ҚАТТЫ БИДАЙ
Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қатты
бидайдың маңызы айтарлықтай. Оның астығынан жоғары сапалы
мәнней жармасын, құнды макарон, кондитер өнімдерін өндіреді. Сыртқы
саудада оның астығы жұсақ бидайдан жоғары бағаланады, бәсекеге
қабілеттілігі дау тудырмайды. Өсіру технологиясын дұрыс қолданғанда
жаздық қатты бидай астығының өнімі жұмсақ бидайдан қалыспайды.
Ақмола облысы жағдайында орта есеппен 5 жылда (1998-2002 ж.ж.)
конкурстық сортсынауда қатты бидай өнімі 28,4 ц/га көрсетті.
Қазақстанда оның егістік аумағының өсуі байқалады: 2008 жылы қатты
бидай 253,6 мың га жерде өсірілсе 2009 жылы - 284,6 мың гектарға
жетті. Дүние жүзіндегі егістік аумағы жыл сайын 20-22 млн га алқапты
қамтиды, немесе жалпы бидай егістігінің 10%-на таяу.
Достарыңызбен бөлісу: |