Биологиялық ерекшеліктері
.
Тары жаздық түрде ғана өсіріледі.
Тары
сорттары
вегетациялық
кезеңінің
ұзақтығына
қарай
көптүрлілігімен ажыратылады: 50-70 тәулікте пісетін ерте сорттарымен
қатар, 100-120 тәулікте кеш пісетін сорттары да бар. Қазақстанда
өсірілетін сорттарының вегетациялық кезең ұзақтығы 75-85 тәулік.
Тарыда, басқа да дәнді астық дақылдары сияқты, алты өсу және
даму кезеңдері бар: егін көгі, түптену, түтікке шығу, шашақтану,
гүлдену және пісу. Себуден егін көгіне және көктеуден түптенуге дейінгі
кезеңаралық ұзақтығы барлық экологиялық –жағрапиялық топтарында
шамамен бірдей және топырақ температурасы мен ылғалдылығына
байланысты өзгереді. Егін көгі сепкеннен 3-20 – тәулікте пайда болады,
ал түптенуі көктеуден кейін 10-30 – тәулікте жүреді. Көктеуден
шашақтануға және шашақтанудан пісуге дейінгі кезеңаралық ұзақтық
тиісінше 25-80 және 25-30 тәулікті құрайды, ол ауа-райына және
сорттың пісу мерзіміне (піскіштігіне) байланысты.
Тары тұқымы айқын байқалатын егін жинағаннан кейінгі пісіп
жетілу кезеңімен ерекшеленеді, сақтауда 20 жылға дейін өнгіштік
қабілетін сақтайды және өз массасының 25-34 % ылғалды сіңіргеннен
кейін өне бастайды. Тары өсімдігі алғашқы уақытта өте баяу өсу
қарқынымен ерекшеленеді, ал бұл арамшөптерге өте сезімтал етеді.
Өсімдігінің биіктігі вегетациясының соңына қарай 1,0-1,5 м жетеді.
Қоректену алаңының өсуіне байланысты тары күшті түптенуге бейім.
Тарының тамыр жүйесі шашақты, 1 м тереңдікке бойлайды. Түп
232
тамырларының ұзындығы 60 см-ге дейін жетеді, өсімдік тіршілігінің
соңына
дейін
тірі
болады
және
вегетациясының
қолайсыз
жағдайларында белгілі бір мөлшерде аз да болса өнім қалыптастырады.
Тарының тамыр жүйесінің қуаттылығы тұқымдық материал сапасына да
байланысты. Тарының түптенуі мен түйін тамырларының өсуі ылғал
жеткіліксіздігі мен топырақтың нашар жылынуынан баяу жүреді, тіпті
бөгеледі.
Топырақ температурасы 6-10
0
С тамыршалардың өсуі мүлде
ақырындайды, 18
0
С дейін жылынғанда түп және түйін тамырларының
өсуі мен бұтақтануы күшейе түседі. Жоғары температурада және
топырақтың беткі қабаты шапшаң кебе бастағанда түйін тамырлардың
қалыптасуы тоқтап қалуы да мүмкін. Тары өсімдігіне тән сипат –
алғашында тамыршалардың өсуі өскіндерге қарағанда тезірек. Тамыр
жүйесінің негізгі массасы шашақтануға дейін түзіледі. Гүлдегеннен
кейін тамыр жүйесінің массасы шамалы ғана артады.
Тары өздігінен тозаңданатын өсімдік. Гүлденуі шашақтанудан 2-8
тәулік соң басталады және ол таңғы 08-ден 15
00
-сағ. аралығында
шашақтың жоғары бөлігінен бастап жүреді. Бір гүлдің гүлдену ұзақтығы
15-40 мин., ал бір өсімдіктегі шашақтың гүлденуі сорт пен ауа-райына
байланысты 6-дан 20 тәулікке дейін созылады. Тарының маңызды
биологиялық ерекшелігіне оның жоғары өнімділігі жатады. Жақсы
шашақ (сіпсебас) жалпы массасы 8-10 г болатын 600-1200 дән
қалыптастырады, салыстыру үшін – жақсы бидай массасы 1,0-1,5 г
болатын 25-30 дән түзеді.
Тары өсу жағдайларын жақсартуға өте жоғары талап қояды. Ол –
жылусүйгіш өсімдік. Оның тұқымдары 5-10
0
С жылылықта ақырындап
өне бастайды, ал 15-20
0
С-да – шапшаң көктейді (3-4 тәулікте).
Вегетациясының бас кезіндегі төменгі температура тарының баяу өсуін
одан сайын төмендетеді, ал ұзақ мерзімді орташа температура 6-10
0
С
және бұлыңғыр ауа-райы фотосинтезді әлсіретеді де егін көгінің опат
болуына ұрындырады. Төменгі температура шашақтану мен пісу
кезеңдерін ұзартып жібереді. Тары бозқырауды нашар көтереді, алғашқы
1-2 жапырақ кезеңінде төзімдірек болғанымен - 2-3
0
С – жарақаттанады
және - 3,5-4
0
С–да опат болады; 3-жапырақ кезеңінде өсімдіктері тіпті -
1,5
0
С-да жарақаттанады, гүлдену кезеңінде - 1,2
0
С бозқырауға сезімтал;
пісу кезеңіндегі егістік ондай бозқырауда сирек жарақаттанады. Өсіп-
жетілу кезеңінде сорттарына байланысты тарының белсенді температура
жиынтығы 1800-2000
0
С аралығында өзгереді.
Тары – негізінен ыстық және құрғақшылықты климат өсімдігі.
Оның өнуіне тұқым массасының 25 % ылғал жеткілікті,
транспирациялық коэффициенті – 200-250, немесе бидай мен
қарақұмыққа қарағанда 1,5-2 есе төмен. Бүкіл қажетті ылғалдың 90%-
ын тары түптену кезеңінен кейін шығындайды. Тары өсу және даму
кезеңдерінде ылғалды әркелкі шығындай отырып тіршілігінің алғашқы
233
үштен бірінде барлық ылғалдың 27%, екіншісінде - 41%-ын, соңғысында
- 33%-ын пайдаланады.
Ылғалды барынша көп қажетсінуі оның шашақтану кезеңіне сәйкес
келеді.
Тары ағзасының ұзақ мерзімде ылғал тапшылығын көтеруі мен
тамыр жүйесінің айтарлықтай бөлігінің топырақ бетіне таяу орналасуы
оның құрғақшылықты жылдары кеш түсетін аздаған жауын-шашынның
өзінде тез өсіп, жоғары өнім беру қабілетімен ерекшеленеді, ал мұндай
жағдайда басқа астық дақылдары анағұрлым төмен астық өнімін береді.
Ылғалға қажетсінуі шамалы болғанымен тары астықтан мол өнім
қалыптастыру үшін топырақ ылғалдылығын суару немесе басқа да
тәсілдермен молайтуды қалайды.
Тары – қысқа күннің өсімдігі, жарық күннің ұзақтығы оның
вегетация кезеңін ұзартып жібереді. Алайда сібірлік сорттар жарық
факторына онша әсер ете қоймайды және ұзақ жарық күннің өзінде
жақсы пісіп жетіледі. Дегенмен тары дақылы пісу кезеңінде басқа астық
дақылдарымен салыстырғанда жарық сүйгіштігімен ерекшеленеді.
Әсіресе тұтас шашақты тары сорттары толысудан дәннің пісу кезеңіне
дейінгі аралықта жарыққа жоғары талап қояды – жаздың екінші
жартысындағы бұлтты, бұлыңғыр ауа-райы дәннің қалыптасу кезеңін
кешеуілдетіп, тары вегетациясын ұзартып жібереді.
Топыраққа тары жоғары талап қоймайды, ол әртүрлі топырақтарда
өсе алады және жақсы астық өнімін қамтамасыз етеді (қара, күңгірт-
қоңыр, сұр, сортаңдау ж.б. топырақтар). Арамшөптерден таза, жеңіл
сіңімді қоректік заттары мол, құрылымды топырақтар тарыға барынша
жарамды, құрғақшылықты аудандарда айтарлықтай байланысқан, ал
жеткілікті ылғалды аудандарда жақсы жылынатын жеңіл топырақ мол
өнім кепілі болып табылады. Дәнді астық дақылдарының ішінде
қышқыл ортаға барынша төзімді. Алайда оған дұрысы бейтарап, немесе
әлсіз сілтілі орта (рН = 6,5-7,5).
Достарыңызбен бөлісу: |