Алтайская 50
- Ресейдің Алтай егіншілік және ауыл шаруашылығы
дақылдарының селекциясы ҒЗИ-да күрделі будандастырудың (Безостая
609хСкала) Ғ1 х Саратовская 46 төртінші ұрпағынан жеке сұрыптау
жолымен шығарылған. Түршесі – лютесценс, орташа мерзімде пісетін
топқа жатады. Көктеуден балауыздана пісуге дейінгі кезеңнің ұзақтығы
80-84 тәулік. Сорт орманды-дала сібірлік экологиялық топқа жатады,
құрғақшылыққа жоғары төзімділігімен, әсіресе масақтануға дейін,
ерекшеленеді. Қоршаған ортаның қолайсыз факторларына дамуының
алғашқы кезеңдерінде төзімді. Тозаңды қара күйемен залалдануға бейім
сорт,
орташа
деңгейде
ұндық
шық
және
қоңыр
тотпен
залалданады,септориоз ауруына шалдығуға бейім. 1994 жылдан сорт
Ақмола облысында пайдалануға рұқсат етілген.
Достарыңызбен бөлісу: |