215
Қазақстанда өсірілетін сорттарының өсіп-жетілу кезеңінің ұзақтығы –
68-80 тәулік.
Арпа жылуға аз талап қояды, оның тұқымы 1-2
0
С жылылықта өне
бастайды, алайда мұндай жағдайда көктеуі 20 тәулікке дейін созылады.
5-6
0
С температурада көктеуі 8 тәулікке дейін қысқарады. Себу-көктеу
кезең – аралығы 7-ден 12 тәулік аралығында өзгереді.
Егін көгі 7-8
0
С бозқырауды (аязды) жеңіл көтереді, алайда
жекелеген сорттары одан да төмен температураны көтере алады. Бірақ
гүлдену және толысу кезеңдерінде арпа бозқырауға сезімтал.
Теспература -1
0
С-ға дейін төмендегенде оның жатыны мен
тозаңдықтары жарақаттанады. Толысу және пісу кезеңдеріндегі шамалы
бозқыраудың өзі (-1,5
0
С) өсімдікке әсер етпегенмен дәннің тұқымдық
сапасын күрт төмендетеді.
Арпа
жоғары
температураларға
өте
төзімді.
38-40
0
С
температураның үздіксіз әсерінен устьицелер (саңылаулар) сал ауруына
тек қана 30-35 сағаттан соң ұшырайды. Оны әділ түрде ыстыққа төзімді
өсімдіктер қатарына қосады. Сондықтан Қазақстанның барлық
аймақтарында арпа жоғары астық өнімін береді.
Арпаның өсіп-даму цикліне қажет тиімді температура жиынтығы:
ерте пісетін сорттарына – 1000-1500
0
С және кеш пісетін сорттарына
1900-2000
0
С. Осы себептен арпаны еліміздің барлық егіншілік
аймақтарында өсіруге болады
Арпаның ылғалға қажетсінуі жоғары емес. Ылғалға шамалы талабы
өне бастағаннан бүкіл өсіп-жетілу кезеңдерінде көрініс табады.
Дегенмен бүкіл кезеңдерінде арпа өсімдіктері ылғалды біркелкі талап
етпейді.
Көктеу-масақтану
кезеңдеріндегі
ылғал
жетімсіздігі
өсімдіктердің өсуін тежейді. Түптенуді, масақшалар мен дән санын
төмендетеді. Масақтану – пісу кезеңіндегі құрғақшылық пен жоғары
температура 1000 дәннің массасы мен олардың толысуын азайтады.
Арпа құрғақшылыққа төзімді өсімдік, алайда өнімнің төмендеу
деңгейі сортқа және өсіру технологиясының тиімді шараларын
қолдануға байланысты өзгереді. Оның транспирациялық коэффициенті
350-450.
Арпадан
жоғары
өнім
қалыптастыру
үшін
өсімдіктерді
теңдестірілген қоректенумен, әсіресе бастапқы кезеңдерде фосфор,
калиймен, сонымен қатар бүкіл өсіп-жетілу кезеңдерінде азотпен
қамтамасыз еткен дұрыс. 10 ц астық және соған сәйкес вегетативтік
массасын қалыптастыруға арпа дақылы 26 кг азот, 11 кг фосфор және 28
кг калий шығындайды.
Арпа бидайға қарағанда топыраққа аз талап қояды деп есептелінеді.
Алайда бұл арпаны құнарлығы өте төмен топырақтарда өсіре беруге
болады деген сөз емес. Қазақстанда арпадан жоғары астық өнімін
барлық қара және қара-қоңыр топырақтарда алуға болады. Сортаң, кебір
әрі құмдақ топырақтардың арпаға жарамдылығы шамалы, ол үшін
216
топырақтың әлсіз қышқыл, ортасы оңтайлы болып табылады (рН
көрсеткіші 5,5-тен төмен болмағаны дұрыс).
Жақсы астық өнімі жеңіл саздақ топырақтарда қалыптасады, алайда
ауыр, толқымалы өте ылғалданған топырақтар арпаға жарамсыз.
Достарыңызбен бөлісу: