Карагандинская 70
- Орталық Қазақстан ауыл шаруашылығы ҒЗИ-
да (қазіргі Орталық Қазақстан өсімдік шаруашылығы және селекция
ҒЗИ) Саратовская 36 х № 428010 буданы (Канада) будандық
популяциясының үшініш ұрпағынан жеке сұрыптау тәсілімен
шығарылған. Түршесі – Лютесценс. Дәні орташа ірілікте, 1000 санының
массасы 29-38 г. Сорт ортадан кеш піседі, өсіп-жетілу (вегетация)
кезеңінің ұзақтығы - 85-105 тәулік. Саратовская 29 сортынан 5-7
тәулікке кеш піседі. Алайда ылғалдану жағдайлары мен өсіру
технологиясы өсіп-жетілу кезеңінің ұзақтығын айтарлықтай өзгертеді.
Карагандинская 70 сорты салқынға, құрғақшылыққа төзімді, өсіру
жағдайларын жақсартуды қажетсінеді. Қоңыр тот ауруымен ортадан
жоғары, ал қара күйемен әлсіз залалданады. Сорт жоғары өнімді.
Карагандинская 70 сорты ерекше құнды сорттар қатарына жатқызылған
және Қарағанды облысында пайдалануға рұқсат етілген.
Достарыңызбен бөлісу: |