Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ


Бидайдың  морфологиялық  ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет164/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   490
Байланысты:
index (15)

Бидайдың  морфологиялық  ерекшеліктері.

 

Тамыр  жүйесі 

шашақты, ұрықтық және түйін тамырларынан құралған. 

Бидайдың  ұрықтық  тамырлары  өсімдіктердің  бүкіл  өсіп-даму 

кезеңдерінің  қоректенуіне  қатысады,  олар  түйін  тамырларынан 

(екіншілік) бұрын қалыптасады да өсіп-жетілуінің соңында 150 см және 

одан  да  тереңге  бойлайды.  Алайда  жоғары  өнімді  тек  қана  жақсы 

дамыған  түйін  тамырлары  есебінен  алуға  болады.  Түйін  тамырлары 

көктегеннен  12-18  тәуліктен  соң  пайда  болады,  олардың  саны  өсу 

жағдайлары  мен  сорттық  ерекшеліктеріне  байланысты  өзгереді. 

Құрғақшылық  жылдары  түйін  тамырлары  түзілмеуі  де  мүмкін  және 

бидайдың  астық  өнімі  ұрықтық  тамырлар  арқылы  қалыптасып  5-8  ц/га 

деңгейінен аспайды. 



Сабағы

  –  сабан  (буынаралықтары  5-8),  буынаралықтарының  саны 

жапырақ  санына  сәйкес  келеді.  Сабаны  қуысты,  алайда  қатты  бидайда 

масақ  асты  паренхима  жасушаларымен  толтырылған,  сондықтан 

тамырында тұрып қалғанда бүтін масақпен сынып кетуі мүмкін. 

Жапырақтары  –

  сызықты  (линиялы),  жапырақ  тақтасы  мен 

жапырақ  қынабынан  құралған,  қынаптың  (қынының)  тақтаға  ауысар 

жерінде тілше (түссіз пленка), ал жапырақ қынабының негізінде сабақты 

орап  тұратын  сызықты  құлақша  немесе  мүйізшелер  болады.  Ылғал 

сүйгіш  формаларында,  сонымен  қатар  көптеген  қатты  бидайларда 

жапырақтары  ірі,  құрғақшылыққа  төзімділерінде  –  ұсақ  болып  келеді. 

Жаздық  бидайда  екі  түрлі  жапырақтар  ажыратылады:  тамыр  түбі 

жапырақтары және сабақтық жапырақтар. Тамыр түбі жапырақтары жер 

асты  түйіндерінен  түзіледі,  олардың  саны  4-5,  ал  сабақтық-жер  үсті 




 

177 


бөлігінде  қалыптасады.  Тамыр  түбі  жапырақтары  қорлық  қоректік 

заттарды  жинақтаушы  қызметін  атқарады  да  кейіннен  тамыр  жүйесінің 

дамуы мен масақтың түзілуіне шығындалады. 

 Сабақтың 

биіктеп 

өсуі 


мен 

сабақтық 

жапырақтардың 

қалыптасуында  өсімдіктердің  қоректенуі  де  сол  қорлық  қоректік 

заттардың  есебінен  жүреді,  ал  тамыр  түбі  жапырақтары  бірте-бірте 

солып  қалады.  Жекелеген  жапырақтардың  тіршілік  ұзақтығы  6-дан  16 

тәулікке  дейін  созылады,  бір  мезгілде  екі  жапырақтан  артық  өспейді. 

Барынша өсіп-дамыған кезеңде жоғары өнімді қалыптастыруға қоректік 

заттар  және  ылғалмен  жақсы  қамтамасыз  етілгенде  бидай  өсімдігі 

оңтайлы  жапырақ  ауданын  гектарына  35-40  мың  м

2

  дейін  ал  ылғал 



жеткіліксіздігінде - 15-25 мың м

2

 қалыптастырады. 



Гүл  шоғыры

  -    масақ,  ол  масақ  білігі  мен  масақшалардан  тұрады. 

Бидай масағы білігінің  бір тұғырында бір масақша орналасқан, бірақ ол 

көпгүлді  (3-5  гүлден  тұрады).  Агрономның  міндеті  –  мүмкіндігінше 

масақтағы барлық гүлдер тозаңданып, дән қалыптастыру. 

Жемісі 

–  дән,  ол  үш  бөліктен  -  қабақ,  эндосперм  және  ұрықтан  – 

құрылған.  Дәннің  ірілігі  негізінен  өсіру  технологиясына  байланысты 

өзгереді. 

Бидай  дақылының  әртүрлі  өсіп-даму  кезеңдері  мен  одан 

дайындалған нан пішіні 10-суретте келтірілген. 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет