Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет188/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   490
Байланысты:
index (15)

Себу  мерзімі. 

Жаздық  бидайдың  себу  мерзімі  аймақтың 

ерекшеліктерді  ескере  отырып  анықталады,  өйткені  себу  мерзімі 

алынатын  астық  өнімі  мен  сапасына  айтарлықтай  әсер  ететін  маңызды 

агротехникалық  шаралардың  бірі.  Себу  мерзімі,  астық  дақылдары 

дамуының 

физиологиялық 

ерекшеліктерімен 

және 

өнімділік 



мүшелерінің түзілу желісімен айқындалады. 

 

Климат,  топырақ  жағдайлары  және  дақылдың  ауыспалы  егістегі 



орнымен  қатар  себу  мерзіміне  нақты  шаруашылықтың  техникамен 

жарақтануына,  оның  өнімділігіне  тікелей  байланысты.  Әдетте 

шаруашылықтарда оңтайлы себу мерзімін таңдап  алу барлық факторлар 

арасындағы ымыра болып табылады. 

Қазақстанның  өзіндік  климат  жағдайлары  жаздық  бидайдың 

оңтайлы себу мерзімін таңдауға ерекше амал талап етеді.  

Републиканың 

солтүстік 

аудандарында

 

ерте 



көктемгі 

құрғақшылық  қалыпты  үрдіс,  ол  топырақтың  беткі  қабатын  кептіріп 

жібереді,  сирек  егін  көгін  қалыптастырады,  бидайдың  тамырлану 

жағдайларын  нашарлатады. Құрғақшылықтың  бұл  түрі  түптенуді,  түйін 

тамырлардың  түзілуін  және  генеративті  мүшелердің  (органдардың) 

қалыптасуын  тежейді.  Аймақтың  айтарлықтай  ерекшелігіне  жауын-

шашынның  әркелкі  бөлінуі  және  барынша  мол  ылғал  шілде  мен  тамыз 

айларына сәйкес келуі жатады. 

Бұл  аймаққа  тән  жаздың  екінші  жартысындағы  барынша  жоғары 

мөлшердегі жауын-шашын өсірілетін дақылдардың сорттық құрамы мен 

өсіру  технологиясына  ерекше  талап  қояды.  Сондықтан  бұл  аймақта 

жаздық  бидайдың  себу  мерзімін  анықтайтын  басым  белгілерге 

(критерий) мыналар жатады:  

-  өсімдіктердің  өсіп-дамуының  қиын-қыстау  кезеңдерінде  қажетті 

ылғал мөлшерімен қамтамасыз ету; 

-

 



 дәннің  толысуы  мен  пісу  кезеңдерінде  температура  ережесін 

ескеру қажет. 



Орталық Қазақстанда

 жаз айларындағы аңызақтығымен қоса қатал 

атмосфераның  және  топырақ  құрғақшылығы  себепті  мұнда  жаздық 

бидайдың  өсіп-дамуының  алғашқы  жартысында  пәрменді  тіршілік 

қызметін  көрсететін  сорттарын  өсірген  дұрыс,  өйткені  олар  қысқы-

көктемгі ылғал қорын жақсы пайдаланады.  

Бұл  өнірде  жаздық  бидайдың  себу  мерзімін  анықтайтын  негізгі 

белгілерге жататындар:  

-

 

танаптың ластану деңгейі; 



- өсіп-даму кезеңіндегі жауын-шашынның бөлінуі;  

- күзгі бозқыраумен жарақаттану қаупі; 

 

Ғылыми 


деректермен 

дәлелденгендей 

және 

озат 


шаруашылықтардың  тәжірбиесі  көрсеткендей,  Солтүстік  (Павлодар 

облысының  4-аймағынан  басқа)  және  Орталық  Қазақстанда  жаздық 

бидайдың оңтайлы себу мерзімі 15-30 мамыр аралығы болып табылады. 

Оған  дәлел,  орта  есеппен  25  жылда  ҚР  АШМ-нің  «Казагроинновация» 




 

200 


АҚ-ның  «А.И.  Бараев  атындағы  Қазақ  астық  шаруашылығы  ғылыми 

зерттеу 


институты» 

ЖШС-нің 


Ақмола 

облысында 

жүргізген 

тәжірибелерінде  жаздық  жұмсақ  бидайдың  астық  өнімі  себу  мерзіміне 

байланысты  мынадай  болды:  5  мамырда  -  13,3;  10  мамырда  -  14,1;  15 

мамырда  -  15,2;  20  мамырда  -  16,1;  25-мамырда  –  15,7;  30  мамырда  – 

16,0  және  4  маусымда  -  14,4  ц/га.  Солтүстік  Қазақстанның  басқа 

облыстарында  осындай  заңдылық  байқалды.  Бір  есте  ұстайтын  жәйт, 

орташа  мерзімде  пісетін сорттарды  19-20  мамырда  себе бастаған  дұрыс 

және 28 мамырға дейін аяқтаған жөн, ал ортадан кеш пісетін сорттарды 

15-18  мамырда  сеуіп  бітіру  керек.  Қара  сұлымен  ластанған  танаптарда 

жаздық  бидай  себуді  20  мамырдан  кейін  бастап,  25  мамырға  дейін 

аяқтауды 

жоспарлаған 

дұрыс, 

бидайдың 

күзгі 

бозқыраумен 



зақымданбауы ескеріледі. 

Аймақта  өсірілетін  сорттардың  пісу  мерзіміне,  көктемнің  сипаты 

мен  бір  метр  топырақ  қабатындағы  ылғал  қоры,  танаптың  ластану 

деңгейіне, 

сонымен 

бірге 


шаруашылықтардың 

фосфор 


тыңайтқыштарымен қамтамасыз етілуіне байланысты жаздық бидайдың 

төмендегідей себу мерзімі ұсынылады: 

- ерте құрғақшылықты көктемде орташа мерзімде пісетін сорттарды 

себуді 18 мамырдан ерте бастауға болмайды, ал көктем кеш әрі салқын 

болғанда  тыңайтқыш  енгізілген  сүрі  танабында  құрғақ-далалы  аймақта 

23  мамырға  дейін,  құрғақшылықты  аудандарда  21  мамырға  дейін  сеуіп 

бітіру  қажет;  тыңайтқыш  енгізілмеген  сүрі  жерлерде  бидай  себуді  20 

мамырға дейін аяқтайды. 

-

 

ортадан  кеш  пісетін  сорттарды  орташа  мерзімде  пісетіндерге 



қарағанда  3-5  тәулік  бұрын  себе  бастаған  дұрыс;  таза  сүрі  танабының 

ауданы  шамалы  болғанда,  техникамен  жақсы  жарақтанғанда  және 

жұмыс  тыңғылықты  ұйымдастырылғанда  жаздық  бидайдың  мұндай 

сорттарының оңтайлы себу мерзімі – 20-22 мамыр; 

Орташа ылғалды жылдары жаздық жұмсақ бидайдың оңтайлы себу 

мерзімі:  орташа  мерзімді  сорттар  үшін  –  15-25  мамыр,  ортадан  кеш 

пісетіндерге  –  15-20  мамыр.  Оңтайлы  себу  мерзімі  шеңберінде  ең  әуелі 

ортадан  кеш  пісетін  сорттарды  ылғалы  мол  және  арамшөптерден  таза 

танаптарға,  соңынан    -  орташа  мерзімде  пісетін  сорттарды  ылғал 

мөлшері  төмен  және  арамшөптермен  біршама  ластанған  танаптарға 

себеді. 

 

 



Павлодар  облысының  4-аймағы  үшін  жаздық  бидайдың  оңтайлы 

себу мерзімі 10-20 мамыр аралығы. 

 

Батыс  Қазақстанда    және  оңтүстік  облыстарда  жаздық  бидайдың 



оңтайлы  себу  мерзімі  25  сәуір  мен  10  мамыр  аралығы.  Бұл  мерзімдер 

гүлдену  және  дәннің  толысуы  кезеңіндегі  аңызақтардың  теріс  әсерін 

азайтады. 

 

Шығыс 



Қазақстан 

облысының 

таулы–далалы 

аймағында, 

көпжылдарғы зерттеулер көрсеткендей, жаздық бидайдың ең жақсы себу 

мерзімі-  сәуір  айының  соңы  (көктем  ерте  түскенде)  және  мамырдың 




 

201 


бірінші  онкүндігі  (көктем  кешігіп  келгенде);  облыстың  құрғақ  далалы 

аймағындағы  оңтайлы  себу  мерзімі  15-25  мамыр;  көктем  ерте  түскенде 

жаздық  бидайды  себуді  10  мамырдан,  ал  көктем  кешіккенде  20 

мамырдан бастауға болады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет