Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ


Пайдалануға рұқсат етілген сорттар



Pdf көрінісі
бет204/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   490
Байланысты:
index (15)

Пайдалануға рұқсат етілген сорттар:  

 

Ерте  пісетін:

 

Арна 

–  (Ақмола,  СҚО,  Қостанай  облыстарында); 



Сәуле,  Бәйшешек

 

(Жамбыл,  Қызылорда,  Онтүстік  Қазақстан 



облыстарында). 

 

Орташа  мерзімде  пісетіндер:  Целинный  91

  (Ақмола,  Павлодар, 

Шығыс  Қазақстан  обл.); 



Донецкий  8 

(Ақмола,  Қостанай,  СҚО, 

Қарағанды,  Ақтөбе,  Шығыс  Қазақстан,  Батыс  Қазақстан,  Оңтүстік 

Қазақстан  обл.); 



Медикум  85

  (Ақмола,  Қостанай,  Павлодар,  СҚО); 



Гранал

  (Қостанай  обл.); 



Кедр 

(Ақмола,  СҚО), 



Карабалыкский

  150 


(Қостанай обл.); 

Жұлдыз

 (Алматы, Қызылорда обл.). 

 

Ортадан кеш пісетін: Омская 87

 (Ақмола, СҚО). 

 

Себу  мерзімі.

  Арпа  барынша  ерте  мерзімде  себілетін  дақылдар 

қатарына  жатады,  ылғалмен  қамтамасыз  етілмеген  тәлімі  жерлерде 

танаптарға  алғашқы  шығу  мүмкіндігі  туғанда  себеді.  Оңтүстік 

облыстарда және Шығыс Қазақстан таулы-далалы аймағында топырақта 

жинақталған  ылғалды  толық  пайдалансын  деген  мақсатпен  ерте 

көктемде  себеді.  Батыс  Қазақстан  мен  Шығыс  Қазақстанның  негізгі 

аймақтарында  оңтайлы  себу  мерзімі  –  15-25  мамыр,  ал  Орталық 

Қазақстанда  –  25-28  мамыр  аралығы.  Солтүстік  Қазақстанда  астыққа 

өсіргенде  де,  мал  азығына  өсіргенде  де    мамырдың  соңы  –  маусымның 

басында  сепкенде  жақсы  өнім  алынады,  өйткені  бұл  уақытқа  дейін 

танаптар  арамшөптерден,  оның  ішінде  қара  сұлыдан  да,  жақсы 

тазартылады, жазғы мол жауын-шашын тиімді пайдаланылады. 

 

Себу  тәсілі.

  Әзірше  арпаның  негізгі  себу  тәсілі,  басқа  дәнді 

дақылдар  сияқты,  жаппай  қатардағы  себу  болып  табылады,  бірақ 

ылғалды  аймақтарда  тар  қатарлы  және  тоғыспалы  тәсіл  жақсы  нәтиже 

береді – қосымша астық өнімі 2-3 ц/га жетеді. Бұл тұқымдардың танапта 

біркелкі  орналасуымен  және  қоректік  заттар  жақсы  пайдаланылуымен 

түсіндіріледі.  Оның  үстіне  шабылған  дестелер  егістік  паясында  жақсы 

ұсталады да бастырғанда астық шығынын азайтады. 

 

Себу мөлшері

  өсірілу  аудандарына  байланысты  2,5-нан  5,5  млн/га 

өнгіш  тұқымға  дейін  өзгереді.  Қуаңшылықты  аудандарда  2,5-3,5  млн/га 

өнгіш  тұқым,  ылғалы  жеткілікті  аймақтарда  3,5-4,0  млн/га,  суармалы 

жерлерде – 4,0-5,5 млн/га өнгіш тұқым. 

 

Тұқымның  сіңірілу  тереңдігі.

  Тұқымның  сіңіру  тереңдігін 

анықтағанда  топырақтың  механикалық  құрамы  мен  ылғалдылығына, 

тұқымның  сапасы  мен  себу  мерзіміне  байланысты  нақты  шешкен  жөн. 




 

219 


Тым  терең  сіңіру  де,  немесе  тым  саяз  сіңіру  де  арпа  үшін  жарамайды. 

Тұқымды  терең  сіңіргенде  танаптық  өнгіштік  төмендейді,  егін  көгі  2-3 

тәулік  кеш  әлсізденіп  шығады  да    арамшөптермен  қатты 

тұншықтырылады.  Әлсіз  өскін  өсімдіктердің  жақсы  дамуы,  жоғары 

өнімділігін қамтамасыз ете алмайды. 

  Оңтайлы  сіңіру  тереңдігі  арпа  үшін  5-6  см,  алайда  топырақтың 

беткі  қабаты  кебіңкіреп  кеткенде  тұқымды  6-8  см  дейінгі  тереңдікке 

сіңіреді.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет