Тұқымды себуге дайындау және себу жұмыстары
.
Жоғары
сапалы тұқым күздік бидайдан мол өнім алудың маңызды шарты. Осы
себепті себуге бірінші класты себу сапасына жеткізілген өткен жылғы
өнімнен дайындалған күздік бидай тұқымы пайдаланылады. Өйткені
жаңа жиналған астық тұқымдары себуге дейін қалған аз уақытта егін
жинағаннан кейінгі пісіп-жетілу кезеңін – тыныштық күйін - өтіп
үлгермейді, нәтижесінде олардың лабораториялық өнгіштігі 70-80 %-дан
аспайды. Олар кондициялық өнгштікке 20-30 тәуліктен соң жетеді. Жаңа
жиналған астықтан дайындалған тұқым кеш көктейді, танаптық өнгіштік
төмен және егістік сирек болады, ал бұл астық өнімін төмендетеді. өткен
жылғы өнімнің тұқымдары тез және жаппай көктейді, өсімдіктер жақсы
түптенеді, қыстайды және айтарлықтай мол қосымша өнім береді
(ғылыми мекемелер деректеріне қарағанда 3,0 ц/га және одан жоғары).
Бұл шаруашылықтарда күздік бидай тұқымының ауыспалы қоры
керектігін дәлелдейді.
Кондициялы тұқымды құрғақ ауада қыздырады, ал бұл агрошара
өну энергиясы мен танаптық өнгіштікті арттырады.
Ауру қоздырғыштардан қорғау үшін пестицидтермен жартылай
құрғақ тәсілмен күздік бидай тұқымын жаздық бидайға ұқсас дәрілейді.
Күздік бидай тұқымын себуге дайындаудың бір шарасы –
тұқымды 60%-дық Тур немесе Кампозан препаратымен өңдеу. Ондай
тұқымнан дамыған өсімдіктердің түптену түйіні топырақта тереңірек
түзіледі. Құбылмалы температурадан аз зардап шегеді, өсімдіктер
құрғақшылыққа және жапырылуға төзімдірек. 1 т тұқымға 5 л Тур
немесе 6л Кампозан препараты жұмсалады.
Күздік бидайдың
Достарыңызбен бөлісу: |