288
жапырақтары тіршілігін бастап, ылғалды буландыра бастайды, бірақ
тамыр жүйесі топырақтың тоң қабатында әлі тыныштық күйде
болатындықтан жапырақтарға ешқандай көмек жасай алмайды;
өсімдіктер тез әлсірейді де түнгі 12-14
о
С аяздан опат болады; күздік
бидай қолайлы қыстап шығу жағдайында көктемгі тіршілігінің басынан
масақтануға дейін барлық қажетті ылғалдың 70 %, гүлденуден
балауызданып пісуге дейін – 20 % шығындайды; топырақтың 60 см
қабатындағы оңтайлы ылғал мөлшері ТЫС-тың 70-75 %, дақылдың
транспирациялық коэффициенті – 460-500.
- Күздік астық дақылдарының ішінде күздік бидай топырақтарға
барынша жоғары талап қояды; ол жоғары астық өнімін құнарлы,
арамшөптерден таза, ылғалды қара және күңгірт-қоңыр топырақтарда
қамтамасыз етеді; оған батпақтанған топырақтар жарамсыз; оған тегіс
бетті, шұңқырларсыз танаптарды таңдайды – көктемде су жиналмайтын
және өсімдіктердің тұншықпауы қаперге алынады. Күздік бидайдың
вегетациялық кезеңінің ұзақтығы (қысқы тыныштық күйін қоса
есептегенде) 180-310 күн аралығында өзгереді.
- Күздік бидайдың опат болу себептері: өсімдіктердің үсіп кетуінен
(күзгі нашар дамуынан, қар қабатының төмендеуінен температураның
күрт өзгеруінен ж.б.); ойпаң жерлерде судың артық мөлшерінен тыныс
алу ережесінің бұзылуынан
өсімдіктердің тұшығуы;
түптену түйінінің
топырақ бетіне шығып қалуынан (өсімдіктер әлсіреуінен); топырақ
бетіне мұз қабыршақтарының пайда болуынан (ұзақ жылымықтан кейін
күннің күрт суытуынан өсімдіктер мұздың бетіне жабысады да
механикалық жарақаттар алады) т.б.
- Үсіп кетуге қарсы тиімді күрес шаралары – аязға төзімді
сорттарды өсіру, фосфор-калий тыңайтқыштарын енгізу, дер кезінде
себу, тұқымды топыраққа тереңірек сіңіру, сүрі танаптарында ықтырма
өсіру арқылы қар тоқтату ж.б.; күздік бидайды шіруден опат
болдырмауға топырақ тезірек қату үшін және өсімдіктерде тыныс алуға
пластикалық заттардың шығынын азайту үшін қарды тығыздау қажет;
ерте себуді және жиі егістік қалыптастыруды; артық мөлшерде азотпен
үстеп қоректендіруді болдырмау ж.б.; түптену түйіндері мен
тамырлардың топырақ бетіне шығып қалмауы үшін Тур препаратымен
өңделген тұқымды топыраққа тереңірек сіңірген дұрыс, әрі себуге дейін
және себуден кейін ЗККШ-6А бұдырлы катоктарымен егістікті
тығыздаған жөн; Артюшенко А.В. мен Артюшенко О.Г. (1977)
тұжырымдары бойынша Қостанай облысы жағдайында күздік бидайдың
опат болуы қыстап шығудың қолайсыз жағдайларынан емес, ерте
көктемгі құбылыстарға байланысты – қары жоқ жерлерде өткір күн
сәулесінің әсерінен өсімдіктер мезгілсіз ерте тіріледі де ылғалды
буландыра бастайды, ал тамыр жүйесі әлі топырақтың тоң қабатында
жатады да оларды ылғалмен қамтамасыз ете алмайды, өсімдіктер түнгі
аяздан да (-12-14
о
С) әлсірейді және опат болады; сондықтан