Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет181/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   490
Байланысты:
index (15)

Омская 18

 – Ресейдің Сібір ауыл шаруашылығы ҒЗИ-да Омская 11 

х Geines (АҚШ, күздік бидай) будандық популяциясынан жеке сұрыптау 

жолымен  шығарылған.  Түршесі  –  Лютесценс.  1000  дәннің  массасы  32-

33г.  Сорты  ортадан  кеш  піседі,  өсіп-жетілу  кезеңінің  ұзақтығы  85-90 

тәулік.  Құрғақшылыққа  төзімділігі  жоғары,  ұндық  шық  және  тозаңды 

қара  күйеге  орташа  төзімді,  қоңыр  тот  ауруымен  залалдануға  бейім. 

Жапырылып  қалмауға  төзімділігі  жоғары.  Сорт  өнімді.  Бұл  сорттық 

коммерциялық  құндылығы  –  жоғары  және  тұрақты  астық  өнімі,  сабақ 

бітіктігінің  егін  жинау  қарсаңына  жақсы  сақталуы  және  астығының  өте 

жоғары  сапасы.  Сорт  1991  жылдан  Қазақстанның  солтүстік 

облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. 



Омская 19

 - Ресейдің Сібір ауыл шаруашылығы  ҒЗИ-да Лютесценс 

1138  х  Лютесценс  1210-70-10  будандық  попоуляциясынан  жеке 

сұрыптаумен шығарылған. Түршесі – Лютесценс. 1000 дәннің массасы – 

33-36.  Сорт  орташа  мерзімде,  77-80  тәулікте,  Саратовская  29  сортынан 

үш  тәулікке  кеш  піседі.  Ұндық  шық  ұнтағы  мен  тозаңды  қара  күйеге 

орташа  төзімді,  қоңыр  және  сабақтық  тот  ауруларымен  залалдануға 

бейім.  Жапырылып  қалмауға  жоғары  төзімді  қуатты  бидай  сорттарына 

жатқызылған. 1989 жылдан Қазақстанның  Ақмола, Солтүстік Қазақстан 

облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. 



Омская  20

 



Сібір  ауыл  шаруашылығы  ҒЗИ-да  (Ресей 

Федерациясы)  Иртышанка  10  х  Грекум  114  х  Кавказ  будандық 

популяциясынан  жеке  сұрыптау  тәсілімен  шығарылған.  Түршесі  – 

Лютеесценс.  1000  дәннің  массасы  –  34-36  г.  Сорт  орташа  мерзімде 

піседі,  өсіп-жетілу  кезеңінің  ұзақтығы  77-82  тәулік,  құрғақшылыққа, 



 

187 


жапырылып қалмауға жоғары төзімді ұндық шық ұнтағы, тозаңды және 

қатты  қара  күйе  ауруларына  орташа  төзімді.  1996  жылдан  Қостанай 

облысында пайдалануға рұқсат етілген. 

 Омская 29 -

 Ресейдің Сібір ауыл шаруашылығы ҒЗИ-да Лютесценс 

204/80-1 х Лютесценс 99/80-1 будандық популяциясынан жеке сұрыптау 

тәсілімен  шығарылған.  Лютесценс  түршесіне  жатады.  Масағы  призма 

пішіндес, сабағы берік, дәні сопақ және 1000 санының массасы 40-42 г. 

Сорт  орташа  мерзімде  піседі,  өсіп-жетілу  кезеңінің  ұзақтығы  77-81 

тәулік.  Құрғақшылыққа,  жапырылуға  төзімді.  Сорт  жоғары  сапалы 

астық  қалыптастырады,  қуатты  бидай  тобына  жатады.  2002  жылдан 

Қостанай облысында пайдалануға рұқсат етілген. 

Омская 30

 - Сібір ауыл шаруашылығы ҒЗИ-да (Ресей) Омская 20 х 

Лютесценс 204/80-1 будандық популяциясынан жеке сұрыптау тәсілімен 

шығарылған.  Түршесі  –  Лютесценс.  Сорт  ортадан  кеш  піседі,  өсіп-

жетілу  кезеңінің ұзақтығы  78-83  тәулік,  Омская  18  сортынан  1-2  тәулік 

ерте  піседі.  Құрғақшылыққа  және  жапырылып  қалмауға  төзімділігі 

жоғары.  Тозаңды  қаракүйеге  төзімді,  ұндық  шық  ұнтағымен  әлсіз 

залалданады.  Сорт  жоғары  сапалы  мол  өнім  қалыптастырады.  Нандық 

сапасы  жоғары.  2002  жылдан  Қостанай  облысында  пайдалануға  рұқсат 

етілген. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет