі  және  олардың 

тамырлануына  қарай  қара  сұлыға  қарсы  дискілі  сыдыра  жыртқыштар 

қолданылады,  қалуенді  жазықтілгішпен  кеседі,  ал  жатаған  бидайықты 

ауыр культиваторлармен тарап құртады. 

 

Себу алдындағы топырақ өңдеуді гербицидті өңдеумен алмастыруға 



да  болады,  бұл  шара  арамшөптерден  тазартып  қана  қоймай, 

топырақтағы  ылғал  қорын  да    сақтауға  жағдай  жасайды.  Себу 

алдындағы  гербицидтік  өңдеуді  (раундап  36%  с.е.,  1,8-2,0  л/га) 

бидайдың  кеш  себілетін  танаптарында  себуден  7-8  тәулік  бұрын 

жүргізген тиімді. 

 

  Тыңайтқыш қолдану. Тыңайтқыштар-өсімдіктердің қоректендіруін 



оңтайландыруды,  топырақ  құнарлығын,  дақылдың  өнімі  мен  сапасын 

арттыруды  қамтамасыз  ететін  маңызды  фактор.  Жаздық  бидай 

астығының бір тоннасын қалыптастыруға орта есеппен 35-45 кг азот (N), 

8-12  кг  фосфор  (Р

2

О

5



)  және  17-27  кг  калий  (К

2

О)  қажет.  Топырақтан 



қоректік  заттарды  жаздық  бидай  түптенуден  дәннің  сүттене  пісу 

кезеңіне  дейін  барынша  қарқынды  сіңіреді.  Алайда  астық  өніміне  әсер 

ететін  «қиын-қыстау»  кезеңі  –  себу–түтікке  шығу  аралығы. 

Қазақстанның  көпшілік  аймақтарында,  әсіресе  орманды  дала 

аймақтарында,  жаздық  бидай  үшін  тиімді  тыңайтқыштардың  бірі  – 

фосфор тыңайтқышы. Негізгі астықты өңір Солтүстік Қазақстанда  сүрі 

танабына енгізілген  (Р

2

О



5

) әрбір киллограмы  тура және соңғы әсерімен 

10-12  кг-ға  дейін  қосымша  жаздық  жұмсақ  бидай  өнімін  қамтамасыз 

етеді.  Оның  үстіне  ол  5-6  тәулік  ерте  піседі,  ал  бұл  дер  кезінде  егінді 

ысырапсыз жинап, жоғары сапалы астық алуға мүмкіндік береді. 

 

Сүрі танабы фосфор тыңайтқышын енгізетін ең жақсы орын болып 



есептеледі.  Бұл  оның  жоғары  ылғалдылығына,  нитратты  азотпен 

қамтамасыз  етілуіне  және  арамшөптерден  тазалығына  байланысты. 

Фосфор 

тыңайтқышы 

енгізілгенде 

сүр 


танабының 

аталған 


артықшылықтары  толық  іске  асады  және  жаздық  бидайдың  қосымша 

өнімі  артады.  Бұлар  Қазақстанның  ауыл  шаруашылық  ғылыми  

мекемелерінің көп  жылдар  бойы  жүргізген  зерттеулерінде  дәлелденген.  

Мәселен,  Қостанай  облысының  оңтүстік  қара  топырақтарында 

жүргізілген  біздің  зерттеулеріміз  фосфор  тыңайтқышының  жоғары  



 

197 


тиімділігін көрсетті:  сүрі танабына енгізілген 60кг Р

2

О



бірінші жылдың 

өзінде жаздық жұмсақ бидайдан 3,4-3,6 ц/га қосымша астық өнімін берді 

(Қ.К.


 

Әрінов,  1998);  «С.  Сейфуллин  атындағы  Қазақ  агротехникалық 

университеті»  АҚ–ның    өсімдік  шаруашылығы  кафедрасының 

ғалымдарының  (Қ.М.  Мұсынов,  Б.К.  Әрінов,  2008).  Қарағанды 

облысының күңгірт қара-қоңыр топырақтарының сүрі танабында (2005-

2007  жж.)  жүргізген  тәжірибелерінде  орта  есеппен  үш  жылда  жаздық 

бидайдың  тыңайтқыш  енгізілген  (Р

60

)  танаптағы  астық  өнімі  18,7  ц/га, 



клейковина мөошері - 32,5%, натуралық массасы - 783 г/л, шынылығы - 

70%-ға    жетіп,  тауарлық  астықтың  бірінші  класс  талаптарына  сәйкес 

келсе, тыңайтқыш енгізілмеген (Р

0

) танапта бұл көрсеткіштер тиісінше -  



14,2; 29,9; 774 және 61 ғана болды. 

 

Сүрі  танабын  дайындағанда  әртүрлі  себептермен  (тыңайтқыш 



болмай қалғанда, кеш жеткізілгенде  немесе қаржы қол байлау болғанда 

ж.б.)  фосфор  тыңайтқышы  енгізілмегенде  жаздық  бидайды  себерде 

қатарлап енгізілген Р

20

 да қосымша жоғары сапалы астық өнімін береді. 



Атап  айтқанда,    жоғарыда  келтірілген  жоғары  оқу  орнының  Ақмола 

облысының 

«Исағали» 

ЖШС-де 


жүргізген 

зерттеулерінде 

(Қ.М.Мұсынов,  Б.К.Әрінов,  2009)  сүрі  танабына  Р

20

  мөлшерінде  



себумен  қатар  тыңайтқыш  енгізілгенде  Астана  жаздық  жұмсақ  бидай 

сортының астық өнімі -15,9 ц/га, клейковинасы 37,0% болғанда, бақылау 

вариантында  (Р

0

)  астық  өнімі  2,6  ц/га,  ал  дәндегі  клейковина  мөлшері 



2,7%-ға төмен болды.  

 

Ғылыми деректерге қарағанда, таза сүр танабына енгізілген 60 кг/га 



Р

2

О



қанша жиынтық қосымша өнім берсе, қатарынан үш жыл енгізілген 

20кг/га

 

Р



2

О



сондай  қосымша  өнім  береді.  Сондықтан  жаздық  жұмсақ 

бидай  өсірудің  оңтайлы  технологиясында  тыңайтқыш  енгізудің  аталған 

екі тәсілі де бірдей деп қорытынды жасауға болады. 

 

Фосфор тыңайтқышын қатарлап енгізудің кемшіліктері де жоқ емес: 



қуаңшылық жылдары топыраққа енгізілген фосфор тыңайтқышы құрғақ 

қабатта  қалып  қояды  да  бидайдың  жас  өсімдіктері  тиімді  пайдалана 

алмайды, соның нәтижесінде астық өнімі төмендейді. 

 

Ауыспалы егіс көлеміне толық мөлшермен (60-80 кг/га ә.е.з.) негізгі 



тәсілмен енгізілген фосфор тыңайтқышының бірқатар артықшылықтары 

да  бар:  4-5  жылда  бір  рет  енгізіледі  және  соның  нәтижесінде  бірінші 

және  одан  кейінгі  жылдары  бидай  өнімінің  артуы  қамтамасыз  етіледі; 

қуаңшылықты  жылдардың  өзінде,  тыңайтқыш  топыраққа  дұрыс 

сіңірілген болса, қосымша өнім алынады. 

 

Жаздық  бидай  өнімі  мен  сапасын  арттыру  жолында  негізгі 



аймақтарда тыңайтқыш енгізудің мынадай шараларын орындаған дұрыс: 

1га егістікке есептелген ауыспалы егістіктің бүкіл айналымына Р

2

О



20-

25 кг мөлшерінде

 

сүрі танабына фосфор тыңайтқыштарын негізгі енгізу: 



 

-  төмен  және  өте  төмен  дәрежеде  қамтамасыз  етілгенде 

тыңайтқыштарды  екі  кезеңмен  енгізген  жөн-  тыңайтқыштардың  2/3 

бөлігін  14см және одан тереңірек  сүр танабына, ал қалған бөлігін себу 




 

198 


кезеңінде  10-12  кг  ә.е.з.  мөлшерінде,  немесе  барлық  мөлшерін  СЗС-2,1 

сепкішімен  (немесе  оның  модификацияларының  бірімен)  сүр  танабына 

10-12 см-ге сіңіру қажет;  

 

- орташа дәрежеде қамтамасыз етілгенде себу кезінде енгізу тиімсіз; 



барлық  мөлшерін  ГУН-4,  КПП-2,2У  құралдарының  бірімен  аралық 

немесе негізгі өңдеу кезінде сүр танабына 14 см енгізген дұрыс; 

 

-  фосформен  жақсы  қамтамасыз  етілген  танаптарда  фосфор 



тыңайтқышын өніммен шығындалатын мөлшерде енгізу керек; 

 

-  топырақ  фосформен  жоғары  деңгейде  қамтамасыз  етілгенде  —



тыңайтқыш енгізудің қажеті жоқ. 

 

Фосфор  тыңайтқыштарын  енгізудің  ең  қолайлы  мерзімі-  жаздың 



соңы немесе сүрі танабын негізгі өңдеу алды, мұның өзі арамшөптердің 

тыңайтқышпен 

енгізілген 

қоректік 

заттарды 

босқа 


шығынға  

ұшыратпауға мүмкіндік береді. 

 

Барлық  жағдайда  төрт  танапты  ауыспалы  егісте  екінші  дақылға 



азотты тыңайтқыш (30-45 кг/га ә.е.з.), бес танаптыда – үшінші   дақылға  

азотты  тыңайтқыштардың  бірін  (N

30-60 

кг/га  мөлшерінде)  себу  алдында 



немесе себумен қатар енгізген абзал. 

 

Тыңайтқыштарды  топырақ  түріне,  картограммаға  сәйкес  қоректік 



заттармен қамтамасыз етілуіне, ауыспалы егістегі айналым ұзақтығына, 

ылғалмен  қамтамасыз  етілуіне,  бағдарламаланған  өнімге  байланысты 

жоғарыда келтірілген талаптарға сай енгізіледі. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет