Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет190/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   490
Байланысты:
index (15)

Егістікті  күтіп-баптау

Жаздық  жұмсақ  бидайды  өсіру 

технологиясында  егістікті  күтіп-баптауға  үлкен  маңыз  беріледі  және 

оның  негізгі  буындарына  арамшөптерге,  аурулар  мен  зиянкестерге 

қарсы күрес шаралары жатады. 

 

Арамшөптерге 



қарсы 

керес.

 

Сүрі 



танабын 

тыңғылықты 

дайындағанда  арамшөптерді  құрту  мәселесі  ойдағыдай  шешіледі  де 

көптеген шаруашылықтарда жаздық бидай егістігі бұл бағытта қосымша 

шараларды  қажетсінбейді.  Бірақ  та  жылдар  бойы  қорланған  арамшөп 

тұқымдары арнаулы күрес шараларын жүргізуге мәжбүр етеді. 

 

Жаздық бидай егістіне егістік қалуен,  шырмауық, жатаған бидайық 



т.б.  атпа  тамырлы,  тамырсабақты  көпжылдық  арамшөптер,  ал 

біржылдық  түрлерінен  қара  сұлы,  жасыл  және  көкшіл-сұр  итқонақ,  құс 

тарысы  т.б.  үлкен  зиян  келтіреді.  Егістік  арамшөптермен  шамалы 

ластанғанда  астық шығыны  5-7%,  ал  күшті  ластанғанда  -  20-30%  дейін 

жетеді. 

 

Нақты  шаруашылықтарда  агротехникалық  және  химиялық  қорғау 



шараларын  ұйымдастырғанда  танаптардың  арамшөптермен  ластану 

карталары  жасалады,  оларды  дастану  дәрежесі  мен  арамшөптердің  түр 

құрамы  анықталады.  Ластанудың  үш  дәрежесі  -әлсіз,  орташа  және 

күшті-ажыратылады.  Егістіктің  бір  шаршы  метр  алаңында  әлсіз 

ластанғанда  тұқым саны (жыртылатын топырақ қабатында) 10 аспайды, 

20  аз  жылдық  және  1  көпжылдық  арамшөп  өсімдігі  болады,  орташа 

ласстанғанда тиісінше - 10-50; 10-70 және 1-3, ал күшті ластанғанда - 50-

70 және 3-тен артық. 

 

Еліміздің 



шаруашылықтарында 

жаздық 


бидай 

егістігінде 

танаптарды  арамшөптерден  тазарту  жолында  арнаулы  шаралар  жүйесі 

қолданылады  және  олар  арамшөптердің  жаңа  тұқымдары  мен 

вегетативтік  ұрықтарының  таралып  кетпеуін  де  қарастырады. 

Арамшөптерді  құртып  басу  негізінен  химиялық  қорғау  шараларын 

қолдану  жолымен  іске  асады.  Әрбір  шаршы  метр  егістік  алаңында  2 



 

203 


және  одан  да  көп  қалуен,  15  қара  сұлы,  75  итқонақ  және  20-30  басқа 

азжылдық арамшөп өсімдіктері болғанда гербицидтер қолданылады. 

  Көктегенге  дейінгі  тырмалау  –  арамшөп  жіпшелеріне  қарсы  күрес 

және  жауыннан  кейін  пайда  болған  топырақ  қабыршағын  қопсытуды  

көздейді.  Арамшөптер  тамырланбаған  өскіндер  кезеңінде,  ал  бидай 

өскіндері  топырақ  бетінен  3-4  см  төмен  жатуы  қажет  (себуден  4-5 

тәуліктен  соң).  Тырмалау  жеңіл  немесе  орташа  тырмалармен 

жүргізіледі.  Егін  көгі  кезеңіндегі  тырмалауды  тұқым  терең  сіңірілгенде 

егін  көгі  жиі  болғанда,  жақсы  тамырланғанда,  өсімдіктердің  өсуі 

қарқынды  жүргенде  және  топырақта  ылғал  болғанда  жүргізеді. 

Тырмалауды түптену кезеңінде жүргізген дұрысырақ. 

 

Жаздық бидайдың егістігінде өсіп-даму кезеңдерінде арамшөптерді 



құртып басу негізінен химиялық қорғау шараларымен іске асырылады. 

 

Егістік  қара  сұлымен  қатты  ластанғанда,  арамшөптердің  3-4 



жапырақ  кезеңінде  егістік  топик  080,  к.э.  (0,4-0,5л/га)  гербицидімен 

бүркіледі,  ал  онымен  орташа  деңгейде  және  басқа  біржылдық  астық 

тұқымдас арамшөптер (құс тарысы, көкшіл, жасыл итқонақ) ластанғанда 

бидайдың  түптену  кезеңінде  Пума  супер  7,5%  э.м.с.  (0,8-1,2  кг/га) 

немесе  Пума  супер  100,  10%  к.э.  (0,6-0,9  л/га)  гербицидімен  бүрку 

жақсы нәтиже береді. 

 

Біржылдық және көпжылдық қосжарнақты арамшөптерді (ала бота, 



қалуен,  шырмауық  т.б.)  диален  супер  480,  с.е.  (0,5-0,7  л/га)  немесе 

зенкор комби, 73,6 % с.п. (0,4л/га) құртады, ларен 60% с.п. (8-10 г/га) да 

тиімді  гербицид.  Аталған  гербицидтермен  бидайдың  түптену  кезеңінде 

кезкелген бүріккіштердің бірімен егістікті бүркуге болады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет