Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет293/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   490
Байланысты:
index (15)

 

етеді. 


Топырақ  өңдеу

Топырақты  дайындау  шамамен  күздік  бидайға 

ұқсас.  Күздік  қара  бидай  екпе  сүрі  алғы  дақылынан  кейін  себілгенде 

оның  күздік  бидайдың  топырақ  өңдеу  жүйесінен  еш  айырмашылығы 

жоқ. 

Күздік  қара  бидай  картоп  және  басқа  отамалы  дақылдардан  кейін 



себілетін  болса  жер  жыртудың  орнына,  бірге  тырмалаумен  8-10  см-ге 

сыдыра қопсытылады.  




 

308 


Себу алдында топырақты себу тереңдігіне РВК-3,6, ВИП-5,6 немесе 

басқа агрегаттармен культивациялайды. 



Тұқымды  себуге  дайындау

Себуге  жақсы  тазаланған,  егістік 

кондициясы  I-II  классқа  жататын  тұқым  пайдаланылады.  Қазақстанда 

тұқымды  себу  алдында  ауруларға  қарсы  өңдеуге  80%  ТМТД  (1,5-2,0 

кг/т),  Винцит,  5%  к.с.  (1,5  л(кг)/т),  Дивиденд,  030  к.с.  (2,5  л(кг)/т), 

Фундазол  50%  с.п.  (2,0-3,0  л(кг)/т)  препараттарының  бірін  қолдануға 

рұқсат  етілген,  өңдеу  ПС-10,  ПСШ-5,  «Мобитокс»  машиналарымен 

жүргізіледі. 

Себуге  өткен  жылғы  өнімнен  алынған  тұқымды  пайдалану  керек, 

өйткені  күздік  қара  бидай  тұқымының  піскеннен  кейінгі  физиологиялық 

жетілу  кезеңі  күздік  бидайдікіне  қарағанда  біраз  ұзақ.  К.А.Тимирязев 

атындағы  а.-ш.  академиясы  ғалымдарының  деректері  бойынша 

бастырғаннан  кейін  бірден  себілген  тұқымның  өнгіштігі  38%,  бір 

жұмадан  кейін  69%,  екі  жұмадан  кейін  74,  үш  жұмадан  кейін  89%,  бір 

айдан кейін 96% болған. 

Жаңа  бастырылған  тұқымды  себуге  мәжбүр  болған  жағдайда  3-5 

күн  күн  көзінде  қыздырған  жақсы  нәтиже  береді  немесе  тұқым 

кептіретін  қондырғыларда  45-50°С  температурада  белсенді  вентиляция 

жасау  арқылы  тұқымның  ылғалдылығын  14-15%-ға  дейін  төмендету 

керек. 


Өте  ерте  себілген  күздік  қара  бидай  егістігі  швед  және  гессен 

шыбындарымен  жарақаттанады.  Төменгі  температураларға  төзімділігін 

жоғалтады.  Тым  өсіп  кеткен  өсімдіктері,  нәзік  үлкен  вегетативтік 

массасының  әсерінен,  ақұнтақ  (мучнистая  роса)  ауруымен  залалданады 

да  кейіннен  ақ  зең  (снежная  плесень)  ауруынан  зардап  шегеді.  Мұндай 

егістіктер  күз  құрғақ  болғанда  топырақты  кептіріп  жібереді.  Өте  кеш 

пісетін  егістіктер  түптеніп  үлгермейді.  Және  өсімдіктері  қорғаныштық 

қорлық  заттарды  жинақтай  алмайды,  нәтижесінде  күздік  қара  бидай 

нашар  қыстайды.  Көктемде  нашар  түптенетіндіктен  күздік  қара 

бидайдың кеш себілген егістіктері селдір өседі, 5-7 тәулік кешігіп піседі, 

өнімі  төмендейді,  әрі  астық    ысырабы  артады  және  күзгі  жұмыстар 

созылып кетеді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет