Биологиялық ерекшеліктері
.
Күздік арпа күздік бидаймен, әсіресе
күздік кара бидаймен салыстырғанда қысқа төзімсіз. Ол үшін -І2°С-тан
төмен аяздар қауіпті. Күздік бидайға қарағанда ол ерте көктемгі
қолайсыз жағдайлардан көбірек зардап шегеді.
Көктемгі жылы кездер басталысымен күздік арпа жедел өсе
бастайды. Өсу-даму кезеңі жаздық арпадан 12-16 күнге, күздік бидайдан
6-9 күндей қыскарақ. Топыраққа қажетсінуі күздік бидайға ұқсас.
Күздік арпаның қазіргі өсірілетін сорттарының қыс пен суыққа
төзімділігі күздік бидай мен қарабидайдан төмен болғандықтан, олар қысы
жұмсақ аймақтарда ғана себіледі.
Топырақ құнарлығы мен алғы дақылдарға қоятын талаптары бойынша,
күздік арпа күздік бидайға жақын. Ол топырақтағы күздік-қыстық ылғал
311
қорын жақсы пайдалануының арқасында жаздық арпадан құрғақшылыққа
төзімдірек.
Достарыңызбен бөлісу: |