Тұқымды себуге дайындау.
Себуге өнімділік қасиеттері жоғары
тұқымды пайдаланған жөн, әрі ондай тұқым сорттары мемлекеттік
тізімнен себуге рұқсат етілген болуы тиіс.
Тұқымды тазалау және себу кондициясына
жеткізу күзде
аяқталады. Көктемде себу алдында тұқымды құрғақ ауада қыздырады,
дәрілейді және қажеттігіне қарай кейбір препараттармен өңдейді.
Құрғақ ауада қыздыру
тұқым сапасына оң әсерін тигізеді. Бұл өну
энергиясы мен танаптық өнгіштікті арттырудың бір жолы. Құрғақ ауада
қыздыруды күн көзінде 15-20
о
С-да жүргізген жақсы. Бұл жұмысты
арнаулы белсенді желдеткіш құрылымдарында (15-20
о
С жылылықта)
жүргізгенде ыңғайлы және тиімді.
Тұқымды дәрілеу.
Тұқымды саңырауқұлақ және бактериялық ауру
қоздырғыштарынан залалсыздандыру үшін уақытында және сапалы
дәрілеу (себуден 1-2 ай бұрын) қажет. Қазақстанда қара күйе, тамыр
шірігі ж.б. ауруларға қарсы жүйелі әсері бар витавакс 200 фф 34%,
ТМТД 80% (1,5-2,0 кг/т), витарос (2,0-2,5л/т), раксил 6% (0,4л/т), премис
2,5% (1,0-1,5л/т) ж.б. улы химикаттардың бірімен өңдеген тиімді.
Дәрілеуді негізінен ылғалдандыру тәсілімен жүргізген дұрыс (10л су 1т
тұқымға), бұл экологиялық тұрғыдан қауіпсіз, әрі препарат тұқымға
жақсы жабыстырылады. Дәрілеуді арнайы машиналарда (ПС-10ж.б.)
және алаңдарда жүргізген абзал.Тозаңды қара күйеге қарсы термиялық
залалсыздандыруды қолданады.
199
Достарыңызбен бөлісу: |