Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет197/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   490
Байланысты:
index (15)

Оренбургская  10

  –  Орынбор  ауыл  шаруашылығы  ҒЗИ-да  (Ресей 

Федерациясы)  Оренбургская  2  сортынан  жеке  сұрыптау  тәсілімен 

шығарылған.  Түршесі  –  Гордейформе.  Орташа  мерзімде  піседі,  1990 

жылдан Павлодар, Ақтөбе облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. 

 

Өсіру  технологиясының  ерекшеліктері

Өндірістік  тәжірибе 

көптеген  жағдайда  қатты  бидайды  жұмсақ  бидайға  жасалған  кепілдеме 

бойынша өсіреді. Жаздық қатты бидайдың биологиялық ерекшеліктерін 

ескермейтін  бұл  кепілдемелер  аталған  дақылдың  сапалы    астық  өнімін 

арттыра  алмайды.  Жоғарыда  атап  өткеніміздей,  жаздық  қатты  бидай 

танаптарының  арамшөптерден тазалығына, ылғал мен қоректік заттарға 

үлкен  талап  қояды.  ҚР  АШМ-нің  «Казагроинновация»  АҚ-ның  «А.И. 

Бараев  атындағы  Қазақ  астық  шаруашылығы  ғылыми-зерттеу 

институты»  ЖШС-нің,  «С.Сейфуллин  атындағы  Қазақ  агротехникалық 

университеті»  АҚ  және  Қазақстанның  басқа  да  ғылыми  мекемелерінің 

зерттеулері  көрсеткендей,  қатты  бидайға  таза  сүрі  жері  өте  жақсы  алғы 

дақыл  болып  табылады.  Тәуір  алғы  дақылға  тары,  сүрлемдік  жүгері, 

біржылдық  қоңырбас  және  бұршақ  тұқымдас  шөптер  қоспасы,  жасыл 

балаусаға  өсірілген  күздік  қара  бидай  жатады.  Солтүстік  Қазақстан 

жағдайында  сүрі  емес  алғы  дақылдан  таза  сүрі  танабының 

артықшылығы  жаздық  қатты  бидай  1,0-3,9  ц/га,  немесе  6,6-25,7% 

қосымша  өнімімен  дәлелденеді,  ал  астық  алғы  дақылдар  мен 

салыстырғанда бұл көрсеткіштер 2,1-2,9 ц/га , немесе 15,7-20,4% болды. 

Жаздық қатты  бидайды  өзінен  кейін орналастыруға  болмайды.  Өйткені 

бір  орында  қатты  бидайды  бірнеше  жыл  қатарынан  өсіргенде  аталған 

дақыл  гүл  кенесі  мен  қатты  жарақаттанады,  масақтың  бір  бөлігі,  тіпті 

бүтіндей масақтар шіріп кетеді де астық өнімі күрт төмендейді. 

 

Қуаңшылық  жылдары  қатты  бидай  ылғал  жетімсіздігіне  сезімтал, 



жұмсақ  топырақтарға  қарағанда  қыртыста  аз  өнім  береді.  Ылғалды 

жылдары  керісінше,  тың  және  тыңайған  жерлердің  қыртысы  қатты 

бидай үшін жақсы алғы дақыл. 

 

Тұқымды  себуге  дайындау  жұмсақ  бидайға  ұқсас.  Қатты  бидайды 



өсіргенде  кем  дегенде  өсу  күші  70%және  1000  тұқымның  массасы    40г 

бірінші  класты  тұқым  себіледі.  Біздің  зерттеулерімізде  (Қ.К.  Әрінов, 

1998) жаздық қатты бидайдың өсу күші (100 өскіннің массасы), далалық 

өнгіштік  пен  егін  өнімінің  төмендегені  тек  ұсақ  тұқым  фракциясында 

ғана байқалады. 

 

Себу  мерзімі

.  Солтүстік  Қазақстанда  қатты  бидайдың  өнімі  мен 

сапасына  айтарлықтай  әсер  етеді.  ҚР  АШМ-нің  «Казагроинновация» 

АҚ-ның  «А.И.  Бараев  атындағы  Қазақ  АШҒЗИ»  зерттеулерінде  орта 

есеппен  6  жылда  жаздық  қатты  бидайдың  мамырдың  5  жұлдызынан 




 

209 


маусымның  5-не  дейін  әрбір  бес  күн  сайын  сепкенде  ең  жақсы 

нәтижелер  мамырдың  20-30  аралығында  себілген  алқаптан  алынды, 

алайда егістіктің ерте күзгі бозқырау әсеріне  ұрынбауы үшін Солтүстік 

Қазақстан,  Қостанай  және  Ақмола  облыстарында  оны  20-25  мамырда 

сепкен  жөн.  Ал  Павлодар  облысының  бірінші  аймағында  оны  23-27 

мамырда,  екіншісінде  18-23,  үшіншісінде  15-20  және  төртінші 

аймағында 12-18 мамырда сепкен дұрыс. Себу мөлшері – жаздық қатты 

бидай  өсіру  технологиясындағы  маңызды  агротехникалық  шара. 

Қостанай, Ақмола облыстарының шаруашылықтары үшін оңтайлы себу 

мөлшері  2,5-3,5  млн/га  өнгіш  тұқым  себіледі.Қара  қоңыр  топырақты 

аймақтың  шаруашылықтарында  2,5-3,2,  ал  қара  топырақты  аймақта  - 

2,8-3,5 млн/га өнгіш тұқым себіледі. 

 

 Солтүстік  Қазақстан  облысының  шаруашылықтарының  бірінші 



аймағында  4,0,  екінші  аймағында  -  3,0-3,5,  ал  үшінші  аймағында    -  2,5-

3,0  млн/га  өнгіш  тұқым  себу  ұсынады;  Қостанай  облысының  бірінші 

аймағында  3,2-3,6,  екіншісінде  -  3,0-  3,4  млн/га  өнгіш  тұқым  себіледі. 

Павлодар  облысының  бірінші  аймағында  2,5-3,0,  екінші  және 

үшіншісінде  2,2-2,4,  ал  төртінші  аймағында  1,9-2,1  млн/га  өнгіш  тұқым 

сепкен  дұрыс.  Аталған  себу  нормалары  қатты  бидайдың  нақты  өсіру 

ауданына,  алғы  дақылға,  себу  алдындағы  тиімді  ылғал  қорына,  өсіру 

технологиясының  басқа  элементтеріне  қарай  өзгеруі  мүмкін.  Тиісті 

аймақтарда    топырақ  ылғалдылығы  жетімсіз  болғанда  ұсынылған  себу 

нормаларының  төменгі  шегі  пайдаланылады,  ал  ылғалды  аудандарда  –

жоғары шегі қолданылады. 

 

Себу  тәсілдері  мен  тұқым  сіңіру  тереңдігіне  байланысты  жаздық 



жұмсақ бидайдан айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Атап өту керек, ҚР 

АШМ-нің  «Казагроинновация»  АҚ-ның  «А.И.  Бараев  атындағы  Қазақ 

АШҒЗИ»  (Қасқарбаев  Ж.А.,  Кидралин  А.И.,  2003)  танаптық 

тәжірибелерінде  орта  есеппен  4  жылда  Дамсинская  90  жаздық  қатты 

бидайының  тұқымдарын  4,6,8  және  10  см  тереңдікке  сіңіргенде  астық 

өнімі тиісінше 12,4; 11,9; 11,4 және 10,4 ц/га құрады да, 10 см тереңдікте 

ғана астық өнімі күрт төмен болды. 

 

Жаздық қатты бидай егістігін күтіп-баптау жаздық жұмсақ бидайға 



ұқсас.  Бір  көңіл  аударатын  жәйт,  қатты  бидай  гүл  кенесімен 

жарақаттануы мүмкін және мұндай жағдайда өнім күрт төмендеп, астық 

сапасы  нашарлайды.  Сондықтан  қатты  бидай  тұқымын  себуге 

дайындағанда  күнілгері  оны  Прометрин  40  инсектицидті  дәрілегішпен 

өңдейді,  мұның өзі егін көгін гүл кенесінен сақтайды. Аммофос негізіне 

жасалған 

1,6 

процентті 



түйіршіктелген 

фамидофос 

топырақ 

инсектицидін  қолдануға  да  гүл  кенесінен  қорғап,  айтарлықтай  өнім 

алуға болады. 

 

Гүл кенесінің жаппай дамыған жылдары 1,0-1,5 л/га 50% бициклад 



э.к. немесе 0,15-0,25  л/га 2,5% денис э.к. қолдану жақсы нәтиже береді. 

Аталған  препараттармен  қатты  бидай  егістігін  көктеу-түптенудің 

басында өңдейді (Н.И.Можаев, Қ.К. Әрінов ж.б., 1993ж). 



 

210 


 

Егінді  жинау.

  Бидайды  жинау  күрделі  жұмыс,  оның  күрделілігі 

егістік  аумағы,  көп  жұмылдырылуымен  ғана  емес,  көп  жағдайда 

қолайсыз  ауа-райы  жағдайларына  сәйкес  келеді  де,  астық  шығыны  мен 

сапасының төмендеуіне ұрындырады. 

Егін  жинауда  екі  тәсілді  қолданады:  бөлектеп  жинау  және  тікелей 

орып бастыру. 

Егістік бітіктігі мен арамшөптен тазалығы жақсы болғанда және ауа 

райы қолайлы қалыптасқанда  бөлектеп жинау тәсілін қолданған дұрыс. 

Бұл егін жинауды ерте бастауға мүмкіндік береді, дәннің шашылып қалу 

шығынын  азайтады,  дестелер  жақсы  дегдігенде  құрғақ  астық  алынады, 

жинау кезеңінің өзінде-ақ астық жақсы тазартылады.   

Егер  егістік  аласа,  сирек  өссе,  ауа-райы  жиі  түрде  өзгермелі  әрі 

жаңбырлы болса, дұрысы оны тікелей орып бастырған жөн. 

Жалпы  айтқанда,  бидай  егістігін  жинау  мерзімі  мен  тәсілі  әрбір 

шаруашылық  танаптарда  қалыптасқан  жағдайларды  ескере  отырып 

жүргізіледі. 

Бөлектеп жинауға бидай астығының орташа ылғалдылығы 32-35 %-

ға  жеткенде  кірісе  беруге  болады.  Бұл  кезеңде  (балауызданып  пісудің 

ортасы) дәнге пластикалық заттардың жинақталуы негізінен тоқталады. 

Жаздық  бидайды  тікелей  орып  бастыруды  астықтың  ылғалдылығы 

20  %-дан  төмен  түскенде  (іссанада  көбінесе  18-16  %  жеткенде,  оның 

толық пісу кезеңінде  бастаған абзал. 

 

 



 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет