Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ


Күздік  бидайды  суармалы  жағдайда  өсіру  технологиясының



Pdf көрінісі
бет284/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   490
Байланысты:
index (15)

Күздік  бидайды  суармалы  жағдайда  өсіру  технологиясының 

ерекшеліктері. 

Ылғал  жетіспейтін  оңтүстік  аймақтарда  күздік  бидай 

өнімін  арттыру  үшін  -  суару  бірден-бір  тиімді  агротехникалық  шара. 

Күздік  бидай  егістіктері  орналасқан  Оңтүстік-шығыс  аймақтарда  себу 

алдындағы  топырақ  ылғалдылығы  төмен  болғандықтан  тұқымның 

бөртіп,  көктеп  шығуын  қиындатады.  Ондай  егістіктерден  жоғары  өнім 

алу мүмкін емес. 

Суарылмалы  егістіктерде  күздік  бидай  тұқымдары  сепкеннен  8-10 

күннен  кейін  көктеп  шығады  және  күзде  тамырлары  120-140  см 

тереңдікке бойлап өсуіне жағдай қалыптасады. 

Күздік  бидайдың  суармалы  егістікте  қарқынды  өсіп-дамуы 

нәтижесінде  өсімдіктердің  қоректік  заттарды  сіңіру  қабілеті  де 

жоғарылайды.  Күзден  бастап  фосфор  және  калиймен  қажетті  деңгейде 

қамтамасыз 

етілген 

егістіктерде 

өсімдіктердің 

жатып 


қалу, 

зиянкестермен  зақымдану  және  ауруларға  шалдығу  қаупі  төмендейді. 

Суармалы егістіктерде азот пайдалану деңгейі де артады.  

Қазақстанда  суармалы  егістіктерде  ең  жоғары  өнімді  Жамбыл 

облысы  жағдайында  алынғандығы  туралы  көптеген  деректер  бар. 

Мысалы,  Мерке  ауданында  Социалистік  еңбек  ері  Р.Шанбаев  170 

гектардан  орта  есеппен  7,0  т  астық  орған.  Осы  облыстың  сортсынау 

учаскелерінде гектарынан Безостая 1 сорты 8,56-8,69  т, ал Днепровская 

521сорты 9,43 т өнім алуды қамтамасыз еткен. Мұндай деректер Алматы 

облысы шаруашылықтарында да көптеп бар. 

Ғылыми-зерттеу  мекемелерінің  деректеріне  сәйкес  суармалы 

жағдайда  күздік  бидай  үшін  ең  қолайлы  алғы  дақыл  жоңышқаның 

қыртысы  және  аударған  қыртысы,  бұршақ  дәнді  дақылдар  (ас  бұршағы), 

сүрлемдік  жүгері,  ерте  пісетін  көкөністер  және  қант  қызылшасы.  Қазақ 

егіншілік  және  өсімдік  шаруашылығы  ғылыми-зерттеу  институтының 

деректері  бойынша  4  жыл  ішінде  жоңышқаның  қыртысына  себілген 

бидайдан  орта  есеппен  гектарынан    4,83  т  өнім  алынды,  ал  ас  бұршағы  - 

4,63,  қант  қызылшасы  -  4,49,  сүрлемдік  жүгері  -  3,9  т  өнім  алуды 

қамтамасыз  етті.  Қайта  себілген  күздік  бидай  өнімділігін  2,96  га/т  дейін, 

астыққа өсірілген жүгеріден кейін 3,49 т/га дейін төмендетті.  

Суармалы  жағдайда  күздік  бидайды  қайталап  себу  егістіктің 

арамшөптермен 

ластануын, 

аурулармен 

залалдануын 

және 


зиянкестермен  зақымдануын  күшейтеді,  сондықтан  өсімдік  қорғау 

шараларына көп көңіл бөлінуі қажет. 




 

303 


Күздік  бидай  өсірілетін  суармалы  жерлерде  бағдарламаланған 

астық  өнімін  қамтамасыз  етудің  мүмкіндігі  зор.  Осыған  байланысты  

«күздік  бидайдың  тәлімі  жерлерде  өсіру  технологиясы»  бөлімінде 

келтірілген  тыңайтқыш  қолдану  жөніндегі  деректерді  тыңғылықты 

ескереген жөн. 

Күздік бидай себілетін суармалы жерлерде өңдеу жүйесі мен тәлімі 

жерлерді  өңдеу  жүйесінде  айтарлықтай  айырмашылық  жоқ,  мұнда  да 

өсімдік  қорғау  және  топырақты  су  эрозиясынан  сақтау  шараларына 

көңіл бөлінуі керек.  

Күздік бидайды суару  жүйесі 1 рет күздегі дымқылдық және 1 ден 

3-ке  дейін  вегетация  кезіндегі  суарудан  тұрады.  Әртүрлі  аймақтарда 

дымқылдық  суару  мөлшері  гектарына  1000-1800  м

3

.  Қуаңшылық 



жағдайда  себу  алды  суару  пайдаланылады,  оның  мөлшері  гектарына 

500-800  м

3

  аралығында.  Вегетация  кезеңінде  түсетін  жауын-шашын 



мөлшері  250  мм  шамасында  болса,  дымқылдық  суару  мөлшері  1200-

1300 кейде 1500 м

3

-ге дейін арттырылады. 



Қазақ  егіншілік  және  өсімдік  шаруашылығы  ғылыми-зерттеу 

институты  ғалымдарының  деректері  бойынша  Алматы  және  Жамбыл 

облыстарында  1  дымқылдық,  1-3  вегетациялық  суару  жүйесін 

қолданғанда күздік бидай жоғары өнім түзеді. Вегетация кезеңінде 400-

420  мм  жауын-шашын  түссе  800-900  м

3

  мөлшерінде  1  вегетациялық 



суғару  жеткілікті,  ал  жауын-шашын  мөлшері  300-350  мм  болған 

қуаңшылық  жылдары  600-750  м

3

  мөлшерінде  2-3  вегетациялық  суару 



жүргізіледі. 

Дымқылдық суаруды  топырақ  негізгі  өңделгеннен  (жыртылғаннан) 

кейін,  вегетациялық  суаруларды  топырақ  ылғалдылығы  ең  төменгі 

ылғал сыйымдылығынан 80%-ға дейін түскенде жүргізген тиімді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет