Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет201/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   490
Байланысты:
index (15)

Ботаникалық  сипаттамасы.

  Агрономиялық  тәжірибеде  мәдени 

арпа -  Hordeum sativum L. үш түр тармағына ажыратылады: көпқатарлы 



 

213 


(H.  s.  vulgare  L.),  қосқатарлы  (Н.  s.  distichum  L.)  және  аралық  (H.  s. 

intermedium  L.).  Түр  тармақтарға  бөлінуі  негізіне  масақ  білігінің 

кертпесінде орналасқан жемісті масақшалар саны алынған (Сурет 11). 

Көпқатарлы  арпада  білік  кертпесіндегі  барлық  үш  масақшада 

қалыпты дамып жеміс береді. Көпқатарлы арпа екі топқа бөлінеді: дұрыс 

алты қатарлы немесе алты қырлы және бұрыс алты қатарлы немесе төрт 

қырлы.  Алты  қырлы  арпаларда  масақ  өте  тығыз,  масақшалар  масақ 

білігінен  бірдей  қашықтықта  орналасқан  және  көлденең  қимасында 

дұрыс  алтықыр  жасайды.  Төртқырлы  арпа  масақтары  айтарлықтай 

борпас келеді, ортаңғы масақшалар масақ білігіне қысыла орналасқан, ал 

бүйір  масақшалары  масақтың  екі  жағынан  бір-біріне  сұғына  кіріп, 

қосарланған  қатарлар  қалыптастырады  және  жоғарғы  жағында  бірігіп 

кетеді; көлденең қимасында масақ төрт қыр жасайды. 

Қосқатарлы  арпаларда  масақ  білігінің  әрбір  кертпесінде  тек  қана 

ортаңғы  масақша  дұрыс  дамып  жеміс  береді,  ал  бүйір  масақшалары 

дамымай  жеміссіз  қалады.  Сонымен  масақтың  әрбір  жағында  бір 

қатардан  дәндер  түзіледі  де  қосқатарлы  масақ  қалыптасады.  Бүйір 

масақшаларының  дамымай  қалу  дәрежесіне  қарай  қосқатарлы  арпа 

нутанция  (дамымай  қалған  масақшаларда  масақша  қауызы  да,  гүл 

қауызы  да  сақталған)  және  дефициенция  (масақша  қауыздары  ғана 

сақталған) топтарына ажыратылады. 

 



 

214 


  

 

Аралық  арпаның  масақ  білігі  кертпелерінде  бірден  үшке  дейін 



дамыған  дәндер болады  (бірінде  бір  дән,  екіншісінде  –  екеу,  ал  үшінші 

кертпеде үш дән қалыптасуы мүмкін). 

Арпаның түр тармақтары түршелерге ажыратылады (масақтың түсі, 

қабықтылығы, тығыздығы, қылтықтық сипатына қарай). 

Арпа  –  жаздық  және  күздік  түрде  дамитын  өсімдік.  Ұзақ  күннің 

өсімдігі.  Тамыр  жүйесі  шашақты,  сабағы  сабан,  бидайға  қарағанда 

беріктілігі  әлсіздеу,  соның  нәтижесінде  жапырылуға  көбірек  бейім. 

Өнімді түптенуі бидаймен салыстырғанда жоғарырақ – 1,5-1,7. 

Жапырағы 

балауыз 


тұтымен 

көмкерілген 

құрғақшылыққа 

төзімділігіне әсері бар. Гүл шоғыры – масақ піскенде төмен қарай иілгіш 

және  тамырында  ұзақ  тұрып  қалса  сынғыш  келеді.  Арпаның  1000 

дәнінің массасы кең алқымда өзгереді (25 грамнан 50 грамға дейін және 

одан жоғары) және бірінші кезекте агротехника дәрежесіне байланысты. 

Қабықты  арпада  гүл  қауызы  тұқыммен  жабысып  тығыз  өседі. 

Қабықтылығы  7-15%  аралығында  өзгереді  және  ол  сорттық  қана  емес, 

өсіру жағдайларына да байланысты. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет