222
беріледі: арпа сырасына өзіне тән ерекшелігімен қатар (дәмі, түсі, хош
иістілігі ) басқа шикізаттарға қарағанда арпа астығының салыстырмалы
арзандығы маңызды рөл атқарады.
Жақсы сыра дайындау үшін арнайы биохимиялық құрамы бар астық
қажет, ал ол сыра қайнатуға арналған ерекше сорттардан алынады. Өте
сапалы шикізат өндіруге екі фактор- сыралық сорт пен тиісті топырақ-
климат және агротехникалық жағдайларда өсіру – мүмкіндік береді
береді.
Қазақстанда алғашқы сыра зауыттары XIX-ғасырдың екінші
жартысында пайда болды. Қазіргі уақытта елімізде ірілі-ұсақты 80-нен
аса сыра зауыттары, оның ішінде Алматыда, Астанада, Оралда,
Павлодарда, Қарағандыда ж.б. қалаларда бар және олар негізінен
импорттық шикізатпен жұмыс жасайды.
Солтүстік Қазақстанның далалы аймағында сыралық бағытта Арна
және Омский-90 сорттарын өсіру ұсынылады.
Арна
сорты В.Р. Вильямс атындағы Қазақ егіншілік ғылыми зерттеу
институтында шығарылған. Нутанс түршесіне жатады, өсіп-жетілу
кезеңінің ұзақтығы 66-75 тәулік, ерте пісетін сорт. Жапырылуға және
шашылуға төзімді, құрғақшылыққа орташа төзімді, дәндері ірі - 1000
санының массасы - 36-51 г, әмбебап сорт, сыралық бағыты бар, ақуыз
мөлшері 12%-ға дейін. Технологиялық сапасы жақсы, қара күйе
ауруымен орташа деңгейде залалданады, ал тот ауруымен заладануға
бейім.
Достарыңызбен бөлісу: