Өсіру технологиясындағы ерекшеліктер
.
Ауыспалы егістіктегі
орны.
Тритикале алғы дақылдарға жоғары талап қоймайды. Ол үшін таза
сүрі жер, ерте пісетін картоп, дұршақ дәнді дақылдар, бір жылдық
шөптер жақсы алғы дақыл болып есептеледі. Тамыр шірігімен көп
залалданбайтындықтан оны астық дақылдарынан кейінгі танаптарға да
себуге болады. Тритикале басқа дақылдар үшін жақсы алғы дақыл.
Тыңайтқыш қолдану.
1 ц астық және соған сәйкес сабан түзу үшін
тритикалеге 4-5 кг азот, 1,3-1,6 кг фосфор, 3,6-4,0 кг калий қажет.
Қоректік элементтерді тритикале өсімдігі сабақтану және дәннің
қалыптасуы мен толысуы кезеңінде барынша қажетсінеді.
Тыңайтқыш қолдану мөлшері топырақтың құнарлығына, ылғалмен
қамтамасыз етілу, жоспарланған өнім деңгейіне ж.б. байланысты
өзгереді.
Қазақстанда негізгі тыңайтқыш ретінде 10-15 т органикалық және
N
45-60
, P
60-65
, K
45-60
кг деңгейінде минералдық тыңайтқыштар беріледі.
Жоғары өнім алу үшін себумен бірге (Р
15-20
кг/га) тыңайтқыш беру және
азотпен (30-40 кг/га) үстепе қоректендіру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |