Сорттары
.
Қазақстанда күздік арпаның мынадай сорттары өсіруге
рұқсат етілген: Береке 54 (Параллелум), Роман (Паллидум), Росава
(Паллидум), Циклон (Параллелюм) және Южноказахстанский 43 (Нутанс).
Өсіру технологиясының ерекшеліктері.
Ауыспалы егісте әртүрлі
алғы дакылдан кейін себіледі, бірақ ең жаксы алғы дақылдары - таза сүрі
танабы, сондай-ақ жүгеріден, күнбағыстан, дәнді бұршақ дақылдарынан,
күздік бидайдан кейін де себіледі.
Күздік арпа тыңайтқышқа өте жоғары талап қояды. Себу
кезінде суперфосфатты (Р
10
) енгізу өсімдіктің шынығуына және жақсы
кыстап шығуына ықпал жасайды. Аязға ең жоғары төзімділік
тыңайтқыш (Р
40-50
, К
40-50
) енгізгенде байқалады. Аммиак селитрасымен
(N
50
) ертерек үстеп қоректендіргенде өнімділік 10-15% артады.
Күздік арпа үшін астық дақылдарынан кейін топырақты өңдеу
сыдыра жыртқышты колданудан басталады, соңынан жырту қабатының
мүмкін тереңдігіне жыртып, іле-шала тырма жіберіледі. Себу алдында
культивация жүргізіледі. Күздік арпаны жақсы күтіп-бапталынған
отамалы дақылдардан кейін сепкенде, танап кеш босайтындықтан,
жырту культивациямен немесе сыдыра жыртқышпен алмастырылады
және тырма жіберіледі. Егер егістік арамшөптермен қатты ластанған
және тығыздалған болса, отамалы дақылдардан кейін жыртады және
тырма қолданады.
Себілетін тұқымды мұқият тазартып, егістік сапасының І-ІІ -
класына сәйкестендіреді. Оларды себу алдында қатты күйеге қарсы
дымқыл немесе құрғақ тәсілмен дәрілейді.
Қазақстанның, оңтүстігі үшін ең қолайлы себу мерзімі -
қыркүйектін 20-жұлдызымен қазан айының 10-шы жұлдызының арасы.
Бұдан кеш себу, әлсіз түптену мен өсімдіктің нашар қыстауының
нәтижесінде өнімді кемітеді. Күздік арпаны тар қатарлап және
тоғыспалы тәсілмен себеді. Тар қатарлап себу ең жоғары нәтиже береді.
Тұқымның сіңіру тереңдігі - 4-6 см.
Суармалы аудандарда әр гектарға 140-160 кг немесе 3,5-4,0 млн
өнгіш тұқым, ал тәлімі жерлерде тиісінше - 100-120 кг немесе 2,5-3,0
млн өнгіш тұқым себеді. Себу мерзімі кешеуілдегенде тұқымның себу
мөлшерін 10-15%-ға көтереді. Арпаның тығыз себілген егістігі жақсы
қыстап шығады.
Күздік арпаның қыстың қолайсыз жағдайларына төзімділігі нашар,
сондықтан оның егістігіне қар тоқтатқан дұрыс. Ол кақ суға
шыдамайтындықтан, оны тезірек аластатуды қарастырған жөн.
Қазақстанның оңтүстігінің құрғақ аудандарында қар суын жинаудың
маңызы өте зор. Ерте көктемде арпа егістігін орта есеппен әр гектарына
35-45
кг ә.е.з. келетіндей етіп азот тыңайтқышымен үстеп
қореқтендіреді. Топырақ қабыршағын бұзу, егістіктерден өсімдіктің өлі
қалдықтарын тазарту және егістікті көлденең немесе қиғаштап тырмалау
312
қалған өсімдіктердің өсіп-дамуына қолайлы жағдай жасайды. Күтімнің
басқа жұмыстары арамшөптермен күресуге бағытталады. Егістікті
түптену кезеңінде 0,6-1,0 кг/га ә.б.з. бойынша 2,4-Д тобының амин
тұзымен немесе басқа осы заманғы гербицидтердің бірімен өңдейді.
Күздік арпа күздік қара бидайдан және күздік бидайдан да ертерек
және біркелкі піседі. Қазақстанның оңтүстігі жағдайында күздік арпаны
комбайнмен тікелей орып бастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |