Жапырақтары
– ланцетті, бидаймен салыстырғанда ендірек.
Гүл шоғыры
– күрделі масақ, ақшыл-сары, масақ білігі мен
масақшалар бекитін тұғырдан құралған. Масақ білігінің тұғырлары
қысқа, түкті келген, сопақ, сатылы орналасқан. Әрбір тұғырда бір бірден
масақша орналасқан, ал қос гүлді, үшіншісінің сілемдері анық
байқалады. Гүл қауыздары бес жүйкелі және бір-екі килі болады.
Масақта 30-40 масақшалар дамиды.
Жемісі
– жіңішке ұзынша келген немесе сопақша келген дән,
жасыл, сары, сұр және басқа түсті, 1000 санының массасы – 18-25 г.
Қара бидай – айқас тозаңданатын өсімдік (желмен немесе бір бөлігі
жәндіктермен).
Достарыңызбен бөлісу: |