Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет191/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   490
Байланысты:
index (15)

Ауруларға  қарсы  күрес.

  Қазақстанның  көптеген  аудандарында 

жаздық  жұмсақ  бидайдың  кең  тараған  ауруларына  тамыр  шірігі, 

гельминтоспориоз, қара күйе, септориоз, тот ж.б. жатады. Оларға қарсы 

күрес  кешенді  түрде  егістіктің  фитосанитарлық  және  химиялық 

шараларды  қарастырады.  Агротехникалық    шаралар  негізінен  себуге 

дейін, ал химиялық-себуге дейін және себілгеннен кейін жүргізіледі. 

 

Жоғарыда  себуге  дейінгі  шаралар  қарастырылған.  Жаздық  бидай 



егістігінде  химиялық  қорғауды  аурудың  даму  ерекшеліктерін  ескере 

отырып  жүргізеді.  Ол  үшін  әрбір  танапта    20орыннан  кем  дегенде  10 

өсімдіктен алып талдайды. Егер түптену-түтіктенудің басы кезеңінде бір 

сабаққа 0,5 және одан да көп тот пустуласы, ал қоңыр тоттың жапырақта 

1-2  пустуласы  болса  егістік  бірден  химиялық  жолмен  өңделеді.  Екінші 

өңдеу жұмысы біріншіден кейін 6-10 күннен соң жүргізіледі.  

 

Септориозға  қарсы  химиялық  өңдеудің  қажеттігі  зиянның 



экономикалық  шегімен  анықталады,  ал  ол  өсімдіктің  кем  дегенде  5% 

зақымданған бөлігін құрастырады. 

 

Қара  күйе,  тамыр  шірігі  аурулары  тұқымды  дәрілегенде  жақсы 



басылады, ол жөнінде жазылған. 

 

Жаздық  бидайдың  гүлдену  кезеңіне  дейін  қауіпті  ауру  түрлері 



байқалғанда  мынадай  фунгицидтерді  қолдануға  болады:  қоңыр  тот, 


 

204 


септориозға 

қарсы 


Альто 

супер 


330, 

к.э. 


(0,4-0,5 

л/га); 


гельминтоспориозға  қарсы  Агат  25  к.т.п.с.  (10,0  мл/га);  ақұнтақ 

(мучнистая  роса),  қоңыр  тот,    гельминтоспориоздық  теңбілдікке  қарсы 

фалькон  46%,  к.э.  (0,4-0,6  л/га),  фоликур  ВТ,  22,5  %,  к.э.  (0,5-0,7  л/га), 

Рекс, 12,5% к.с. (0,5-0,8 л/га) препараттарының бірімен өңделеді. 

 

Зиянкестерге  қарсы  күрес.

  Қазақстанның  солтүстігінде  жаздық 

жұмсақ  бидай  өсімдіктері  мен  өніміне  жолақ  астық  бүргесі,  сабақ 

бүргесі, бидай трипсі, сұр астық көбелегі, табынсыз крест шегірткесі т.б. 

көп таралған зиянкестер айтарлықтай зиян келтіреді. 

 

Аталған  зиянкестерге  қарсы  тиімді  күрес  жолдарының  бірі  жаздық 



бидай егістігінде химиялық қорғау тәсілін қолдану болып табылады. Бұл 

тәсіл  егістікте  зиянкестер  саны  экономикалық  зиянды  шекке  жеткенде 

тиімді:  жолақты  астық  бүргесі-  бір  шаршы  метрде  қуаңшылықты 

жылдары 300-400 және ылғалды жылдары 500-600 дана болғанда; сабақ 

бүргесі  көктеу  мен  түптену  кезеңінде  сачоктың  10  сермелуіне  20-30 

дана; бидай бүргесі сачоктың 20 сермеуіне 600, немесе бидай сабағының 

өсуі  мен    жапырақ  жалауының  пайда  болу  кезеңінде  бір  сабаққа  8-10 

данасы  болғанда;  сұр  астық  көбелегі  –  дәннің  сүттене  –  балауызданып 

пісу кезеңдерінде 100 масаққа қалыпты жылдары 20 және ылғалды - 10 

жұлдыз  құрт  болғанда;  табынсыз  крест  шегірткесі  балапан  құрттары 

жаппай туғанда химиялық шаралар қолданылады. 

 

Бидай  көгін  жолақты  астық  бүргесінен,  сабақ  бүргесінен  гессен 



шыбыны  ж.б.  сақтау  үшін  олардың  саны  экономикалық  зиянды  шекке 

жеткенде  конфидор, 20% с.к. (0,06-0,1 л/га), Арриво, 25%к.э.  (0,2 л/га) 

немесе биологиялық БИ-58, 40% к.э. (1,5 л/га) препараттарының бірімен 

өңдейді. 

 

Бидайдың  түптену–түтікке  шығу  кезеңінде  табынсыз  крест 



шегірткелеріне  қарсы  егістікті  сумитион,  50%  к.э.  (0,8-1,8    л/га)  немесе 

конфидор  20%  с.к.  (0,07  л/га),  ал  бидай  трипсі,  цикадкалар  ж.б. 

залалдану  қаупі  туындағанда  каратэ  050,  к.э.  (0,2  л/га)  ж.б. 

препараттармен өңделеді. 

 

Жаздық  бидай  дәнінің  сүттене  пісу-толысу  кезеңінде  сұр  астық 



көбелегінің жұлдыз құрттарына  (гусеницаларына) қарсы сумитион, 50% 

к.э.  (0,6-1,0  л/га)  немесе  каратэ  050,  к.э.  (0,15  л/га  )  препараттарымен 

егістікті өңдеу қажет. 

 

Жаздық бидай егістігін арамшөптерден, аурулар мен зиянкестерден 



сақтауда химикаттармен өңдеу үшін кіші авиация , жер үсті бүріккіштері 

қолданылады.  Көптеген  жағдайларда  егістікті  авиациямен  өңдегенде 

жұмысшы ерітіндінің шығыны 25-50 л/га, ал жер үсті бүріккіштерінде -

100-300 л/га. 

 

Пестицидтермен  жұмыс  істегенде    техника  қауіпсіздігі  ережелерін 



қатаң  сақтау  қажет,  сонымен  бірге  Қазақстан    Республикасының  ауыл 

шаруашылығы  саласында  қолдануға  рұқсат  етілген  арамшөптерге, 

аурулармен 

зиянкестерге 

қарсы 

пайдаланылатын 



химиялық 


 

205 


құралдардың  тізімінде  бекітілген  енгізу  уақыты  мен  мөлшерін  орындау 

шарт. 


 

Қоршаған  ортаның  экологиялық  қорғалуын  қамтамасыз  ету 

мақсатымен  химиялық  өңдеу  жұмыстарын  жел  жылдамдығы  4  м/сек. 

аспайтын  жағдайда  жүргізілуі  тиіс.  Бір  алаңды  қайта  өңдеу,  жұмысшы 

ерітіндінің көрші егістікке, ағашты алқапқа шашырауына үзілді- кесілді 

тиым салынады. Орман жолақтары мен жоғары вольтты электр желілері 

өтетін егістікті жер үсті бүріккіш құралдарымен өңдеген дұрыс. Әдетте, 

егістікте химиялық өңдеу жұмыстарын таңертеңгі және кешкі сағаттарда 

жүргізеді,  бұл  уақыттарда  ауа-  райы  айтарлықтай  тымық  және 

температура төмен болады да химикаттардың тиімділігі артады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет