Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет163/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   490
Байланысты:
index (15)

нағыз  бидайлар

  және 


қабықты

 

немесе 



полба  бидайлары

  болып  екі  топқа  бөлінеді.  Жалаңаш  дәнді 

немесе  нағыз  бидайлардың  масағы  сынбайды,  қалыпты  жағдайда 

бастырғанда  дәндері  қабықшалардан  жеңіл  ажыратылады  (жұмсақ, 

қатты,  карлик,  персикум  т.б.бидайлар).  Қабықты  (полба)  түрлерінің 

масағы  омырылғыш  және  бастырғанда  өте  қиын  үгітіледі  (спельта, 

мәдени бірдәнді, қосдәнді, зандури т.б. бидайлар). 

Бидай  түрлерінің  ішінде  барынша  маңыздыларына  жұмсақ  және 

қатты бидайлар жатады. 

Жұмсақ  бидай

 

(T.  aestivum)  жоғарыда  көрсеткеніміздей, 



егіншілікте көп тараған, масағы борпылдақ, қылтықты және қылтықсыз, 

қылтықты  формаларында  қылтықтары  жанжағына  шашыраңқы 

орналасқан және масақ ұзындығынан қысқа. Масақ қабықшасы ұзынша 

әжімді,  оның  қыры  (киль)  жіңішке,  негізіне  қарай  жойылып  кетеді.  

Масақтың «бет» жағы бүйірінен жалпақ. Масақ асты сабанының  бөлігі 

қалыпты  жағдайда  кеуек.  Дәндері  жеңіл үгітіледі  ұсақ,  орташа  және  ірі 




 

176 


болып  келеді,  ұнды,  немесе  жылтыр  (шынылы).  Айдары  айқын 

ажыратылады, қылдары ұзын. 



Қатты бидай

 (T. durum) масағы тығыз, призма пішінді, бүйірі бет 

жағынан  кең,  негізінен  қылтықты.  Қылтықтары  ұзын,  параллель 

орналасқан.  Масақ  қабықшасының  қыры  (киль)  негізіне  дейін 

ажыратылған.  Масақ  асты  сабаны  паренхима  тканімен  толтырылған. 

Масағы  қиынырақ  үгітіледі.  Дәндері  сопақша,  ірі,  жылтыр,  кейде  әлсіз 

ұнды. Айдары әлсіз дамыған, қылдары қысқа. 

Жұмсақ  және  қатты  бидайлар  кең  тараған,  сондықтан  қоршаған 

орта мен адамзат әсеріне көп ұшыраған . Осының нәтижесінде көптеген 

түршелерге  тармақталған.  Бидайды  түршелерге  ажырату  үшін  тұрақты 

морфологиялық  бес  белгісі-  масақтың  қылтықтылығы,  масақша 

түктілігі, масақтың ,дәннің және қылтықтың түстері алынған. 

 Қазақстанда  барынша  кең  тараған  түршелерге  жұмсақ  бидайдан 

лютесценс,  эритроспермум  және  қатты  бидайдан  гордейформе, 

леукурум жатады. 

Бидайдың 

әрбір 

түршесі 


биологиялық 

және 


өндірістік 

ерекшеліктерімен  бір  бірінен  ажыратылатын  бірқатар  түршелерін 

біріктіреді:  бір  түршеде  жаздық  та,  күздік  те,  ерте  пісетін  және  кеш 

пісетін т.б. болуы мүмкін. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет