Казахстанская 25
- ҚР АШМ-нің «Казагроинновация» АҚ-ның
«А.И. Бараев атындағы Қазақ АШҒЗИ» ЖШС-де өзіндік сұрыптау
тәсілімен Россиянка х Набат будандық популяциясының үшініші
ұрпағынан (Ғ
3
) шығарылған. Түршесі Лютесценс. 1000 дәннің массасы
36,5г. Қуатты бидайға жатады. Сорт орташа мерзімде піседі, өсіп-даму
кезеңінің ұзақтығы – 90 тәулік. Тозаңды қара күйе мен қоңыр татқа
төзімді, сабақтық тат ауруына төзімділігі жеткіліксіз. Орташа астық
өнімі – 23,5 ц/га. 1977 жылдан Қостанай облысында пайдалануға рұқсат
етілген.
Ертіс 97
– Павлодар ауыл шаруашылығы ҒЗИ-да будандастыру
жолымен одан әрі өзіндік сұрыптау тәсілімен Шортандинская 25 х
күздіктердің тозаңдар қоспасы (Аврора + Кавказ + Юбилейная) х
(Пиратрикс 28 х Безенчукская 98) будандық комбинациясынан
шығарылған. Түршесі – Лютесценс. 1000 дәннің массасы 31-34 г. Сабағы
тік өседі, жапырақтары күңгірт жасыл әлсіз түкті және балауыз тұтымен
көмкерілген. Пісу мерзіміне байланысты сорт орташа мерзімде және
ортадан кеш пісетін сорттар аралығында орналасқан. Өсіп-жетілу
кезеңінің ұзақтығы 86-87 тәулік, орташа мерзімде пісетін Саратовская 29
сортынан 2-3 тәулік ұзақ, ал Казахстанская 15 сортынан 3-4 тәулікке
қысқа. Қоңыр тот және тозаңды қара күйе ауруларына төзімділігі
Саратовская 29 сортына қарағанда біршама жоғары. Сорт көктемгі және
жазғы құрғақшылыққа жоғары төзімді, ал шашылуға және жапырылуға
төзімді деп есептеледі. Сорт өнімді. Астықтың технологиялық сапасы
жоғары, клейковина (дән уызы) мөлшерінің жоғарылығымен – 37,1-
42,5% - ерекшеленеді. 2003 жылдан сорт Павлодар облысында
пайдалануға рұқсат етілген.
Достарыңызбен бөлісу: |