Сурет 12. Сұлы. 1,2 – г; б - үлденушашақ және егін көгі кезеңдеріндегі өсімдіктердің
жалпы көрінісі; а – сіпсебас (шашақ); б – дән; в - әртүрлі сұлы түрлері мен түршелерінің
масақшасы: 3 – егістік қабықты сұлы; 4 – жалаңаш дәнді егістік сұлы; 5 – кәдімгі қара сұлы
225
орталық біліктен тұрады және ол сабақтың жалғасы болып табылады,
одан 2-3 – дәрежелі бұтақтар тарайды, әрбір бұтақтың басында 2-3 гүлді
немесе көпгүлді масақшалар орналасқан. Масақша қауыздары
(қабықшалары) ірі, әрі жалпақ (кең), жарғақты және көпжүйкелі. Гүл
қауыздары дәнді тығыз қаптаған (бүркеген). Дәннің бүкіл беті жұмсақ
түктермен көмкерілген.
Жабайы сұлы түрлері астық дақылдары және басқа танаптық
дақылдар егістіктерін ластайды.
Қоршаған орта факторларына қоятын талаптары (биологиясы).
Температураға (жылуға) талаптары.
Сұлы – қоңыржай климаттың
өсімдігі. Тұқымдары 1-2
о
С өне бастайды. Көктеу мен түптену
кезеңдерінде салқындау (15-18
о
С) ауа-райы дұрысырақ. Егін көгі қысқа
мерзімді бозқырауды (аязды) – 7-8
о
С – жақсы көтереді. Өсімдіктерінің
дамуына қарай оның төменгі температураға төзімділігі төмендей береді
және гүлдену кезеңіндегі бозқырау (-2
о
С) ол үшін қауіпті. Толысу
кезеңінде салқынға сезімталдығы шамалы, оның астығы (дәндері) – 4-
5
о
С бозқырауды қалыпты көтереді.
Өсіп-жетілу (вегетация) кезеңінде сұлы үшін белсенді температура
жиынтығы ерте пісетін сорттарында – 1000-1500
о
С, орташа
мерзімдегілерінде – 1350-1650
о
С, ал кеш пісетін сорттарында – 1500-
1800
о
С.
Сұлы тез дамитын тамыр жүйесіне байланысты жаздық бидай мен
арпаға қарағанда көктемгі құрғақшылықтан аз зардап шегеді.
Жоғары температура және жазғы ауа құрғақшылығын жаздық
бидай мен арпаға қарағанда сұлы нашар көтереді. 38-40
о
С-да 4-5
сағаттан кейін сұлы өсімдігінің устице құрылымы сал ауруына
шалдығады (ал жаздық бидайда ол 10-17 сағ., арпада – 25-30 сағ. соң
басталады).
Дәннің
толысуы
сұлыда
бидайға
қарағанда
төменірек
температурада қалыпты жүреді. Сұлы жоғары температурадан осы
кезеңінде ғана емес, сонымен қатар гүлдену және дәннің толысу
кезеңдерінде де қиыншылық көреді. Ыстық ұруға сұлы өте бейім келеді.
Оның үстіне жапырақтар жасыл күйінде қурап қалады, масақша
қауыздары ағарып кетеді. Вегетативтік мүшелерінің қалыптасу
кезеңдеріндегі оңтайлы температура 12-16
о
С.
Ылғалға талаптары.
Сұлы ылғалсүйгіш өсімдік. Қабықты
(қауызды) дәндері жалаңаш дәнді дақылдарға қарағанда бөрту үшін
көбірек ылғалды талап етеді.
Сұлының тұқымы өну кезеңінде өзінің массасының 65 %-дай су
сіңіреді. Сұлының транспирациялық коэффициенті 400-600 аралығында
өзгереді. Оның ылғалмен салыстырғандағы қиын-қыстау кезеңі
өсімдіктердің
түтікке
шығуынан
шашақтануға
дейін,
әсіресе
шашақтануға 10-15 тәулік қалған кездегі топырақтағы ылғал тапшылығы
өте қауіпті.
226
Сұлы барынша жоғары астық өнімін ылғалды, жаздың бірінші
жарытысындағы
жауын-шашынды
жылдары
береді.
Солтүстік
аудандарда жаздың екінші жарытысында жауатын мол ылғалды сұлы
нашар пайдаланады, өсімдіктерде сабан өркендер түзіледі де вегетация
кезеңі созылып кетеді, нәтижесінде бозқырауға дейін сұлы пісіп
үлгермейді.
Топыраққа талаптары.
Сұлы салыстырмалы түрде топырақ
талғамайды, алайда құмдақ және сортаңдау топырақтарда нашар өседі де
сазданған жерлерді көтере алады. Ол үшін барынша байланған, қиын
еритін түрде болса да қоректік заттары көп топырақтар жарамды. Басқа
астық дақылдарына қарағанда қышқыл мүкті алқаптарда жақсы өсе
береді. Сортаңдаған топырақтардың оған жарамдылығы шамалы.
Өсіп-жетілу (вегетация) кезеңі - 70-100 тәулік.
Өсіруге рұқсат етілген сорттары:
Достарыңызбен бөлісу: