Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет282/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   490
Байланысты:
index (15)

Егістікті  күтіп-баптау.

  Өсімдіктердің  өсуі  мен  дамуы,  вегетация 

кезеңінде және қыстап шығу үрдісінде  олардың сақталуы  көп жағдайда 

себуден егін жинағанға дейінгі оларға жасалған күтімге байланысты. Ол 

күзгі,  қысқы,  көктемгі  және  жазғы  күтіп-баптау  жұмыстарын 

қарастырады. 

 

Күзгі күтім

 себу тәсілі мен сепкіштердің маркасына байланыссыз 

топырақты  тығыздаудан  басталады.  Мұның  себебі  кей  жағдайда  егін 

көгінің  дер  кезінде  және  жаппай  пайда  болуына  кедергі  жасайтын 

факторға  топырақтың  беткі  қабатындағы  сіңімді  ылғал  қорының 

жетімсіздігі  жатады.  Сондықтан  себуден  кейін  жүргізілген  топырақты 

тығыздаудың  әсерінен  топырақ  бөліктерімен  тұқым  арасындағы  түйісу 

жақсарады  және  төменгі  топырақ  қабатындағы  ылғалдың  капиллярлық 

көтерілуі  күшейеді.  Солтүстік  Қазақстанда  топырақты  тығыздау  күздік 

бидайды сеуіп болысымен      ЗККШ-6А катогімен  қосымша жүк салып 

жүргізеді.  Бұл  агротехникалық  шараны  іске  асырғанда  ықтырманың 

жарақаттанбауы ескеріледі. Күзде ұзақ уақыт бойы, тіпті қараша айының 

соңына  дейін  қар  жаумауы  мүмкін.  Мұндай  жағдайда  егістік  күздігүні 

жер  бетіне  шашқыш  машиналармен  (1  РМГ-4,  РУМ-3,  дискілі 

сепкіштер)  минералды  тыңайтқыштармен  (азот,  фосфор)  үстеп 

қоректендіріледі, есесіне бұл  жұмыс көктемде жүргізілмейді  және ылғи 

оған мүмкіндік те бола бермейді.  

Түптену кезеңінде ақ  зеңмен күресу үшін егісті фундазолмен (0,3-0,6 

кг/га  препаратты  300  л  суда  ерітеді)  өңдейді.  Көптеген  ауруларға  қарсы 

кешенді  тиімділігімен  Альто  400  к.с.-ципроконазол  (0,1-0,2  кг/га), 



 

301 


Байлетон,  25%  ы.ұ.  (0,5-1,0  кг/га),  Тилт,25%  э.к.  (0,5-1,0  кг/га) 

препараттары қолданыста жоғары көрсеткіш көрсетіп жүр. 

Егер  күздік  бидай  жылы  күздің  ұзақтығынан  шамадан  тыс  өсіп 

кететіндей  жағдайлар  болатын  болса,  онда  оның  егісін  түптену  кезеңінде 

өсімдік  өсуін  тежеуіш  (ингибитор)  -  М  кампозанмен  (3-4  л/га),  немесе 

турмен  (6  л/га)  бүркіп  өңдейді.  Егісті  ретарданттармен  өңдегеннен  кейін 

жапырақтың  биіктеп  өсуі  тежеледі,  өсімдіктің  түптенуі  мен  негізгі  тамыр 

жүйесінің қалыптасуы күшейеді. 



Қысқы  күтім

  ықтырмасы  сирек,  немесе  әлсіз  дамыған  танаптарда 

қар  тоқтату  жұмысын  қарастырады.  Ол  үшін  биіктігі  10-13  см  шана 

танабы  орнатылған  қар  тоқтатқыштармен  қар  жалдары  жасалады. 

Алайда, бұл агротехникалық шараны өте мұқият жүргізу қажет, өйткені 

өсімдіктер беті жалаңаштанып қалмауы тиіс. Дегенмен, қар тоқтатудың 

ең сенімді тәсілі – сүрі танабында жақсы ықтырма қалыптастыру болып 

табылады.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет