Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет184/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   490
Байланысты:
index (15)

Тамыр  сабақты  жатаған  бидайықпен

  ластанған  сүрі  танабын  4-5 

рет  14-16  см  тереңдікте  КПЭ-3,8  немесе  КТС-10-01  культиваторымен 

өңдеген барынша тиімді. 

 

Тамыр  сабақты  қарабас  шалғын  (острец)  арамшөбімен  ластанған 



сүрі  жерді  дайындаудың  технологиясы  біршама  өзгеше.  Оның  тамыр 

сабағы  18-28  см  тереңдікке  дейін  орналасқан.  Оны  құрту  үшін  сүрі 

танабын  қайырмалы  соқамен  маусымның  басында  25-27  см  жыртады, 



 

191 


жаз  бойы  жаңа  өркендерінің  пайда  болуына  қарай  2-3  рет  КПЭ-3,8 

немесе КТС -10-01 культиваторымен өңделеді. 

 

Қара  сұлы мен итқонақпен, шырмауықты қарақұмықпен ластанған 



танапты  сүріге  дайындағанда  мүмкіндігінше  топырақты  таяз  өңдеген 

жөн,  топырақтың  беткі  қабатының  терең  кеуіп  кетпеуін  қарастырады. 

Соның  нәтижесінде  арамшөптер  жаппай  өсіп  шығады  да,  кейіннен 

культивациялаудың тиімділігі артады. Осы себеппен СЗС-2,1 және СЗС-

2,1Л сепкіштерін де пайдалануға болады. 

 

Сүрі  танабының  негізгі  өңдеуін  тамыздың  екінші  жартысында 



жүргізеді. 

 

Солтүстік  Қазақстанның  карбонатты  оңтүстік  қаратопырағын, 



күңгірт  қара-қоңыр  және  қоңыр  топырақтарын  20-22  см-ден  25-27  см 

дейін  қопсытады.  Солтүстік  Қазақстан,  Қостанай  және  Ақмола 

облыстарының  қоңыржай  қуаңшылық  аймағында  механикалық  құрамы 

ауыр,  бірақ  ылғал  қабілеті  жақсы  қаратопырақтарын  14  см  асырмай 

қопсытса жеткілікті. 

 

Эрозияға  қауіпті  топырақтарда  жолақты  сүрі  танабы  дайындалады. 



Жазда  сүрі  жолағы  эрозиядан  жолақпен  себілген  жаздық  бидай 

өсімдігінің  қыртысымен,  ал  күзде  және  көктемде  -  егін  жинағаннан 

кейін  қалдырылған  аңыз  паясымен  қорғалады.  Механикалық  құрамы 

ауыр  топырақтарда    жолақтардың  ені  50  м  асырылмайды.  Мұндай 

жағдайда  танаптар сүрі жер арқылы екі жылда өтеді. 

 

 Таза  сүрі  танабында  ылғал  жинақтайтын  арнаулы  шаралар 



жүргізіледі. 2-3 рет қар тоқтатудың нәтижесінде сүрі танабында 40-50 см 

қар  қабатын  жасауға  болады,  мұның  өзі  бір  метр  топырақ  қабатын 

ылғалмен төменгі ылғалсиымдылық дәрежесіне дейін қанықтырады. 

 

Алғашқы  қыста  сүрі  танабында  жеткілікті  мөлшерде  тиімді  ылғал 



қоры, бір метр топырақ қабатында 150-170 мм шамасында, жинақталған 

жағдайда  келесі  жазда  ықтырма  себудің  қажеті  болмайды,  барлық  күш 

танапты  арамшөптерден  тазартуға  жұмсалады.  Алайда,  көбінесе 

ықтырмасыз сүріде жаздық бидай себудің қарсаңында тиімді ылғал қоры 

120  мм  аспайды.  Сондықтан  ықтырма  сеуіп  өсіру-жаздық  бидайдың 

оңтайлы  өсіру  технологиясының  бірден-бір  қажетті  шарты.  Осыған 

байланысты  сүрі  танаптарында  екінші  қыстың  қарын  тоқтату  үшін 

қышадан  ықтырма  өсіріледі.  Ол  шілденің  алғашқы    онкүндігінде 

арнаулы СКН-3 сепкішімен себіледі. Топырақтың беткі қабаты біршама 

кеуіп кеткеннің өзінде ол қышадан қос қатарлы ықтырманы қамтамасыз 

етеді.  Кәдімгі  СЗС-2,1  сепкішін  де  пайдалануға  болады.  Ол  үшін    2-3 

қатарлы  ықтырмаға  әрбір  8-12  м  сайын  4-5  см    тереңдікке  гектарына 

500-600 г мөлшерінде қыша тұқымын себеді. 

 

Қыша  ықтырмасы  30-40  см  қар  қабатын  жасайды,  соның 



нәтижесінде  қар тоқтатқыштармен қар тоқтатудың қажеті болмайды. 

 

Жекелеген  өте  құрғақ  жылдары  ықтырма  себу  алдында  сүрі  



алқаптарының  беткі  қабаты  (8-10  см  дейін)  барынша  кеуіп  кетеді  де 

қыша  ықтырмасының  егін  көгін  алу  қиындап  кетеді.  Мұндай  жағдайда 




 

192 


ықтырмаға  сұлы  себіледі,  өйткені  оның  тұқымын  тереңірек  сіңіріп, 

жақсы егін көгін алуға болады. Шілденің басында аралығын 8-10 м етіп 

СЗС-2,1  сепкішімен  немесе  оның  модификацияларының  бірімен  (СЗС-

6/12)  4-5  қатарлы  ықтырма  себіледі.  Сұлы  ықтырмасының  қышаға 

қарағанда  қар  тоқтату  қарқыны  шамалырақ,  сондықтан  қар  тоқтатудың 

қажеттігі туады. 

 

Еңкіштігі  1º  дейінгі  танаптарға  ықтырманы  қыратқа  көлденең  себу 



ұсынылады  және  су  эрозиясынан  сақтау  үшін  терең  қопсытуды  күзде 

жүргізеді.  Еңкіштігі  жоғары  қыраттарда  ықтырмалы  сүрі  жасау  қауіпті, 

өйткені ондай алқаптарда су эрозиясы дамуы мүмкін. Мұндай жағдайда 

сүрі  танабы  кезінде  «С.Сейфуллин  атындағы  Қазақ  агротехникалық 

университеті»  АҚ–ның ғалымдары зерттеп жасаған құрастырылған сүрі 

жер технологиясы бойынша дайындалады. 

 

Құрастырылған  сүрі  танабы  су  эрозиясына  ұшыраған  сүрі  жер 



алқаптарының  бір  бөлігіне  орналастырылады.  Таза  сүрі  бүкіл  танапқа 

орналастырылғанда,  құрастырылған  сүрі  жолақтары  оны  жел  және    су 

эрозиясынан қорғауға пайдаланылады. 

 

Құрастырылған 



сүрі 

танабы 


дайындаудың 

технологиясы 

төмендегідей:  күзде  топырақ  жазық  тілгіштермен  10-12  см  тереңдікке 

өңделеді; мамырдың екінші онкүндігінде аталған құралдармен 12-14 см 

өңделеді  де  бір  мерзімде  фосфор  тыңайтқышы  енгізіледі;  15-20 

маусымда 2,4-Д тобының амин тұзының 3 кг/га ә.е.з. мөлшерімен танап 

бүркіледі;  10-12  шілдеде  топырақ  себу  алдындағы  өңдеуден  өтеді  де 

әрбір  12м  кейін  қышадан,  ал  оның  аралығында  себу  мөлшері  0,8-1,0 

млн/га  өнгіш  тұқыммен  сұлы  себіледі;  қыркүйектің  аяғында  сұлы  көк 

балаусаға  шабылып  алынады  және  топырақ  терең  қопсытылады;  егер 

қыша ықтырмасы нашар өскен болса, сұлыны шапқанда әрбір 6 м сайын 

жолақ қалдырылады, қажет болғанда қыста қар тоқтатылады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет