Саратовская 29
- Ресей Федерациясының Оңтүстік –Шығыс ауыл
шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында Альбидум 24 х Лютесценс
55/ 11 күрделі сатылы будандастыру тәсілімен шығарылған. Лютесценс
түршесі далалық Еділ бойы экологиялық-жағырапиялық тобына жатады.
1000 дәннің массасы 32-42 г сорт шашылуға орташа төзімді, сабаны
орташа ұзындықта немесе ұзын (75-120 см), жапырылуға орташа төзімді.
Сорт орташа мерзімде піседі, аймаққа және өсірілу жағдайларына қарай
85-105 тәулікте піседі. Құрғақшылыққа төзімділігі ортадан жоғары.
Тозаңды қара күйемен әлсіз, қоңыр жапырақ татымен және қатты қара
күйемен күшті залалданады. Швед шыбынымен орташа деңгейде
залалданады, сорт гессен шыбыны және астық қоңыздарымен
жарақаттануға бейім. Сорт жоғары өнімді. Нандық сапасы жақсы және
өте жақсы, қуатты бидай – жақсартқыш сортына жатады. 1957 жылдан
Қазақстанның Солтүстік облыстарында, Қарағанды, Ақтөбе, Алматы
облыстарында өсіруге рұқсат етілген.
Достарыңызбен бөлісу: |