Павлодарская 93
- Павлодар ауыл шаруашылығы ҒЗИ-да жеке
сұрыптау әдісімен Мироновская 808 х (Красная звезда х К-411 Б)
будандық комбинациясынан шығарылған. Түршесі - эритроспермум.
Сабағы берік, жапырылуға төзімді. 1000 дәннің массасы 32-38 г. Сорт
далалық экологиялық топқа жатады, ортадан кеш піседі. Пісу мерзімі
бойынша өсіп-жетілу кезеңінің ұзақтығы орташа мерзімде пісетін
Саратовская 29 және ортадан кеш пісетін Казахстанская 15 сорттарының
аралығынан орын алады. Түптену – түтікке шығу кезеңінің ұзақтығынан
сорт ерте жазғы құрғақшылықты жеңіл көтереді де, айтарлықтай өнімді
масақ қалыптастырады. Шашылып қалмауға төзімді. Сорт сабақ
бітіктігінің біркелкілігімен, біркелкі пісуімен және сабан өркеннің
(поргон) болмауымен ерекшеленеді. Тозаңды қара күйе, қоңыр және
сабақтық
тоттармен
жарақаттануы
стандартты
сорттармен
салыстырғанда төмен. Сорт өнімді. Қуатты бидай сорттары қатарына
жатады. Сорт тұрақты жоғары ақуздылығымен (17,0-18,5 %)
ерекшеленеді, жекелеген жылдары оның мөлшері 23 % жетеді. Сорт
184
құрғақшылыққа төзімді, дегенмен агрофон деңгейіне жақсы қажетсінеді,
басқаша айтқанда, экологиялық бейімділігімен бөлектенеді.
Сорт 1999 жылдан Павлодар облысында пайдалануға рұқсат
етілген.
Достарыңызбен бөлісу: |