Астығынд
а
:
арпа
1,21
3,0
81
1,2
3,3
1
сұлы
1,0
3,3
85
1,4
3,3
0
бидай
1,20
3,0
117
0,6
4,2
1
қара бидай
1,18
1,8
102
0,8
3,4
2
Сабанында
: арпа
0,33
7,2
13
3,7
1,2
4
сұлы
0,31
6,0
17
4,3
1,0
4
тары
0,41
6,6
23
6,4
0,9
10
Арпаның азық-түліктік маңызы да айтарлықтай. Ең алдымен ол
жармалық дақыл, оның астығынан арпа жармасы мен перловка
жармасын өндіреді. Арпаны кофе суррогатын (қоспасын) дайындау үшін
пайдаланады. Оның ұнын қосымша ретінде (10-15%) бидай мен қара
бидай ұнына араластырып, нанның ерекше сорттарын пісіреді. Таза
күйінде арпадан торкөзділігі төмен, тез үгітілгіш, клейковинасының
қасиеттеріне байланысты өте төмен көлемді нан алынады.
Арпа астығы сыра қайнату өндірісінде үлкен рөл атқарады, әсіресе
сыра ашытқысын (солод) дайындауға қосқатарлы арпа сорттары өте
құнды деп есептеледі, өйткені олардың дәндері біркелкі, ірі,
ақуыздылығы төмен (9-12%), қабықтылығы аз мөлшерде (8-10%) және
жоғары өну энергиясымен (95%-дан кем емес) ерекшеленеді.
Арпа астығы халықаралық саудада да сұранысқа ие. Қазақстанның
арпа экспортының 70%-дан астамы ТМД елдеріне шығарылады, оның
ішінде негізгі және дәстүрлі сатып алушы ел қатарына Ресей жатады.
Алыс шетелдерден арпаның барынша үлкен көлемі Сауд Аравиясы мен
Иранға сатылады. Алайда Қазақстандық арпаның ТМД елдері
212
арасындағы бәсекелестік қабылеті әзірше төмен деңгейде, бағасы да
жоғары емес.
Арпаның агротехникалық та өте маңызды жақтары бар: арпа егістігі
көктемде танаптарды арамшөптерден толық тазартуға мүмкіндік
жасайды, өйткені оның себу мерзімін мамырдың соңы – маусымның
басына
қарай
жылжытуға
болады,
ол
айтарлықтай
ерте
жиналатындықтан күзгі топырақ өңдеу жүйесіне ерте жүргізуге болады
және осының нәтижесінде арамшөптерге жеткілікті қысым жасалады
(жоюға мүмкіндік молаяды).
Арпаның көпжылдық шөптерге жақсы бүркемелі (жамылғы) дақыл
ретінде де рөлі белгілі: шөптер жамылғыдан ерте босайды да жаздың
соңы мен күзде жақсы дамиды.
Арпаның ауыл шаруашылығы өндірісіндегі рөлі, арпаның дәнді
дақылдар құрамындағы үлес салмағы жөніндегі пікірталас ертеден
жалғасуда, дегенмен дамыған елдерде бұл дақылдың егіс көлемі азайған
жоқ, жекелеген жағдайларда егістігінің арту тенденциясы байқалады.
Республикада өткен жүзжылдықтың 90-жылдары жемазық
дақылдарын дамытуға қолдау болмады, арпа мен сұлы астығын сатып
алу тоқтады. Ал осылардың салдары мал шаруашылығының дамуына
кері әсер етті.
Достарыңызбен бөлісу: |