Өсіруге рұқсат етілген сорттар
.
Мироновская 808- Украинаның
В.Н.Ремесло атындағы Миронов бидай селекциясы және тұқым
шаруашылығы ҒЗИ-да топтық сұрыптау тәсілімен шығарылған. Масағы
әлсіз призма пішінді, ақ, қылтықсыз, орташа ұзындықта және
тығыздықта (түршесі – субэритроспермум). Дәні қызыл, жартылай
шынылы немесе шынылы, ірі, 1000 санының массасы 36-45 г. Дәндегі
клейковина 28-37 % аралығында өзгереді. Нандық сапасы жақсы, қуатты
бидай сортына жатады. Сабаны берік, жапырылуға және шашылуға
орташа төзімді. Қысқа және аязға өте төзімді. Құрғақшылыққа
төзімділігі орташа және ортадан жоғары. Қоңыр тат ауруымен орта
деңгейде заладанады, орташа мерзімде піседі. Сорт өнімді, орта есеппен
2001-2003
жж.
С.Сейфуллин
атындағы
ҚазАТУ-нің
өсімдік
шаруашылығы кафедрасының Ақмола облысының күңгірт-қоңыр
топырақтарында жүргізілген танаптық тәжірибелерінде зерттелген
варианттарға байланысты 16,7-17,6 ц/га астық өнімін берді.
Ауыл шаруашылық өндірісінің тиімділігін жоғарылатудың
маңызды шараларының ішінде күздік бидайдың ауруларға төзімді,
жоғары сапалы сорттарын өндіріске ендіру және олардан жоғары өнім
алу ең маңызды мәселе болып отыр. Соңғы жылдары Қазақстанның
Оңтүстік және Оңтүстік-Шығысы үшін өнімділік потенциалы 90-120
ц/га жететін, ауруларға төзімді, дәнінің сапа көрсеткіштері жоғары және
суыққа, ыстыққа және құрғақшылыққа төзімділігі жоғары сорттар
шығарылуда.
Мәселен, Р.А. Оразалиев пен А.Т. Сарбаевтың деректері бойынша
соңғы жылдары Қазақстанның біраз аймақтарында, шет елдерде, жоғары
сапалы агроэкотипіне жататын Прогресс, Алматинская полукарликовая,
Қарлығаш сорттары өсірілуде, Богарная 56 және ОПАКС сорттары
тәлімі жерлерде жоғары сапалы астық өндіру талаптарына сай келеді.
Тұқымы жоғары сапалы күздік бидай сорттары алдыңғы қатарлы
шаруашылықтарда гектарынан 80-100 ц, ал қалғандарында 20-40 ц өнім
береді.
Кезінде Қазақстанға Безостая 1 сортының орнына Опакс 1 күздік
бидайының жаңа сорты келді. Ол 1993 жылы Алматы облысында 50 мың
гектардан астам егістікке себілген болатын. Қазақ егіншілік ғылыми
зерттеу институты ғалымдарының бақылаулары бойынша күздіктер
үшін қыс жағдайлары өте қолайсыз болған жылдары (1981, 1985) бұл
сорттың көктемге дейін сақталуы стандарттан 5,8%-ға жоғары болған,
қысқа төзімділігі жоғары болуы есебінен өнімділігі де стандарттан орта
есппен гектарынан 0,2-0,3 тоннаға жоғары болған.
Р.А. Оразалиевтің тұжырымынша, сорт ауыл шаруашылық
өндірісін өзгертетін негізгі буын, сондықтан жаңа сорттарды өсіру үшін
олардың тұқымын жақсартып, өсірудің агротехникалық мәселелерін
шешу қажет. Себебі, туындап отырған мәселелерді дұрыс шешу көп
290
жылдар бойы, жоғары, әрі тұрақты өнім алуға және елдің, бүкіл ауыл
шаруашылығының жоғары тиімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
1984 жылы Алматы облысында Прогресс сорты аудандастырылды.
Гектарынан потенциалды өнімділігі 9,0-10,0 т. 1985-1986 ж.ж. қыс
мезгілі жағдайларының қолайсыздығына қарамастан, Қазақ егіншілік
ғылыми зерттеу институтының «Қаскелең» тәжірибе шаруашылығының
егістік жерлерінде оңтайлы себу мерзімінде себілген бұл сорттың
көктемге дейін сақталуы 86%, ал гектарынан өнімділігі 7,6 т. болды, бұл
сорт басқа сорттарға қарағанда суыққа төзімділігі және жоғары
өнімділігімен ерекшеленді.
Пәрменді типтегі Алматинская полукарликовая сорты жауын-
шашынмен қамтамасыз етілген тәлімі жерлерде өсіруге рұқсат етілген.
Қысқа төзімділігі орташа. Оңтүстік Казакстан обылысының тәлімі
жерлеріндегі мемлекеттік сорт сынау учаскелерінде сыналған жылдары
бұл сорттың көктемге сақталуы орта есеппен алғанда 71% болды, бұл
стандарт ретінде алынған Безостая 1 сортынан 5,7%-ға жоғары еді.
Сонымен қатар орташа өнімділігі де стандарттан 0,84 т/га жоғары
болды.
Қазақ егіншілік ғылыми зерттеу институтының селекционерлері
шығарған күздік бидайдың Жетісу, Алмалы және Таза сорттары суыққа
және қысқа төзімділігі жоғарылығымен ерекшеленді. Конкурстық сорт
сынау нәтижелері бойынша олардың орташа өнімділігі стандарт
Прогресс сортымен (8,61 т/га) салыстырғанда әлдеқайда жоғары болып
шықты (9,56 т/га). Бұл сорттардың қыстап шығу деңгейі де 4,9%-ға
жоғары болды.
Елімізде 2007 жылға дейін күздік жұмсақ бидайдың 27 сорты өсіріліп
келді. Көп таралғандары - Безостая 1, Мироновская 808, Карлығаш,
Комсомольская 56, Богарная 56, Жетісу, Южная 12, Стекловидная 24,
Красноводопадская және т.б.
Соңғы жылдары күздік бидайдың Актерекская, Алмалы, Юбилейная 60,
Алия, Егемен және Саратовская 90 атты жаңа сорттары өсірілуге рұқсат
етілді.
Қазақстан бойынша (Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында)
осы кезге дейін күздік қатты бидайдың бір ғана Айсберг одесский сорты
өсіріліп келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |