Топырақ өңдеу жүйесі
.
Күздік бидайға топырақ дайындау алғы
дақылға, өсірілетін аймақтың топырақ климат жағдайларына, нақты
шаруашылықтың
ресурстық
ерекшеліктеріне
ж.б.
байланысты
анықталады және өңдеу жазықтілгішті немесе қайырмалы құралдармен
жүргізіледі. Күздік бидайдың ерекше сипаты - оның күзден тығыз
топырақтарда қалыпты дамуы.
295
Борпас топырақтарда олар нашар түптенеді, түйін тамырлар
жүйесін әлсіз қалыптастырады және жиі түрде олардың үзіліп қалуы
байқалады. Солтүстік Қазақстанның құрғақшылықты климатында күзде
өңдеген топырақтың баяу тығыздалуына байланысты сүріге арналған
танаптың негізгі өңдеуін көктемгі кезеңге ысырудың қажеті жоқ.
Күздік бидайға арналған сүрі танабын қара сүрі жер түрінде
дайындаған дұрыс. Сүрі танабының негізгі өңдеуін күзде 25-27 см
тереңдікке жүргізіледі.
Көктемгі кезеңде топырақтың физикалық пісуі жеткенде топырақ
ылғалын сақтау және танапты тегістеу мақсатында ине тісті
тырмалардың бірімен (БИГ-3, БМШ-15 ж.б.) тырмалау жүргізіледі. Сүрі
танабының кейінгі өңдеулері арамшөп көктерін құртуға, топырақтан
ылғалдың булануын азайтуға бағытталуға тиіс. Топырақтың беткі
қабатындағы ылғалды сақтау үшін сүрі танабында арамшөптердің
қаулап өсіп кетпеуі және көктемгі – жазғы терең өңдеуді болдырмаған
жөн. Сондықтан өңдеу жұмыстарында 4-6 см тереңдіктен асырмайтын
мүмкіндіктері бар құралдарды пайдаланады. Мұндай талаптарға СЗС-2,1
сепкіштері мен олардың морфикациялары және импорттық шетел
құралдары сай келеді. Жаңбырлы дымқыл ауа райында 2 және 3 –
механикалық өңдеуді гербицидтермен ауыстыруға болады, сонымен
қатар танап шырмауық, қалуенмен ластанғанда да ықтырма себуден 20
тәулік бұрын танапты олармен бүріккен абзал.
Күздік бидайдан кепілді астық өнімін алу үшін тіпті табиғи қар
қабаты қалыптасатын танаптарға да ықтырма себу қажет. Жақсы өскен
ықтырмалар қар алғашқы түскенде-ақ біркелкі қар қабатын
қалыптастырады, ал ол күздік бидайды қыста үсіп кетуден сақтайды, әрі
мол өнімге жеткілікті ылғал қоры жинақталады. Көктемде 45-50 см-лік
қуатты қар қабаты баяу ериді, тамыр жүйесі әлі тоң қабатында жатқанда
күздік бидайдың жер үсті мүшелерінің тіршілік үрдісінің басталуын
тежейді. Бұл дегеніміз, күздік бидайдың көктемде қайталанатын
суықтардың теріс әсерінен құтылып кетуіне мүмкіндік береді.
Солтүстік Қазақстан жағдайында қышаның Неосыпающаяся 2
сорты жақсы ықтырма дақылы болып табылады. Оның маңызды
биологиялық ерекшелігі – ерте піседі, жақсы бұтақтанады, сабақтары
жапырылуға төзімді. Осыларға сәйкес оның өсімдіктері жаз ортасында
сепкенде жақсы дамиды да суық түскенше сабақтары діңденіп үлгереді.
10-20 – шілдеде себілген қыша ықтырмасы 15-20 – қазанға қарай 80-110
см биіктікке жетеді және қар қабатын жасауда желге қарсы жақсы
бөгесін болады. Оны желдің басым бағытына көлденең себеді.
Қыша ықтырмасын кезкелген құрғақшылықты жылы ойдағыдай
өсіруге болады. Ол үшін сүрі танабын СЗС-2,1 сепкіш-культиваторымен
топырақты 4-6 см-ден асырмай өңдейді. Сүрі танабын кезекті өңдегенде
қыша себіледі. Оны екі немесе төрт сепкішті СЗС-2,1 агрегатымен (МТЗ
немесе К-700 тракторларының бірімен) себеді: мұндай жағдайда
қышаны екінші және төртінші сепкіштердің алғашқы екі сошнигі себеді,
296
қалған сепкіш аппараттар жабылады нәтижесінде ықтырмалардың ара
қашықтығы 4,2 метрге тең болады. Себу жұмысын жеңілдету үшін
тұқым жәшігінде қалқа (аралық) жасалады немесе жүгері сепкішінің
жәшігін бекітеді. Сепкіш аппаратта ең төменгі (минималды) айналым
санын орнатады (сепкіш аппараттың білігіне 32 тісті жұлдызша
кигізіледі). Катушканың жұмысшы бөлігінің ұзындығы 3,0 мм
шамасында. Осы қалыптағы катушка әр гектарға есептегенде 1,0 кг
қыша тұқымын себеді. Қыша тұқымы топыраққа 4-5 см тереңдікке
сіңіріледі.
Бір есте ұстайтын жайт, қыша-майлы дақыл және тұқымының
өнгіштігі оның сақтау жағдайлары мен ұзақтығына тәуелді. Сондықтан
себу алдында тұқымның өнгіштігін тексеріп себуге жарамдылығын
анықтаған жөн.
Қыша ықтырмасын себуге бессепкішті агрегатты пайдалануға да
болады. Мұндай жағдайда қышаны екінші және бесінші сепкіштердің
алғашқы екі сошнигі себеді, ал ықтырмалардың ара қашықтықтары 4,2
және 6,3 метрден кезектесіп қалыптасады. Кейіннен ықтырма аралық
кеңістікті өңдегенде және күздікті сепкенде трактор кең жолақпен жүріп
отырады, қозғалыс бағыты мен тәсілі ықтырма сепкендегідей болуға
тиіс.
Ықтырма
аралығын
өңдегенде
және
күздікті
сепкенде
ықтырманың жарақаттанбауын қадағалау қажет, ол үшін сепкіш агрегат
жаппай қатардағы себу тәсіліндегі реттеу жұмыстарын іске асырып,
себуді түзусызықты жүргізеді.
Қолайлы жағдайларда қышанаң егін көгі 5-8 тәулікте пайда
болады. Қыша жаппай көктегеннен кейін, ықтырма аралықтарындағы
арамшөптерді құрту үшін культивация жүргізіледі. Ықтырмалы сүрі
танабын өңдеуде ықтырма сепкен агрегатттар пайдаланылады, бірақ
біршама
конструкциялық
өзгеріс
жасалады:сепкіштен
қыша
ықтырмасын сепкен сошник катогімен бірге ағытылады, көрші
сошниктерге оң және сол жағынан табанның орнына регіш (наральник)
орнатады немесе ықтырма жақтан келетін табанды кесіп тастайды;
қосымша сошниктердің тірегіштерін (стойкасын) 10-12 см оңға және
солға жылжытуға болады, бұл танапты өңдегенде және себу жұмысын
жүргізгенде ықтырманың жарақаттанбауын қамтамасыз етеді; Бұл
жұмыстарды орындауға басты талап – 4-6 см тереңдікті сақтау.
Қыша өсімдіктерін зиянкестерден қорғаудың өте қажет кезеңі -
өнуінен жапырақ розеткаларының пайда болу аралығы. Ең тиімді күрес
шараларының бірі себуге дейін қыша тұқымын улы химикатпен өңдеу
болып табылады. Осы мақсатпен 1 т қыша тұқымы 2 кг Тигам
инсектицидінің 10-15 л судағы ерітіндісімен өңделеді. Жабыстырғыш
ретінде Na KMЦ қолданылады. Осындай өңдеуден кейін өсімдіктер екі
апта бойы зиянкестерден сенімді қорғалады да ширығып үлгереді.
Алайда ықтырма өсімдігін жарақаттайтын қырыққабат көбелегі мен
бүргелердің пәрменді байқалуында оларға қарсы Суми-альфа, 5 % к.ә.
297
(0,2 кг/га) препаратымен егістік бүркіледі. Ылғалды жазда қыша тез
өседі де зиянкестер қыша ықтырмасына айтарлықтай зиян келтіре
алмайды.
Оңтүстік облыстарда алғы дақылды жинаумен бір мезгілде немесе
оны жинап алысымен танапты сыдыра жыртқыштармен өңдейді:
азжылдық арамшөптер болса 5-7 см, тамыр өркенді және
тамырсабақтыларды 10-12 см топырақ тереңдігіне. Екінші жағдайда
қайта сыдыра өңдеу жақсы нәтижеге қол жеткізеді. Арамшөптер өсіп
шыққаннан кейін танапты 22-25 см тереңдікке терң қопсытқыштармен
немесе шолақ түренді соқамен өңдеуге(жыртуға) кіріседі.
Көктемде қара сүрі жерді ылғал жабу үшін тырмалайды, жаз бойы
бірнеше рет арам шөптерді жою үшін қопсыту жүргізеді. Бірінші қопсыту -
терең жасалынады, ал қалғандары алдыңғыларынан таяздау тереңдікке
жүргізіледі. Тұқым себералды қопсыту тұқым енгізу тереңдігіне
жасалынады.
Ерте сүрі жерге арналған танапқа көктемде сыдырту, сонан соң терең
жыртумен бірге тырмалау жүргізіледі. Таза ерте сүрі жерді күтіп-баптау
қара сүрі жердікіндей.
Таза сүрі жерлердің тиімділігі ықтырма сепкенде артады. Ықтырмалы
өсімдіктер - күнбағыс, жүгері, қышаларды күздіктерден 40-45 күн бұрын
егеді. Ықтырмалардың ара қашықтығы тұқымсепкіштің еніне байланысты.
Күнбағыс, жүгері ықтырма жолақтарындағы қатараралық -70, ал қышада 12
см болады.
Екпе сүрі жерге арналған танапты алғы дақылды орудан кейін қыс
түскенге дейін қара сүрі жер сияқты өңдейді. Ерте көктемде тырмалайды,
сонан соң қопсытады да сәйкес дақылды егеді. Көктем құрғақ болса, егістік
жерді таптауышпен нығыздайды. Отамалы дақылдардың қатараралықтарын
қопсытады және тыңайтқышпен үстеп қоректендіреді. Екпе сүрі жер
дақылын қысқа мерзімде ору керек.
Сүріге арналған жердің жаппай егілген дақылын орып болысымен
топырақты сыдыртады, сонан соң жырту қабатының толық тереңдігіне
жыртады да тырмалайды. Күздіктерді еккенге дейін арам шөптердің
қылтыйып көрінуіне қарай танапты қопсытумен бірге тырмалайды.
Арамшөптерден таза танаптарды жыртуды, 10-12 см терендікке дискілі
сыдыртқыш тырмалармен өндеуге ауыстыруға болады. Дискілі өңдеуден
кейін танапты тегістеу үшін 8-10 см терендікке КНС-4, КПЗ-3,8, КПШ-9
қопсытқыштарын пайдаланады.
Егер сүрі жер емес алғы дақылдарды жинағаннан кейін, күздік
дақылдарды себуге бір айдан көп уақыт қалатын болса, танапты дереу
сыдыртады, сонан соң жыртып тырмалайды, алғы дақылдарды
жинағаннан кейін күздіктерді егуге бір айдан аз уақыт қалатын жағдай
болса, онда құрғақ ауа райы мен арам шөптерден таза танаптарды терең
жыртудың орнына, 10-12 см сыдыртады да тырмалайды. Күздікті себер
алдында танапты тұқым себу тереңдігіне қопсытады.
298
Жел эрозиясы болатын аудандарда А.И.Бараевтың эрозияға қарсы
топырақ өңдеу жүйесі қолданылады. Түренсіз өңдеу үшін орылған
өсімдіктердің тамырын қиятын КПГ-250А, КПШ-9 жазық тілгішті
қопсытқыштар мен 8-30 см терендікке топырақты қопсытатын КПГ-2,2
уатқыш терең қопсытқышы, топырақты 5-10см дейін өңдейтін КШ-ЗА
штангалы қопсытқышы, топырақты қопсытатын БИГ-ЗА тырмасы
қолданылады. Себу СЗС-2,1 аңыздық түқым сепкішімен атқарылады. Ол
тұқым себумен бірге қопсытқыш табанымен арам шөптерді қияды және
себілген қатарды тығыздап өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |