Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет200/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   490
Байланысты:
index (15)

Таралуы  мен  өнімі.

  Арпа  бидай  сияқты  ертеден  өсіріліп  келе 

жатқан  дақыл  (б.э.  дейінгі  VI-V  мыңжылдық).  Оның  шыққан  тегі 

Алдыңғы Азия деп есептеледі. 

Дүниежүзілік  егіншілікте  астық  дақылдарының  ішінде  арпа 

маңызды  орын  алады  және  жыл  сайын 30  млн.  га  астам  жерге  себіледі. 

Оны  Қытай,  Үнді,  АҚШ,  Батыс  Европа,  кіші  Азия  елдерінде  өсіреді. 

ТМД  елдерінің  ішінде  арпа  өндірісі  негізінен  Украина  мен  Ресейде, 

айтарлықтай  егістігі  Балтық  жағалауы  елдерінде,  Белорусь,  Закавказье 

және біздің Қазақстанда. 

Қазақстанда  орта  есеппен  2005-2009  жж.  жыл  сайын  1,8  млн.  га 

алқапқа  себілсе,  оның  60%  Солтүстік  облыстардың  үлесінде  (Ақмола, 

СҚО,  Қостанай  және  Павлодар).  Осы  жылдары  еліміздегі  арпа 

астығының  орташа  өнімі  12,1  ц/га  болды.  Алайда  бұл  дақылдың 

потенциалды  өнімі  әлде  қайда  жоғары  және  аймақ  жағдайында  20-25 

ц/га және одан артық. 

Арпа  өсімдігінің  өнімділік  потенциалының  төменгі  деңгейде 

пайдаланылуы  негізінен  оның  өсірілуі  «қалдық»  технологиясы 

принципінде  дақылдың  морфологиясы  мен  биологиялық  ерекшеліктері 

аса ескерілмей іске асырылып келеді. 



Арпа  сүріден  кейін  4-5  дақыл  ретінде  өсіргеннің  өзінде  бидайдан 

1,5-2,0  ц/га  артық  астық  өнімін  береді.  Сондықтан  арпаны  ауыспалы 

егіске  енгізу  астық  өндірісін  айтарлықтай  арттыруды  қамтамасыз 

етеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет