Морфологиялық ерекшеліктері
.
Қара бидай қоңырбастар (Poaceae)
тұқымдасына және Secale туыстығына жатады да 12 түрді біріктіреді.
Дақылда негізінен күздік қара бидай өсіріледі, ал жаздық қара бидай –
төмен өнімді, Қазақстанда мүлде өсірілмейді десе де болады (Сурет 22).
Тамыр жүйесі
. Күздік қара бидайдың тамыр жүйесі қуатты
дамыған, шашақты, ұрықтық және түйін тамырлардан тұрады,
топыраққа 1,0-1,5м дейін бойлайды, алайда негізгі массасы топырақтың
беткі қабатында шоғырланады. Күздік қара бидайдың тұқымдары
көбінесе 3-4 ұрықтық тамырмен өнеді, олар өсімдіктер тіршілігінің
алғашқы кезеңдерінде қоректенуде өте үлкен рөл атқарады. Негізгі
өркеннің төменгі түйінінен түйін (екіншілік) тамырлар тарайды,
олардың даму деңгейі топырақ-климат ерекшеліктері мен өсіру
жағдайларына байланысты өзгереді.
Сурет 22. Қара бидай. 1, 2 - өну және масақтану кезеңіндегі өсімдік; 3 - масақ;
4 -масақша; 5 - дән; 6 - өсімдік сабағы мен жапырағының қосылған жері; 7, 8, 9, 10 -
өскін, масақ, масақша және тритикале дәні.
305
Сабағы
– сабан, іші қуыс, биіктігі 0,6-1,8 м дейін және
буынаралығы төрттен жетіге дейін, оның жапырылуы сабақтың биіктігі,
төменгі буынаралығының ұзындығы мен жуандығына қарай өзгереді.
Достарыңызбен бөлісу: |