Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет294/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   490
Байланысты:
index (15)

Себу  мерзімі

.

  Күздік  қара  бидайдың  себу  мерзімі  күздік  бидайға 

қарағанда  ұзақ  болғанымен,  дер  кезінде  себілгенде  ол  жоғары  өнім 

түзеді. Көптеген зерттеулер нәтижесіне қарағанда қолайлы  себу мерзімі 

-  тәуліктің  орташа  температурасы  10°С-қа  жеткен  кезең  болып 

есептеледі. Күзде күздік қара бидай 45-50 тәулік ішінде 420±60°С белсенді 

температуралар  жиынтығын  қабылдап,  3-4  сабақ  түзіп  қысқа  кеткен 

жағдайда оның қыстың қолайсыз жағдайларына төзімділігі артып, келесі 

жылы жоғары өнім түзеді. 

Ақмола  облысының  күңгірт-қоңыр  топырақтарында  2001-2003 

жылдары  С.  Сейфуллин  атындағы  ҚазАТУ-нің  өсімдік  шаруашылығы 

кафедрасының  жүргізген  зерттеулерінде  себу  мерзіміне  байланысты 

күздік  қара  бидайдың  астық  өнімі  мынадай  болды:  ерте  себілген 



 

309 


егістікте  (10-15  тамыз)  –  8,3  ц/га,  орташа  мерзімде  себілгенде  (20-25 

тамыз)-  12,0  ц/га,  ал  кеш  егістікте  –  11,1  ц/га.  Осы  деректерге  сүйене 

отырып,  Солтүстік  Қазақстан  өңірінде  күздік  қара  бидайдың  астыққа 

өсіргендегі оңтайлы себу мерзімі – 20-25 тамыз деп есептеуге болады. 

Қазақстанда  күздік  қара  бидайдың  кең  тараған  себу  тәсілі-  жаппай 

қатардағы тәсіл, тар қатарлап себуге де болады. 

Озық  өсіру  технологияларының  маңызды  элементтерінің  бірі  – 

оңтайлы  қоректену  алаңын  таңдап  алу.  Ал  ол  сорттың  биологиялық 

ерекшеліктерін,  нақты  өсірілетін  өңірдің  топырақ-климат  және  өсіру 

жағдайларын  ескере  отырып  тиісті  себу  мөлшері,  әрі  себу  тәсілдерімен 

белгіленеді. 

Себу  мөлшері

.  Себу  мөлшері  топырақ-климат  жағдайларына  қарай 

гектарына 3,0-3,5  мен 5,0-7,0 млн өнгіш дән себу аралығында өзгереді. 

Ылғалмен  қамтамасыз  етілген  аймақтарда  себу  мөлшері  жоғарылайды, 

ал қуаңшылық аймақтарда азаяды. Қазақстанның әртүрлі аймақтарында 

3,5-4,0 тен 6,0-6,5 млн өнгіш дән себу мөлшері қолданылып жүр. 

Жоғарыда  аталған  жоғары  оқу  орнының  ғалымдарының  ғылыми 

деректері  бойынша  (Қ.М.  Мұсынов,  2007),  күздік  қара  бидайдың  астық 

өнімі  себу  мөлшері  мен  тыңайтқыш  аясына  байланысты  өзгерді.  Атап 

айтқанда,  себу  мөлшерін  3,0-тан  4,5-млн/га  өнгіш  тұқымға  дейін 

жоғарылатқанда өнімнің арту (13,5 ц/га-дан 15,4 ц/га дейін) тенденциясы 

байқалды,  ал  бұл  күздік  қара  бидай  үшін  Солтүстік  Қазақстан  құрғақ-

дала  аймағында  (жаппай  қатардағы  себу  тәсілінде)  бұрын  ұсынылған 

себу мөлшеріне (3-4 млн/га өнгіш тұқым) сәйкес келеді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет