Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ


Ботаникалық  және  биологиялық  ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет300/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   490
Байланысты:
index (15)

Ботаникалық  және  биологиялық  ерекшеліктері.

 

Тритикале  – 

ботаникалық  тегі  екі  түрлі  -  бидай  мен  қара  бидай  өсімдіктері 

хромосомалары  кешенін  біріктірудің  нәтижесінде  синтезделген 

ауылшаруашылық дақылы. Дақылдың атауы да, ата-анасының латынша 

атаулары бөлігінің қосындысы Triticum (бидай, пшеница) + Sekale (қара 

бидай, рожь) – Triticale (тритикале). 

Тритикале – бидай+қара бидай буданы – амфидиплоидтар қатарына 

жатады. 

Жоғарыда  аталған  ғалымдар  тритикалені  қолдан  будандастырып 

алған  болатын  болса,  1918  жылы  Саратов  ауылшаруашылық  тәжірибе 

стансасында  Мейстер  Г.К.,  1925  жылы  Белоцерковь  селекциялық 

тәжірибе  стансасында  В.Н.Лебедев  бидай  мен  қара  бидайдың  табиғи 

будандарын тапқан. 

 56-хромосомдық  октаплоидтық  тритикалені  В.Е.  Писарев  күздік 

жұмсақ  бидайды  қара  бидаймен  және  жаздық  жұмсақ  бидайды  қара 

бидаймен будандастырудың нәтижесінде алды.  

Алғашқылардың  бірі  болып  гексаплоидтық  42-хромосомдық 

тритикалені  1933  қатты  бидайды  қара  бидаймен  будандастыру  арқылы 

алған А.И.Державин. 

Шаруашылықта  пайдалану  үшін  октаплоидтарға  қарағанда 

гексаплоидтық  тритикалелер  тиімді,  өйткені  олардың  масағының 

дәнділігі, өнімділігі, дәнінің құрамындағы ақуыз мөлшері жоғары. 

Қазақстанда  күздік  тритикаленің  бір  ғана  Таза  сорты  Алматы, 

Жамбыл,  Оңтүстік  Қазақстан  облыстарында  өсіруге  рұқсат  етілген. 

Сорттың  оригинаторы  -  Қазақ  егіншілік  және  өсімдік  шаруашылығы 

ғылыми-зерттеу институты. 

Б  и  о  л  о  г  и  я  л  ы  қ  ерекшеліктері.  Тритикале  дәнінің  өнуіне 

оңтайлы  температура  -  20

о

С,  бірақ  5-20



о

С  температура  аралығында  өне 

береді.  Сепкеннен  5-7  күннен  кейін  көктей  бастайды.  Тритикале 

түптенуін  күзде  бастап  көктемде  жалғастырады,  жалпы  түптену 

дәрежесі  3-6,  түптену  түйнегінің  деңгейінде  18-20

о

С  температура 



қауіпті.  Күздік  бидайға  қарағанда  төменгі  температураларға  тритикале 

төзімді. 

Тритикале  өздігінен  тозаңданатын  өсімдік,  бірақ  айқас  тозаңдануы 

да мүмкін. Вегетациялық кезеңі - 250-325 күн, күздік бидайдан 3-5 күнге 

кеш піседі. 

Бөртіп-өну  үшін тритикале  құрғақ  тұқымының  массасынан  50-60% 

су  қажет,  оның  жақсы  өсіп-дамуы  және  жоғары  өнім  түзуі  үшін 

топырақтың  ылғалдылығы  ең  төменгі  ылғал  сыйымдылығынан  65-75% 

болуы  қолайлы.  Сабақтану  және  дәннің  қалыптасуы  мен  толысуы 

кезеңінде тритикале ылғалды ең көп қажет етеді. 




 

314 


Басқа  күздік  астық  дақылдарына  қарағанда  тритикале  топырақ 

талғамайды күлгін, сұр, құмдауыт, сазды топырақтарда өсе береді, қара 

топырақты жерлерде жоғары өнім түзеді. Оған бейтарап, аздап қышқыл 

(pH 5,5-7,0) топырақ реакциясы қолайлы. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет