206
Ылғал жеткілікті жағдайда бір өлшем зат қалыптастыруға суды
жұмсақ бидайға қарағанда аз шығындайды, ал қуаңшылықта керісінше,
жұмсақ бидай оны тиімдірек пайдаланады.
Ғылыми деректерге қарағанда, қатты бидай топырақ қуаңшылығын
нашар көтереді, бірақ ауа қуаңшылығын жұмсақ бидайдан жеңіл
көтереді.Қатты бидайдың өсіп-жетілуіндегі «қиын-қыстау» кезеңі
жұмсақ бидайға қарағанда ұзағырақ, бұл да оның қуаңшылыққа
төзімділігін азайтады. Қатты бидайдың тамыр жүйесі әлсіздеу дамыған,
өнімді түптенуі айтарлықтай төмен, мұның өзі көп жағдайда астық
өнімін азайтады.
Қатты бидай өсіп-дамуының алғашқы кезеңдерінде жоғары
ылғалдылықты және орташа жылылықты, ал соңынан - жоғары
температура мен орташа ылғал қорын қалайды. Масақтану-пісіп жетілу
кезеңіндегі жоғары температура мен ауа қуаңшылығы масақтың
дәнсіздігі мен бос масақшалыққа әкеліп ұрындырады. Қатты бидайдың
гүлденуі мен тозаңдануына қолайлы жағдайлар түнгі 10-12ºС және
күндізгі максимум 25-31ºС болғанда қалыптасады.
Солтүстік Қазақстан аймағында қатты бидайға әлсіз байланған
құмдақ, ауыр сортаңдау топырақтар жарамсыз деп есептеледі. Егін
көгінің әлсіздігінен қатты бидай жұмсақ бидаймен салыстырғанда
арамшөптерден көбірек зиян шегеді, сондықтан ол арамшөп
өсімдіктерінен таза танаптарға орналастырады.
Жаппай тот ауруы байқалған жылдары қатты бидай өнімі жұмсақ
бидайға қарағанда біршама жоғары болады, өйткені ол жергілікті
танаптарда ол ауруға төзімдірек.
Солтүстік облыстарда қатты бидай егістігіне тамыр шірігі үлкен
зиянын тигізеді: егін көгі селдірейді, өсімдіктер әлсіреп, өнімі
төмендейді. Сонымен қатар алғы дақыл дұрыс таңдап алынбағанда
қатты бидай гүл кенесінен де залал шегуі мүмкін. Аталған
ерекшеліктерді қатты бидайдың оңтайлы өсіру технологиясын
жасағанда өте мұқият ескеру қажет.
Мемлекеттік тізіммен Қазақстанда өсіруге рұқсат етілген жаздық
қатты бидай сорттары:
Достарыңызбен бөлісу: