Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет281/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   490
Байланысты:
index (15)

себу  мерзімі

  мол  өнім  алуда  ерекше  рөл 

атқарады.  Себу  мерзімін  анықтағанда  мынаны  ескеру  қажет:  қыстап 

шығуға  кеткенге  дейін  күздік  бидай  түптеніп  үлгеруге  тиіс,  басқаша 

айтқанда  күздік  бидай  күзгі  вегетациясы  тоқтағанға  дейін  55-60  тәулік 

бұрын себілуі керек (орташа тәуліктік температура 5

о

С-дан өткенше, ал 



бұл  көп  жылғы  деректер  бойынша  15-20  қазанға  сәйкес  келеді). 

Сондықтан  Солтүстік  Қазақстан  жағдайында  күздік  бидайдың  оңтайлы 

себу  мерзімі  –  20-25  тамыз  болып  табылады.  Қостанай  облыстық 

тәжірибе стансасының зерттеулерінде орта есеппен 5 жылда 20 тамызда 

себілген мөлдектерде күздік бидайдың астық өнімі 16,3 ц/га, немесе ерте 

және кешірек себілгендерден 1,6-4,8 ц/га жоғары болды. Күздік бидайды 




 

299 


ықтырма  бойымен  паялы  (СЗС-2,1  немесе  оның  модификацияларымен) 

немесе  дискілі  сепкіштермен  (СЗП-3,6)  себеді.  Соңғысымен  ықтырмаға 

көлденең себуге де болады. Мұндай жағдайда жылы, ашық ауа-райында 

қыша өсімдіктері дегдігендеу (подвялены) болады да ауылшаруашылық 

құралдарымен жанасқанда айтарлықтай сынбайды. 

  Өндіріске  прогрессивті  технологияларды,  күздік  бидайдың  жаңа 

сорттарын  енгізудің  тиімділігін  арттыру  мақсатында  А.Қ.Апушев  пен 

Г.Ә.Мырзабаеваның  жүргізген  зерттеулері  соңғы  10-15  жылдың  ішінде 

Қазақстанның  оңтүстік-шығыс  тау  бөктері  аймақтарында  климаттың 

айтарлықтай  жылуы  күздік  бидайды  себуді  қазан  айының  бірінші 

онкүндігінде жүргізу керектігін анықтады.  

Ауа  райы  жағдайына  байланысты  күздік  бидайды  елімізде  әртүрлі 

мерзімде  себеді:  Алматы  облысында  қыркүйектің  екінші  онкүндігінде, 

Қызылорда  облысының  оңтүстік  аудандарында  қыркүйектің  екінші-

үшінші  онкүндігі,  ал  Оңтүстік  Қазақстан  облысында  қазан  айының 

бірінші-екінші онкүндігінде. 

Күздік  бидайды  ерте  себу  қажет  емес,  себебі  бұл  жағдайда  ол  өсіп 

кетеді де зиянкестер және аурулардан көп зардап шегеді. Өте кеш мерзімде 

себілсе,  аязға  дейін  толық  түптеніп  және  жақсы  жетілген  тамыр  жүйесін 

кұрап  үлгере  алмай  қалады.  Екі  жағдайда  да  күздік  бидай  нашар  қыстайды 

және  үсікке  ұрынады.  Жақсы  түптену  (3-4  сабақ)  мен  тамырлану  үшін 

күздік  астықтарға  күзде  45-60  күн  ауаның  5°С-тан  жоғары  температурасы, 

немесе  аязға  дейінгі  тәуліктің  орташа  5°С  температурасының  жиынтығы 

550-580° құрау керек екендігі анықталған.  

Күздік бидай үшін қатар аралықтары 7,5 см болатын тар қатарлы егіс 

жақсы  болғанымен,  өндірісте  көп  таралған  себу  тәсілі  -  қатараралықтары 

15см кәдімгі жаппай қатардағы егіс. 

С  е  б  у    м  ө  л  ш  е  р  і.  Күн  сәулесін  және  ылғалды,  тыңайтқыштар 

мен  топырақтағы  қоректік  заттарды  тиімді  пайдалану  үшін    өсіп 

жетілген  өсімдік  сабақтары  жиілігінің  маңызы  зор.  Бұл  себу  мерзіміне, 

сорттың  биологиялық  ерекшеліктеріне,  топырақтың  құнарлығына, 

тыңайтқыштармен  тыңайтылуына,  алғы  дақылға  және  басқа  да 

жағдайларға байланысты.  

Қазақстанның 

Солтүстік 

өңірінің 

ғылыми 

мекемелерінің 

кепілдемелері  бойынша  топырақта  жақсы  ылғал  қоры  болғанда  күздік 

бидайды  5,0  млн/га,  ал  ол  жеткіліксіз  болғанда  –  4,0-4,5  млн/га  өнгіш 

тұқыммен (130-170 кг/га) сепкен жөн. 

А.Ш.  Хафизовтың  тұжырымы  бойынша  себу  мерзімдері  де  себу 

мөлшеріне  әсер  етеді.  Мысалы,  Алматы  облысы  жағдайында  оңтайлы 

мерзімде себілген Безостая 1 сортының жоғары өнімділік көрсеткіштері 

1  гектарға  6,0  өнгіш  тұқым  сепкенде  алынса,  ал  Днепровская  521 

сортының  жоғары  өнімділік  көрсеткіштері  1  гектарға  4,0  млн.  өнгіш 

тұқым  сепкенде  алынды.  Кеш  себілген  егістіктерде  ең  жоғары  өнім  әр 

гектарға сорттарға сәйкес 7,0 және 5,0 млн. дән сепкенде алынды. 




 

300 


Л.Л.  Дзевульская  мен  А.Р.  Избасаровтың  Іле  Алатау  бөктерінің 

тәлімі  жерлерінде  себу  мөлшерінің  күздік  бидай  астығының  өнімділігі 

мен  сапасына  әсерін  зерттеумен  байланысты  жүргізген  егіншілік 

тәжірибелері  тәлімі  жерлерде  өсірілетін  күздік  бидай  егістігіндегі 

өсімдіктер сабақтары жиілеген сайын жоғарғы өнім түзілетінін  көрсетті. 

Күздік  бидайды  гектарына  5,0  млн.  дән  мөлшерімен  сепкенде 

Днепровская  521  сортының  өнімділігі    3,1-5,5  центнерге,  ал  Безостая  1 

сортының өнімділігі 2,3-7,0 центнерге жоғарылады.   

Себу мөлшері ауа райы жағдайы, тұқым сапасы, сорт, топырақ қасиеті, 

себу  мерзімі  мен  тәсілдеріне  байланысты  қойылады.  Кеш  және  құрғақ 

топыраққа  егуде  тұқымның  егістік  өнгіштігі  төмендейтін  жағдайда,  оның 

себу мөлшерін көбейтеді. Құнарлы, ылғал жеткілікті топырақтар, жоғары 

агротехника,  тар  қатарлы  себу  тәсілі  мен  суармалы  жерлерде  де  себу 

мөлшерін  (10-12%)  көбейтеді.  Құнары  төмен  топырақты  жерлерде  себу 

мөлшерін азайтады. 

Күздік  бидайдың  егін  көгі  мен  оның  күзде  даму  деңгейіне 

тұқымның сіңіру тереңдігі көп әсер етеді. Ол түптену түйінінің орналасу 

ерекшелігін  өзгертеді:  түптену  түйіні  неғұрлым  тереңірек  болса, 

солғұрлым  қыста  опат  болу  қаупі  азаяды.  Қазақстанда  күздік  бидай 

өсіретін  аудандарда  тұқымды  топырақтың  ылғалды  қабатына  (5-7  см) 

сіңіру қажет. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет