Шортандинское 7.
Сорт ҚР АШМ-нің «Бараев атындағы астық
шаруашылығы Қазақ ҒЗИ» РММ-де шығарылған. Ортадан кеш мерзімде
піседі, жоғары өнімді технологиялық, жармалық сапасы жақсы. Ақмола
сортсынау учаскелерінде көпжыл бойы 15,3-тан 22,6 ц/га дейін астық
өнімін қамтамасыз етті. Ақмола облысында өсіруге рұқсат етілген.
Уральское 109.
Бұрынғы Орал облыстық ауыл шаруашылығы
тәжірибе станциясында шығарылған. Түршесі-сангвинеум. Ортадан кеш
пісетін сорт. Дәндері ірі, 1000 санының массасы - 7,7-8,1г, дәмдік сапасы
жақсы, қабықтылығы 16-17%, жармасының шығымы ортадан жоғары
(83%). Батыс Қазақстанда өсіріледі.
Старт
- РФ-ның Оңтүстік–Шығыс ауыл шаруашылығы ғылыми
зерттеу институтында шығарылған. Түршесі – Сангвинеум, орташа
мерзімде піседі, шашылуға орташа төзімді, қара күйеге шалдығуға
бейім. Технологиялық жармалық сапалары өте жоғары, дәндері ірі, 1000
санының массасы - 7,3-8,6г, дәнінің қабықтылығы 17%, жармасының
шығымы 78% Ақтөбе облысында өсіруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |