Омский-90
сорты РФ-ның Сібір АШҒЗИ-да шығарылған, түршесі
медикум, 1000 дәнінің массасы 50,0-61,5 г, орташа мерзімде (65-75
тәулік) піседі. Сорт табиғи жағдайларға бейімділігімен ерекшеленеді.
Сыралық сорт, ақуыз мөлшері - 9,0-11,5%.
Сыра қайнату бағытында өсіргенде арпа ерте мерзімде сепкенде
жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Көкшетау ауыл шаруашылығы
ғылыми-зерттеу институтының деректерінде орта есеппен 3 жылда
(2002-2004 жылдары, М.А. Аужанова) себу мерзіміне қарай Арна сорты
8-мамырда - 24,0; 15 мамырда - 21,0; 24 мамырда - 21,2; 31 мамырда -
23,6 және 7 маусымда - 22,0 ц/га астық өнімін берген, ал Омский-90
сортынан аталған себу мерзімдерінде тиісінше - 24,9; 21,3; 20,6; 22,6
және 22,3 ц/га астық жиналған. Барынша оңтайлы себу мөлшері - 4-5
млн/га өнгіш тұқым.
Сыралық арпаның сапасы көп жағдайда егінді жинау тәсілі мен
мерзіміне байланысты өзгереді. Барынша тиімдісі екі кезеңде жинау:
дәннің балауызданып пісу кезеңінде дестеге шауып, қысқа мерзімде
астығын бастырған дұрыс. Тамырында тұрып қалғанда тыныс алудың
күшеюінен дәндегі крахмал мөлшері азаяды да арпаның сыралық сапасы
төмендейді.
223
Достарыңызбен бөлісу: |